Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами»

Бұйрық · № 315 · қабылданған 25.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2020-no-334-ekb-185654/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами» Қолданыста Бұйрық ·№ 315 ·25.08.2023
25.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами»

Қолданыста Бұйрық ·№ 315 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами»
Атауы (қаз.)
«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
315
Қабылданған күні
25.08.2023
Көрсетілген редакция
25.08.2023 185654_662248.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033353
ЭКБ идентификаторы
185654
Редакция идентификаторы
185654_662248
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:06

0

«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21589 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8, 9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері портал арқылы электрондық нысанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) сұраным жолдайды.
10. Келісуші органның қызметкері сұраным келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісу туралы жауапты немесе пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісуден бас тарту туралы жауапты (бұдан әрі – жауап) жасайды.
Келісуші орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жауап портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Келісуші орган белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша келісілді деп есептеледі.
11. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісу туралы жауап алынған не осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген мерзім өткен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны, және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны ресімдейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту үшін
негіздер айқындалған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыны лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабардар етеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
12. Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 29-бабы 2-тармағына сәйкес пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) жеке немесе заңды тұлғаның не шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің тіркелген орны бойынша;
2) Қазақстан Республикасының аумағында филиалы немесе өкілдігі жоқ шетелдік заңды тұлғаға қызметін жүзеге асыратын орны бойынша беріледі.»;
13-тармақ алып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.
Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.»;
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген мерзімдерде қаралуы тиіс.
Шағым ҚР ӘРПК-нің 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 «Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 315 бұйрығына
қосымша
«Пестицидтерді өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
өткізу, пестицидтерді
аэрозольдік және фумигациялық
тәсілдермен қолдануға байланысты
қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 1-қосымша
«Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді.
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бе­ру үшін, оның ішін­де заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­стыр­ған жағ­дай­да ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 11 (он бір) жұ­мыс кү­ні;
2) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­стыр­ған жағ­дай­да ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­уді қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет­тi көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру­ге (фор­му­ля­ци­я­ла­у­ға), пе­сти­цид­тер­ді өт­кізу­ге, пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­дік және фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну­ға ар­нал­ған қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту.
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тiк көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­сетiледi.
Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту кезiн­де же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру үшін көр­сетiлетiн қыз­мет­тi алушы­ның ор­на­лас­қан же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің (Са­лық ко­дек­сі) 554-ба­бы­на сәй­кес:
1) ли­цен­зия бер­ге­ні үшін – 10 (он) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш­ті;
2) ли­цен­зи­я­лар­ды қай­та ре­сім­де­ге­ні үшін – ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­нің 10 пай­ы­зын құ­рай­тын ли­цен­зи­я­лық алым тө­ле­не­ді.
Ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу қол­ма-қол және қол­ма-қол емес ны­сан­да екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы, сон­дай-ақ қол­ма-қол емес ны­сан­да «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі (бұ­дан әрі – ЭҮТШ) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар­ды бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды.
«Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 44-ба­бын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да ли­цен­зи­я­лар және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­лар бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым алын­бай­ды.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін қо­са ал­ған­да са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да, өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​gov.​kz ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу үшін:
1) же­ке тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ні­ші;
заң­ды тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу­ға ар­нал­ған өті­ні­ші;
2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 31 жел­тоқ­сан­да­ғы № 4-4/704 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 11927 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры) пе­сти­цид­тер­дi өн­дi­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­дi өт­кi­зу, пе­сти­цид­тер­дi аэро­золь­дік және фу­ми­га­ци­я­лық тәс­iл­дер­мен қол­да­ну жөнiн­де­гi қыз­мет­тер­ге қой­ы­ла­тын бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры мен олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сіне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру (фор­му­ля­ци­я­лау) жө­нін­де­гі қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­дік және фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­ліп шы­ға­ру және бө­лу ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру жағ­дай­ла­ры­нан бас­қа, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
1) же­ке тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші;
заң­ды тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші;
2) ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­лі­ніп шы­ға­ру және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де:
1) же­ке тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші;
заң­ды тұл­ға­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сіне 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­де­у­ге ар­нал­ған өті­ні­ші;
2) ақ­па­ра­ты мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған құ­жат­тар­ды қо­с­па­ған­да, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін негіз болған өзге­рі­стер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын құ­жат­тар­дың элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі;
3) заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат­ты бө­ліп шы­ға­ру ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған кез­де бө­лі­ніп шық­қан заң­ды тұл­ға­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­у­ге бө­лі­ну жүр­гі­зі­л­ген Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ре­сім­дел­ген заң­ды тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі ту­ра­лы ше­шім­нің кө­шір­ме­сі;
4) бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны;
бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­дік және фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру үшін қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ны­са­ны.
Же­ке тұл­ға­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы, да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де тір­кеу ту­ра­лы не да­ра кә­сіп­кер ре­т­ін­де қыз­мет­тің ба­стал­ға­ны ту­ра­лы, жы­л­жы­май­тын мү­лік­ке тір­кел­ген құқық­тар (ауырт­па­лық­тар) және оның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры ту­ра­лы, ли­цен­зи­я­лық алым­ның бюд­жет­ке тө­лен­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы қол­ма-қол және қол­ма-қол ақ­ша­сыз ны­сан­да жүр­гі­зі­л­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу ту­ра­лы тү­бір­тек­тің элек­трон­дық кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­мен бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден уәжді бас тар­ту­ға негіз­дер
1) же­ке және заң­ды тұ­лға­лар осы са­на­ты үшiн Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да қыз­мет түрi­мен ай­на­лы­су­ға тый­ым са­лы­нуы;
2) ли­цен­зи­я­лық алым­ды ен­гі­зіл­ме­уі;
3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бiлiк­тiлiк та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті ке­лі­сім бе­ре­тін мем­ле­кет­тік ор­ган­нан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ли­цен­зия бе­ру ке­зін­де қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі ту­ра­лы жа­у­ап­ты алуы;
5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты пе­сти­цид­тер­ді өн­ді­ру (фор­му­ля­ци­я­лау), пе­сти­цид­тер­ді өт­кі­зу, пе­сти­цид­тер­ді аэро­золь­дік және фу­ми­га­ци­я­лық тә­сіл­дер­мен қол­да­ну­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шiне ен­ген сот ше­ші­мі­нің (үкi­мiнiң) бар бо­луы;
6) сот орын­да­у­шы­сы ұсы­ны­мы­ның негiзiн­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бо­рыш­кер­ге ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы;
7) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
8) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ұсы­ны­ла­тын ке­ле­сім­нің бол­мауы.
Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін құ­жат­тар­ды ұсын­бау неме­се ти­ісін­ше ре­сім­де­меу негіз бо­лып та­бы­ла­ды.
Заң­ды тұл­ға-ли­цен­зи­ат бө­лі­ніп шы­ғу және бө­лі­ну ны­сан­да­рын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер бо­лып та­бы­ла­ды:
1) ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­ды ұсын­ба­уы неме­се ти­ісін­ше ре­сім­де­ме­уі;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
3) егер бұ­рын ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша заң­ды тұ­лға­лар-ли­цен­зи­ат­тар­дың бө­лі­ну нәти­же­сін­де жа­ңа­дан пай­да болған қа­та­ры­нан бас­қа заң­ды тұл­ға­ға қай­та ре­сім­дел­се.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фо­ны 8 (7172) 55-59-61, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­мін­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.

1 Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

«Пестицидтерді өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді өткізу,
пестицидтерді аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге) __________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) ________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
_______________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы____________________________________________________________
Телефондары___________________________________________________________________
Факсы_________________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
______________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы,
үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға ___________ ________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__»____

2 Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші

«Пестицидтерді өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді өткізу,
пестицидтерді аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 2-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге)__________________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен)_____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,
орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің (лерінің) толық атауын көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________________________________
(почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше
атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы_____________________________________________________________
Телефондары____________________________________________________________________
Факсы__________________________________________________________________________
Банктік шоты____________________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
___________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Осымен мен ұсынатын (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты екенімді растаймын.
Басшы _________________________ ______________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» ____

3 Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

«Пестицидтерді өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді өткізу,
пестицидтерді аэрозольдік және
фумигациялық тәсілдермен қолдануға
байланысты қызметті жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік қызметін
көрсетуге қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 3-қосымша
Нысан
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) ______________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен)_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің (лерінің) толық атауы)
_______________________________________________________________ жүзеге асыруға
арналған
20___жылғы ___ _________ берілген №__________________________________________
____________________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген
күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген
лицензиярдың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу) мынадай негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, әкесінің аты (бар болса), тегінің өзгеруі
__________________________________________________________________________
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі
__________________________________________________________________________
3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, оның заңды мекенжайының өзгеруі
__________________________________________________________________________
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ______________________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ________________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/
ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы________________________________________________________
Телефондары _______________________________________________________________
Факсы _____________________________________________________________________
Банктік шоты _______________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
___________________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға
_____________________________ ____________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__»______

4 Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші

«Пестицидтерді өндіру
(формуляциялау), пестицидтерді
өткізу, пестицидтерді аэрозольдік
және фумигациялық тәсілдермен
қолдануға байланысты қызметті
жүзеге асыруға лицензия беру»
мемлекеттік қызметін көрсетуге
қойылатын негізгі талаптар
тізбесіне 4-қосымша
Нысан
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге)____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен)___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық
атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының
немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің (лерінің) толық атауы)
__________________________________________________________________ жүзеге асыруға
арналған
20___ жылғы «___» _________ берілген №__________
_______________________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиярдың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу) мынадай
негіз (дер) бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиатты (тиісті ұяшықта Х
көрсетіңіз):
бірігу _______________
қайта құру ___________
қосылу ______________
бөліп шығару ________
бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастыру
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _________________________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі _____________________
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________________
_______________________________________________________________________
(ел –шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен,
көше
атауы, үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Факсы _________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_______________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
көрсетілетін қызметті алушыға қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
көрсетілетін қызметті алушының лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы ____________________________ _____________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы «__»______

Қолданыстағы