О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 588 «Об утверждении Типовой программы инспекционной проверки по авиационной безопасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 ноября 2020 года № 588 «Об утверждении Типовой программы инспекционной проверки по авиационной безопасности»
- Атауы (қаз.)
- «Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 15.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2023 178698_620492.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031906
- ЭКБ идентификаторы
- 178698
- Редакция идентификаторы
- 178698_620492
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:23
0 «Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 3 қарашадағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық қауіпсіздік бойынша инспекциялық тексерудің үлгі бағдарламасында:
«Әуежайлар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:» деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39) жолмен толықтырылсын:
«
39)
ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар.
»;
«Әуекомпаниялар үшін авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:» деген 7-бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22) жолмен толықтырылсын:
«
22)
ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар.
»;
«Аббревиатуралардың толық жазылуы:» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА - азаматтық авиация;
АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ - авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК - әуе кемесі;
БӨП - бақылау-өткізу пункті;
ТЖ - төтенше жағдай;
VІР - залы - аса маңызды тұлғаларға арналған зал;
ЖЗ - жарылғыш заттар;
ӘКК- әуе кемесінің командирі;
ИАҚ- инженерлік-авиациялық қызмет;
(-1) – авиациялық қауіпсіздікке қауіп төндерітен және одан әрі қызметіне кедергі келтіретін сындарлы сәйкессіздіктер;
(-2) - келісілген мерзімде жойылатын немесе шектеулер енгізілетін шарттарда одан әрі қызметіне кедергі болмайтын сәйкессіздіктер;
(-3) - одан әрі қызметіне кедергі болмайтын және өндіріс пен сапа жүйесін жетілдіру кезінде жоюға жататын сәйкессіздіктер;
(*) - осы ұйым үшін міндетті емес;
(+) – талаптарға сәйкес келеді.».