О внесении изменений в решение Мунайлинского районного маслихата от 3 ноября 2021 года № 11/65 «Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мунайлинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мунайлинского районного маслихата от 3 ноября 2021 года № 11/65 «Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Мунайлинского района»
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 11/65 «Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/144
- Қабылданған күні
- 06.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2022 173063_597547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22MG030243
- ЭКБ идентификаторы
- 173063
- Редакция идентификаторы
- 173063_597547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:35
0
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы №11/65 «Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1
1. Мұнайлы аудандық мәслихатының «Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы» 2021 жылғы 3 қарашадағы №11/65 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25224 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі орыс тілінде жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасында:
3 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«3. Мұнайлы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетіледі.»;
4 тармақтың орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.