Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 286 «Об утверждении Правил проведения общественных слушаний»

Бұйрық · № 192 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2021-no-286-ekb-229698/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 286 «Об утверждении Правил проведения общественных слушаний» Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 286 «Об утверждении Правил проведения общественных слушаний»

Күшіне енбеген Бұйрық № 192 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 3 августа 2021 года № 286 «Об утверждении Правил проведения общественных слушаний»
Атауы (қаз.)
«Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
192
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229698_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039796
ЭКБ идентификаторы
229698
Редакция идентификаторы
I229698_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық тыңдаулар – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Цифрлық жүйе) ашық жиналыстар өткізу, жария талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мәселелері қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі;»;
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың Кодекстің 73-бабының 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына әсер етпесе, егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген жағдайларды қоспағанда, қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу талап етілмейді.»;
5-тармақ алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай мен соғыс жағдайы енгізілген кезде хаттаманың қолданылу мерзімі көрсетілген оқиғалар болатын кезеңге тоқтатыла тұрады.»;
6-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«экологиялық рұқсат алу үшін көзделген, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санат объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамалары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының (бұдан әрі – № 165 қағидалар) 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында ескерілген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді қоспағанда, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санат объектілерін, оның ішінде№ 165 қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында ескерілген өнеркәсіптік объектілерді, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды, өзге де құрылыстарды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамалары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама объектілеріне қатысты мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асырған;»;
6-тармақ 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу кезінде.»;
11- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу орны, күні мен уақыты келісілгеннен кейін Цифрлық жүйесіне орналастыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымына және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына Ақпараттық жүйе арқылы мыналарды:»;
12-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«экологиялық рұқсат алу үшін көзделген, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін I санат объектілерді салу немесе пайдаланудың жобалау құжаттамалары, жобалау құжаттамаларына қысқаша техникалық емес резюмесі;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санаттағы объектілерді, оның ішінде № 165 Қағидалардың 9-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген өндірістік ғимараттар мен құрылысжайлардың өнеркәсіптік объектілерін, өзге де құрылысжайларды салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттама топтамасы, жобалау құжаттамаларына қысқаша техникалық емес резюме.»;
12-тармақ 5) және 6) тармақшамен толықтырылсын:
«5) елді-мекендердің шекті жол берілетін шығарындыларының жиынтық томдарының жобалары;
6) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің жобалары.»;
15- тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қоғамдық тыңдауға шығарылатын құжаттар Ақпараттық жүйеге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурсына, сондай-ақ әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсына қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін – кемінде күнтізбелік отыз күн, теңізде жүзеге асырылатын жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді барлау кезеңінде белгіленіп отырған қызметті қоспағанда, көмірсутектерді барлау кезеңіндегі қызмет түрлері бойынша кемінде он бес жұмыс күні бұрын танысу үшін орналастырылады.»;
16-тармақ бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Бастамашы жергілікті атқарушы органдармен немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының өкілімен келіскеннен кейін қоғамдық тыңдауларды өткізу орнын және (немесе) уақытын өзгерткен жағдайда, мұндай өзгерістер туралы хабарламаны бастамашы қоғамдық тыңдауларды өткізу басталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей «Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» цифрлық жүйесінде және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.»;
25-тармақ екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени, жеке және өзге де сипаттағы ескертпелер мен ұсыныстар, олардың белгіленіп отырған немесе жүзеге асырылып жатқан қызметтің қоршаған ортаға әсерімен байланысы негізделген жағдайда, есепке алынуға жатады.»;
34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоғамдық тыңдаулар хаттамасына қол қоюдың Кодекстің 73-бабының 14-тармағында белгіленген мерзімінің бұзылуын қоспағанда, бұл ретте мұндай бұзушылық хаттамада көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен анықтығына әсер етпесе, егер қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген болса.»;
35-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер алдыңғы қоғамдық тыңдауларды өткізу кезінде, Кодекстің 73-бабының 14-тармағында көзделген мерзімнің бұзылуын қоспағанда, Қазақстан Республикасы экология заңнамасының қоғамдық тыңдауларды өткізу тәртібіне қойылатын талаптарының бұзылуына жол берілген болса, онда қоғамдық тыңдауларды қайтадан өткізу барысында ықтимал әсер ету туралы есептің жобасы толық көлемде қаралады.»;
39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу барысында № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу немесе пайдалану жөніндегі жобалар бойынша;»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары хабарландыруды Бастамашыны, жобаның атауын, қоғамдық тыңдауларды өткізу мерзімдерін көрсете отырып, еркін нысанда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады, сондай-ақ қоғамдық тыңдауларды үйлестіруге жауапты адамды жария талқылау нысанында айқындайды.»;
42-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу немесе пайдалану бойынша жобалау құжаттамасы;»;
43-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін II санат объектілеріне жатқызылатын, № 165 Қағидалардың 9-тармағында көзделген тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерді салу немесе пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы бойынша – он бес жұмыс күні;»;

2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық мәдениет және саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі