О внесении изменений в решение районного маслихата от 3 марта 2020 года № 491-VІ «Об утверждении регламентов собраний местного сообщества некоторых сельских округов Курмангазинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 3 марта 2020 года № 491-VІ «Об утверждении регламентов собраний местного сообщества некоторых сельских округов Курмангазинского района»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-VIII
- Қабылданған күні
- 17.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2024 181609_698720.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23TH00023M
- ЭКБ идентификаторы
- 181609
- Редакция идентификаторы
- 181609_698720
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:58
0 Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 3 наурыздағы № 491-VІ «Құрманғазы ауданының кейбір ауылдық округтердегі жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регламенттерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4613 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген шешімде:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «Байда ауылдық округі» деген сөздер «Бөкейхан ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 2) шешімнің 2 қосымшасында:
«Байда ауылдық округі» деген сөздер «Бөкейхан ауылдық округі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 қосымшалардағы:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.