О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 3 ноября 2021 года № 14/3-VІІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Абайском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 3 ноября 2021 года № 14/3-VІІ «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Абайском районе»
- Атауы (қаз.)
- Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 28/7-VII
- Қабылданған күні
- 05.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2022 172929_597939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22FD030181
- ЭКБ идентификаторы
- 172929
- Редакция идентификаторы
- 172929_597939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:36
0 Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай аудандық мәслихатыШЕШТІ:
1
1. Абай аудандық мәслихатының «Абай ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 3 қарашадағы № 14/3-VІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25141болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібі
Абай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 5 қазандағы
№ 28/7-VII шешіміне
қосымша
Абай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 3 қарашадағы
№ 14/3-VIІ шешіміне
қосымша
Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері мен тәртібі
1
1. Осы Абай ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай-шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың қатарындағы кемтар балаларды үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзгеде заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5
5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.