О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 334 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача лицензии на осуществление деятельности на производство (формуляции) пестицидов, реализацию пестицидов, применение пестицидов аэрозольным и фумигационным способами»
- Атауы (қаз.)
- «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 23.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2026
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2025 214669_782952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036918
- ЭКБ идентификаторы
- 214669
- Редакция идентификаторы
- 214669_782952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:07
0
«Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21589 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға ақылы негізде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметті көрсету кезiнде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабының 4-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензиялық алым төленеді,ол:
1) лицензия бергені үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайтын лицензиялық алым төленеді. Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Лицензияға қосымшаларды беру кезінде лицензиялық алым алынбайды. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар беру кезінде лицензиялық алым алынбайды.
».
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі