Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Бұйрық · № 258-НҚ · қабылданған 16.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2022-no-348-ekb-230093/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» Күшіне енбеген 16.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»

Күшіне енбеген Бұйрық № 258-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования»
Атауы (қаз.)
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
258-НҚ
Қабылданған күні
16.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2026
Көрсетілген редакция
16.09.2026 I230093_0.kaz
Соңғы өзгеріс
16.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039897
ЭКБ идентификаторы
230093
Редакция идентификаторы
I230093_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:04
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Стандартта Заңға сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша мынадай терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
1) аралық бағалау – 2–4-сыныптардағы білім алушылардың үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес бөлімдерді оқып аяқтағаннан кейін оқу материалының меңгерілу деңгейін айқындау үшін жүргізілетін бағалау түрі;
2) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымдарында оқып білуге міндетті бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
3) бағалау – әзірленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген оқу нәтижелерін оқудан күтілетін нәтижелермен салыстыру процесі;
4) бағалау критерийлері – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын нақты өлшеуіштер;
5) білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйіндегі өзгерістердің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және жай-күйін болжау;
6) білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын айқындау үшін негіз болатын, білім алушының тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болып табылатын оқу мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар;
7) білім беру қызметі – білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру субъектілерінің мақсатқа бағытталған, педагогикалық негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;
8) білім беру саласы – мәндес оқу пәндерінің жиынтығын қамтитын бастауыш білім берудің базалық мазмұнының құраушы бөлігі;
9) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуға тең қол жеткізуі үшін жағдай жасау;
10) оқу жүктемесінің инварианттық компоненті – білім беру ұйымдарының типіне, түріне және меншік нысанына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылар оқып білуге міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
11) оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктеріне сәйкес білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;
12) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктері ескеріледі;
13) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымындағы біртұтас оқу-тәрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім алушылардың бос уақытын ұйымдастыру нысандарының бірі;
14) үлгілік оқу жоспары – оқу пәндерінің (сабақ) тізбесін регламенттейтін және тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттерінің көлемін айқындайтын құжат;
15) формативтік бағалау – сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін, білім алушылардың оқу жетістіктерінің ағымдағы деңгейін айқындауға, оқу процесінде білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге және білім беру процесін жетілдіруге бағытталған бағалау түрі;
16) элективті курс – білім алушылардың таңдауы бойынша курс, білім алушылардың білім дайындығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті компонентінің құрамдас бөлігі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы мынадай құндылықтарға негізделеді:
1) Тәуелсіздік және отаншылдық;
2) бірлік және ынтымақ;
3) әділдік және жауапкершілік;
4) Заң мен Тәртіп;
5) еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
6) жасампаздық және жаңашылдық.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бастауыш білім берудің мақсаты мынадай кең ауқымды дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалды және шығармашылыққа қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу;
4) цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні (бұдан әрі – ЖИ) қолдана білу;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру;
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика», «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» оқу пәндерінде жүзеге асырылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда қоршаған болмыстың алуан түрлі объектілері мен құбылыстарын сипаттау үшін бастапқы математикалық білімді қалыптастыруға; ауызша және жазбаша есептеу алгоритмдерін игеруге; есептер шығарудың жалпы амалдарын, өлшем және есептеу дағдылары негізінде логикалық пайымдаулар түзе білу машықтарын дамытуға; қарапайым цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану дағдыларын, ақпаратты іздеу, таңдау, жеткізу, объектілер мен процестерді жобалау, кестелермен, схемалармен, графикалармен және диаграммалармен жұмыс істеуде ең қарапайым әдістерді қолдану, интерпретациялау және деректерді жолдау машықтарын қалыптастырып, дамытуға бағытталған.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Адам және қоғам» білім беру саласы пәндерінің мазмұны «Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде кіріспе білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Пәндердің мазмұны қоғамдық қатынастардың өткені мен бүгінін, олардың өзара байланысын, адамдардың отбасындағы, қоғамдағы өзара қарым-қатынастарын танып-білуге; өз Отаны үшін еңбек етуге, отаншылдық сезімін қалыптастыруға, отбасындағы, жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын ұғуға; қазақстандық қоғамның құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге; әр білім алушының өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетінің көзін ашуына; өз халқының және басқа да халықтардың мәдениетіне деген құрмет сезімін дамытуға, басқа адамдардың сезімдерін түсінуге және бірге бөлісуге, адам мен қоршаған ортаға деген ізгілік қатынасын тәрбиелеуге бағытталған.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. «Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» оқу пәндері арқылы беріледі.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін сақтайды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
2) шетел тілі бойынша;
3) цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект (1-сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша бастауыш білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Қазақ тілі»/ «Орыс тілі»/ «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу».
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушы:
1) тыңдалым және айтылым:
әңгімелесудің, оқылған немесе тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді және жеткізе алады; сөйлеушінің көзқарасын жеткізу жолдарын айқындайды, қорытындылар жасайды; пікірталастың тақырыбын түсінеді және сөйлеу нормасын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; сөйлеу барысында синонимдерді, антонимдерді, омонимдерді, тура және ауыспалы мағыналы сөздерді саналы түрде қолданады; мәнерліліктің эмоциялық-реңкті құралдарын қолдана отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтіндерінің мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін пайдаланады; көркем шығармалардың мазмұнын баяндаудың түрлі тәсілдерін қолданады; тыңдағандарына және оқығандарына қатысты пайымдайды, берілген тақырып пен коммуникативтік нұсқауға сәйкес өзара байланысқан, логикалық тұрғыдан дәйектелген дербес пікір білдіреді; тілдік қатынастың әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып, диалогқа қатысады; оқылған, тыңдалған ақпараттың негізінде рухани-адамгершілік құндылықтар туралы түсінікті талдайды;
2) оқылым:
халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті туындыларын оқиды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын талдайды және іс-әрекеттеріне баға береді; көркем мәтіндерді көркем емес мәтіндерден ажыратады; көркем шығармалардың негізгі идеялары мен композициясын айқындайды; көркем туындының жанрын айқындайды, өзінің жауабына/таңдауына негіздеме береді; автордың бейнені сомдау үшін қолданған әдеби көркемдеуіш құралдарын айқындайды; жазушының өз кейіпкерлеріне қатынасы туралы қорытынды жасайды; мәтіндерді белгілі бір оқу түрлері мен стратегияларын қолдана отырып оқиды; шығармалардағы оқиғалар барысын болжайды; мәтін түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) айқындайды; әңгімелерді/өлеңдерді түсініп, түйсініп, мәнерлеп оқиды; өлеңді түсініп, түйсініп, мәнерлеп жатқа оқиды; көркем әдебиет туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды; мәтіндерді іздеу, талдау және интерпретациялау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
3) жазылым:
тиісті сөздерді негізді түрде іріктей отырып, әртүрлі типте, жанр мен стильде өз мәтіндерін құрастырып жазады; мәтіндерді салыстыру және талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады; меңгерген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай жазады; жеткізудің түрлі тәсілдерін (суреттер, сызбалар, кескіндер, кестелер) қолдана отырып, мәтіндер жазады; жазудың гигиеналық және каллиграфиялық дағдыларын сақтайды; Қазақстан халқының мәдениетіне, салт-дәстүріне байланысты тақырыптарға өзінің жеке көзқарасын білдіре отырып, шағын шығарма жазады; диктант жазады, мәтін мазмұнын жүйелі баяндап мазмұндама және берілген тақырып бойынша шығарма жазады.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда)/ «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда):
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушы:
1) тыңдалым:
қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени салалары үшін өзекті аудиовизуалды материалдардың мазмұнын түсінеді; мәтіннің тақырыбын, негізгі идеясын, мәтіндегі басты және қосалқы ақпараттың мағынасын барынша толыққанды, терең және дәл түсіне алады; қарым-қатынас жасау жағдаяттарына, қарым-қатынас орнына және қарым-қатынасқа (коммуникацияға) қатысушыларға қарай сөйлеу стильдерінің қалай өзгеретінін түсінеді; түрлі пікірлерді ескере отырып, оқиғаның/әңгіменің мазмұнын түсінеді;
2) айтылым:
алдын ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдалана отырып, әңгіменің, оқиғаның мазмұнын жеткізеді; оқығаны, естігені жөнінде сұрақтар құрастырады және көзқарасын білдіреді; ұсынылған тақырып пен белгіленген коммуникативтік тапсырма бойынша өзара байланысқан, логикалық жүйеге құрылған хабарламаны құрастырады; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени саласында түрлі тілдік жағдаяттарға сай өзінің коммуникативтік ниетін білдіре отырып, диалогқа қатысады; сөйлеу әрекеті дағдыларын жетілдіру үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді көмекші құрал ретінде қолданады;
3) оқылым:
оқу түрлері мен стратегияларын пайдалана отырып, мәтіндерді оқиды; таныс емес сөздері бар мәтіннен негізгі ақпаратты, автордың тұжырымы мен бағасын түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді ажыратып таниды; алуан түрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, қажетті ақпаратты табады; идеяны, оқиғаларды және кейіпкерлер іс-әрекеттерінің себептерін анықтайды; сөздіктер мен анықтамалықтарды пайдаланып, таныс емес сөздер мен фразалардың мағынасын анықтайды; қазақ және әлем әдебиетінің көркем туындыларындағы адамзаттың ортақ құндылықтарын айқындайды;
4) жазылым:
тыңдалған мәтіннің, оқылған ақпараттың және көрген оқиғаның (тақырыптар, жекелеген деректер, пікірлер) қысқаша жазбаларын жасайды; орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық нормаларды ескере отырып, баяндау (баяндаусыз) сипатындағы мәтіндерді құрастыру үшін тиісті лексикалық бірліктерді; әріптерді каллиграфиялық талаптарға сай дұрыс жазу дағдыларын меңгереді; ақпаратты талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады.
«Шетел тілі»:
Бастауыш білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушы:
1) тыңдалым:
таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелесулердің негізгі мазмұнын түсінеді, таныс сөздер мен фразалардың айтылуын ажырата алады; түстер мен сандар туралы қысқа сұрақтарды түсінеді; таныс тақырыптар бойынша қысқа әңгімелердің мазмұны мен мәнін болжау үшін мәнмәтіндік тірек сөздерді пайдаланады; баяу және айқын дыбысталып айтылған шағын әңгімелердің жалпы мәнін түсінеді;
2) айтылым:
өзі туралы тіркестер мен сөйлемдер құрастырады, сұрақтар құрастырады; сұрақтарға жауап береді; сөйлеу тілін дамыту үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады; заттар мен оқиғаларды сипаттағанда негізгі сөздер мен фразаларды дұрыс интонациямен және екпінмен айтады;
3) оқылым:
мәтінмен жұмыс істеу кезінде қарапайым иллюстрацияланған сөздікті, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады; тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптағы көлемі шағын көркем мәтіндерді түсінеді; қысқа мәтіндердің негізгі ойын айқындайды; қысқа мәтіндерден нақты және детальді ақпаратты айқындайды;
4) жазылым:
жиі қолданылатын сөздердің жазылуы мен айтылуы арасындағы айырмашылықты білетіндігін көрсете отырып, дұрыс жазады; дауыстап оқылған мәтінді тыңдап, диктант жазады; сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қояды; өз нәтижелерін тексеру үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) «цифр», «сан», «координаталық сәуле», «санның үлесі», «жай бөлшек», «аралас сан», «санды өрнек», «әріпті өрнек», «теңдік», «теңсіздік», «жиын», «симметрия», «ақпарат», «объект», «файл», «папка», «затбелгі», «модель», «компьютер желісі», «Интернет», «алгоритм», «алгоритм орындаушысы», «бағдарлама», «робот», «датчик», «жасанды интеллект», «генеративті модель», «промпт», «киберқауіпсіздік», «академиялық адалдық» ұғымдарының мәнін; ондық санау жүйесіндегі разряд бірліктерінің мәндерін; жазық және кеңістік геометриялық фигураларының түрлерін және олардың элементтерін; шаршы және тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулаларын, бірдей дәрежелі бөлшектерді қосу және азайту принциптерін; операциялық жүйе объектілерінің қызметін; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын, енгізу мен шығару құрылғыларын; қолданбалы, сервистік бағдарламалардың және операциялық жүйенің мақсатын, ЖИ технологиялары мен білім беру робототехникасының негізгі мүмкіндіктерін, компьютерде жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасын біледі;
2) натурал сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәні мен ретін; шамалар арасындағы қарапайым өзара тәуелділікті; жиындардың «қиылысуы» мен «бірігуіне» қатысты операциялардың мағынасын; пайызды бөлшек санмен өрнектеуді; бөлшек сандарды пайызбен өрнектеуді; тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықтарды; компьютердің негізгі бөліктерінің қолданылуы, құрылымдарының, операциялық жүйе интерфейсі элементтерінің кіру және шығу құрылғысы; компьютерлік техниканың адам денсаулығына тигізетін әсері; ақпаратты және құрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғаудың маңыздылығы; ақпараттың авторларға сілтеме жасалған ілеспе қажеттілігін; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану маңыздылығын; ЖИ мүмкіндіктері мен шектеулерін, ЖИ көмегімен алынған ақпаратты тексеру қажеттілігін, дербес деректерді қорғаудың маңыздылығын, цифрлық технологияларды пайдалану кезінде академиялық адалдық пен этикалық нормаларды сақтаудың мәнін түсінеді;
3) өрнектерді жазу үшін, санды өрнектерді түрлендіру үшін, есептерді шығару үшін математикалық символдарды, арифметикалық амалдар мен қасиеттерді; натурал сандар мен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша есептеу амалдарын; шамалардың стандартты және стандартты емес өлшем бірліктерін (ұзындық, аудан, көлем, масса, уақыт); шамаларды өлшеу құралдарын; есеп шарттарын жазудың математикалық тілі мен графикалық модельдерін; теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; периметр мен ауданды есептеуді (шаршының, тік төртбұрыштың, тікбұрышты үшбұрыштың); жиын элементтері арасындағы қатынастарды көрсету үшін Эйлер-Венн диаграммаларын; санның бөлігін және оның бөлігі бойынша санды табу білігін; ақпаратты жинауға, сақтауға, өңдеуге және жеткізуге арналған цифрлық технологияларды; ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеуге, модельдер құруға арналған қолданбалы бағдарламаларды; жеке шешімдерін салыстыру және негіздеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді; алға қойылған міндеттерді шешу үшін интернет қызметін; мәтіндер мен кескіндерді генерациялауға арналған ЖИ құралдарын пайдаланады; оқу міндеттерін шешу барысында бағдарламалау, алгоритмдеу және робототехника элементтерін қолданады; заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, компьютерде жұмыс істеу принциптерін қолданады;
4) ауызша және жазбаша санаудың рационалды тәсілдерін; геометриялық фигуралардың ерекшеліктерін; сандық өрнектер мен айнымалысы бар өрнектердің мәндерін салыстыру нәтижесін; әртүрлі шамалар арасындағы тәуелділіктер (сан, баға, құн, жылдамдық, уақыт, арақашықтық; жұмыстың ұзақтығы, жұмыс көлемі); заңдылықтарды және тізбектің жетіспейтін элементтерін табуды; күрделі емес комбинаторикалық және логикалық есептерді; есеп шартының сызба, кесте түрлеріндегі жазбасын; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді; қолданбалы бағдарламалардың мүмкіндіктерін; желіде этикалық және құқықтық нормалардың бұзылу салдарын; мұғаліммен мәлімделген талаптарға сәйкес іріктелген және түрлі дереккөздерден, оның ішінде ЖИ-ді пайдалану арқылы алынған ақпараттың дұрыстығын, өзектілігін және дәлдігін; цифрлық ортадағы қауіптер мен жеке ақпаратты қорғау тәсілдерін талдайды;
5) заттарды олардың белгілері мен кеңістіктегі орналасуына қарай сыныптауышын; шамалар арасындағы тәуелділіктің математикалық моделін; шынайы әлемнің нақты нысандары мен процестерінің бейнелер мен сызбалар түріндегі ең қарапайым модельдерін; ұсынылған мәліметтер немесе математикалық модельдер бойынша есеп құрастырады және оған кері есеп құрайды; берілген заңдылықтар бойынша тізбек құрастырады; практикалық міндеттерді шешу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданып, практикалық есептерді шешуге арналған нысандар мен жағдаяттардың (ситуациялардың) модельдерін; қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің мүмкіндіктері туралы білімдерін түрлі міндеттерді шешу үшін; мәтіндік, графикалық, дыбыстық және мультимедиалық ақпаратты біріктіре отырып, жобалар әзірлейді; практикалық міндеттерді шешу үшін ЖИ мүмкіндіктері мен білім беру робототехникасын пайдаланып жинақтайды;
6) өлшем нәтижелерін; сандар, шамалар, геометриялық фигуралар туралы қарапайым тұжырымдардың ақиқаттылығын немесе жалғандығын; графика, кесте, диаграмма түрінде берілген деректерді; модельдің берілген критерийлерге сәйкестігін; қолданбалы бағдарламалар мен желілік қызметтердің түрлі міндеттерді шешуде пайдалану мүмкіндіктерін; ЖИ ұсынған жауаптардың сенімділігін бағалайды, цифрлық технологияларды пайдалану кезінде киберқауіпсіздік талаптарын, академиялық адалдық қағидаттарын және этикалық нормаларды бағалайды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Күн жүйесінің ғаламшарларын және олардың ерекшеліктерін; Жер мен оның табиғаты туралы, Ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; ғылыми таным әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; зерттеуді жоспарлау мен жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасы негіздерін; апатты табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау принциптерін; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың өмірлік циклдерін; адамның, өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың функцияларын; өсімдіктердің, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жіктелуін; фотосинтез процесінің негіздерін; жарықтың кейбір қасиеттерін; кейбір физикалық күштерді және олардың пайда болу себептерін; қуаттың кейбір түрлерін; Жер бетінде кеңінен таралған заттектердің құрамы мен қасиеттерін; түрлі денелердің қасиеттерін және олар қолданатын кейбір салаларды; пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін және олардың маңызын, Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кеніштерін біледі;
2) қоршаған ортаға қамқорлықпен қараудың және Жердегі биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын; жеке бас гигиенасын сақтаудың қажеттілігін; ағзаның қорғану функцияларын; табиғат компоненттерінің тірі ағзалар үшін маңызын; қоршаған ортаға енудің құралы ретіндегі ағзалар ерекшеліктерін; омыртқалы және омыртқасыз жан-жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланудың қажеттілігін; экологиялық мәдениетті қолдауда цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ мүмкіндіктерінің рөлін түсінеді;
3) табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін кейбір зерттеу әдістерін; табиғи объектілерді, құбылыстар мен процестерді өлшеудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; табиғи объектілерді, процестер мен құбылыстарды өлшеудің қарапайым құралдарын; өзі тұрып жатқан жердегі өсімдіктер мен жан-жануарларды жіктей алады; зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) табиғат компоненттері арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; материалдарды қолдану мүмкіндіктерін айқындау үшін олардың қасиеттерін; белгілі бір аумақтың жануарлар мен өсімдіктер әлемін; алуан түрлі өмір сүру орталарының ұқсастығы мен айырмашылығын; өз зерттеулеріндегі және түрлі дереккөздерден, цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ-ден алынған материалдарды талдайды;
5) тірі және өлі табиғаттың объектілері мен құбылыстарына зерттеу жүргізуді жоспарлау және өткізу үшін алынған білімі мен дағдыларын; сурет, сызба, графиктер, диаграммалар, кестелер түріндегі ақпараттық материалдарды; қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты идеяларды; микро және макроәлемнің объектілерін, құбылыстары мен процестерінің имитациялық және географиялық үлгілерін; зерттеулерді жоспарлау және жүргізу үшін цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алған ақпаратты жинақтайды;
6) табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзгеру себептерін; ғылым мен техниканың адам өмірі мен қоршаған ортаға әсерін; өз зерттеу нәтижелерінің жасалған болжамға сәйкестігін бағалайды.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) күнделікті өмірі өтетін отбасының, мектеп қоғамдастығының құрылымын, құрамы мен функциясын; адамның ең негізгі әлеуметтік функцияларын; «адам – қоғам» өзара байланысы туралы бастапқы мәліметтерді; «қауіпсіздік», «денсаулық» ұғымдары және олардың басты белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, қауымдастықтардың және тұтас қоғамның ерекшеліктерін және олардың адам өміріндегі маңызы мен атқаратын рөлін; тұтыну тауарларының негізгі түрлерін және олардың құрамын; Қазақстанның тарихы мен географиясы туралы жалпы мәліметті; Қазақстан халқы мен Қазақстан халықтарының негізгі дәстүрлері мен фольклорын; Қазақстанның әлемдегі орны мен рөлін; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін; Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері, азаматтың құқықтары мен міндеттері; «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының Тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік және ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, еңбекқорлық, жасампаздық және жаңашылдық құндылықтарын; оң және достық қарым-қатынас жасау, әдеп, мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттерін, салауатты өмір салты принциптерін біледі;
2) өзінің Қазақстанның жас азаматы ретіндегі азаматтық болмысын және белгілі бір ұлтқа қатыстылығын; отбасының, туған жері мен Атамекенінің құндылығын; көпұлтты қазақстандық қоғамның құндылығын; Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің маңызын; мемлекеттік тілге және Қазақстан халқының тілдеріне құрметпен қарауды; қоғамдағы адамның адамгершілік мінез-құлық нормаларын; өз өмірінің мектеп өмірімен, ауыл, қала, ел өмірімен тығыз байланыста екендігін; қоғамға қызмет етудің маңыздылығын; әртүрлі елді мекен түрлерінің функционалдық және құрылымдық ерекшеліктерін; өз ойы мен сөзінің, іс-әрекетінің бір жерден шығуының маңыздылығын, олар үшін өз жауапкершілігін; ұлттық салт-дәстүрлердің мәнін; адам өміріндегі және қоғам дамуындағы саяхаттардың рөлін; адамның өзін тануы мен өзін дамытудың маңыздылығын; «еңбек», «өзара түсіністік», «өмірге қуанышпен қарау», «қиындыққа мойымау», «мейірімділік», «жомарттық», «кеңпейілділік», «отаншылдық», «шығармашылық» ұғымдарының мазмұнын және маңыздылығын; цифрлық ортада жауапты және этикалық мінез-құлық қағидаларын; заңды сақтау, қоғамдық келісімді және адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуді біледі; салауатты өмір салтын ұстануы керектігін; табиғаттың өмірлік қуат көзі ретіндегі мәнін; табиғатқа қамқорлық көрсетудің маңызын түсінеді;
3) таным әдістерін қоғамдық процестер мен құбылыстарды зерттеу үшін, оқу тапсырмалары мен шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатындағы жұмыстарды орындау үшін; қарапайым қаржылық қарым-қатынастардағы жеке басының тәжірибесі мен білімін; салауатты өмір салты туралы, жеке бас гигиенасы туралы, тамақтану және күн тәртібі туралы білімін; дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету туралы қарапайым білімін; қоршаған ортаға бейімделудегі өзінің жеке және қоғам тәжірибесін; отбасында және ұжымда өзара оң және достық қарым-қатынасты сақтау мақсатындағы қатынас принциптерін; отбасы, қоғам, мәдениет пен дәстүрлер туралы ақпаратты іздеу және жүйелеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) Қазақстанның әлемдегі орнын; қазақ халқының және елде тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мәдени және салт-дәстүрлерінің ортақ және ерекше белгілерін; жеке тұлғаның, отбасының, мектеп қауымдастығының даму факторларын; адам өміріндегі негізгі ресурстардың мәнін; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын; адамның көңіл-күйінің, сезімі мен адамдар іс-әрекетінің көрінісі, олардың себеп-салдарын; өзіндік эмоционалдық күйін; түрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған деректерді талдайды;
5) қоғамдық құбылыстар мен процестерді жүйелеу және топтастыру үшін білімі мен дағдыларын; қоғамның кейбір өзекті проблемаларын айқындау үшін білімі мен дағдыларын; кеңістікте (орын), уақытта (хронологияда), әлеуметтік ортада (қоғамда) бағдарлануы үшін жеке шешімдерін; отбасылық, тұлғааралық және қоғамдық салаларда коммуникация модельдерін; өмір қауіпсіздігі, саяхатты ұйымдастыру бойынша өз жобаларын жинақтайды;
6) адамгершілік нормасы тұрғысынан өзінің мінез-құлқы мен айналадағы адамдардың істерін; отбасының, қоғамның, мемлекеттің әрбір адам өміріндегі маңыздылығын; заманауи өмірдегі дәстүр мен фольклордың рөлін; тұтыну заттарының маңыздылығы мен құны бойынша құндылығын; сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тұлғааралық, қоғамдық және қаржы-экономикалық қарым-қатынас саласында өзінің ілгерілеу деңгейін, өзінің эмоциялық және физикалық қалпын; адамдардың тәртібін жалпы қабылданған адамгершілік нормалары тұрғысынан бағалайды.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. «Технология және өнер» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білімді аяқтағанда білім алушылар:
1) өнердің негізгі түрлері мен жанрларын; сызықтардың және формалардың негізгі түрлерін; негізгі және қосымша түстерді; сурет салуға және сәндік-көркем жұмыстарға керекті негізгі материалдар мен құралдарды; өнердің әр алуан түрлерінде жұмыс істеудің негізгі техникалары мен әдістерін; әлемдік және отандық өнер қайраткерлері туындыларының үздік үлгілерін; шығармашылық идеяларды берудің көркем әдіс-тәсілдерін; музыкалық сауаттылық негіздерін; әнді орындау және музыка тыңдау принциптерін; қазақтың дәстүрлі музыкасының негізгі түрлерін, жанрларын және стильдерін; халық аспаптар атаулары мен жіктеуішін; хор мен оркестр түрлерін; қазақтың дәстүрлі және классикалық музыкасының үздік үлгілері мен танымал орындаушыларын; Қазақстан композиторларының музыкасын және әлем халықтарының музыкасын; қарапайым компьютерлік музыкалық бағдарламаларды біледі;
2) өнердің өмірмен байланысын; орындау техникасының өнердің түрімен, стилімен, жанрымен байланысын; Қазақстанның сәндік-көркем өнеріндегі ұлттық салт-дәстүрлердің ерекшеліктері мен маңызын; қазақ халқының және басқа да әлем халықтарының мәдениетіндегі өнер туындыларының маңызын; музыканың адам өміріндегі маңызын; музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын; қазақ халқы мен әлемнің басқа халықтарының мәдениетін көрсететін дәстүрлі музыканы; халықтық музыканың композиторлар музыкасы үшін негіз қалаушы рөлін, өнер туындыларымен танысу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалану мүмкіндіктерін түсінеді;
3) заттарды бейнелеудегі композиция заңдарын; өнердің мәнерлілік құралдарын; идеяларды дамыту үшін әртүрлі ақпарат көздерін және цифрлық ресурстарды, ЖИ-ді; шығармашылық жұмыс жасау үшін әртүрлі көркем материалдарды, құралдарды және техникаларды; шығармашылық жұмысты жасау үшін өнердің түрлері, стилдері мен жанрлары туралы білімді; қауіпсіздік техникасының ережелерін; жеке және ансамбльде, хорда/оркестрде ән айтуда, музыкалық аспаптарда ойнауда сезімді, көңіл-күйді жеткізу үшін, қарапайым шығармаларды, импровизацияларды, шығармашылық жобаларды, оның ішінде компьютерлік музыкалық бағдарламаларды пайдалана отырып жасау үшін музыкалық сауаттылық негіздерін; музыкалық құбылыстарды, қоршаған өмірдің құбылыстарын дыбыс тілі арқылы түсіндіргенде музыканың түрлері, стилдері және жанрлары туралы білімді қолданады;
4) өзінің қызметін жоспарлау үшін әртүрлі дереккөздерінен, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған ақпаратты; қазақ халқының және әлемнің басқа да халықтары өнерінің стильдері мен жанрларын; өнер туындыларын жасау үшін қолданылған материалдар мен техникаларды; эксперименталдық, зерттеу жұмыстарын жүргізуде көркем материалдар мен аспаптардың қасиеті мен сапасын; өзінің шығармашылық қызметінің процесі мен нәтижелерін; адам өміріндегі музыканың рөлі мен мәнін; дәстүрлі қазақ музыкасы мен әлем халықтары музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын, сондай-ақ мазмұнын; халық және симфониялық оркестрлердің музыкалық аспаптарының ерекшеліктерін; жеке музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау және импровизациялау үшін әртүрлі дыбыстар мен дыбыс әсерлерін талдайды;
5) шығармашылық жұмыстарды жасау үшін тәсілдер мен техникаларды, материалдың қасиеті мен мүмкіндіктерін; идеяларды дамыту үшін түрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, соның ішінде ЖИ-ден алынған ақпараттарды; шығармашылық жобаларды орындау және идеяларды, оның ішінде музыкалық компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып іске асыру үшін білімдерді, дағдыларды, ақпаратты, шығармашылық жұмысты әзірлеу үшін өнердің әртүрлі элементтерін; жобаларды визуализациялау және таныстыру үшін компьютерлік музыкалық бағдарламаларды қолдана отырып, жұмыс нәтижелерін жинақтайды;
6) көркем және музыкалық жұмыстардың негізгі мақсатын, образдары мен идеяларын; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін мәнерлілік құралдары мен материалдың қасиетін; көркем еңбек бойынша жеке/ұжымдық орындалған жұмыстарды; үйренетін музыканың адамгершілік-эстетикалық жағын, алынған шығармашылық қызмет нәтижесін, музыка мен көркем шығармашылықтың өмірдегі рөлін бағалайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Бастауыш білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ағзаның дамуына ықпал ететін негізгі дене шынықтыру жаттығуларын, оларды орындаудың принциптері мен техникасын; дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік принциптерін; сергіту жаттығулары мен ширатып шынықтыру жаттығуларын орындау принциптерін; дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді бақылау тәсілдерін; дене даярлығын жақсарту үшін дене бөліктері мен бұлшық еттерді дамыту әдістерін біледі;
2) дене шынықтырудың денсаулықты нығайтудағы маңызын; дене шынықтыру мен спорттың елдің дамуындағы және сол үшін мақтаныш сезімін қалыптастырудағы рөлін; орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін; әртүрлі дене жүктемелерінің қажетті қарқындылығына қамтамасыз етуін; дене, психикалық және эмоциялық саламаттылықты сақтау мен қолдаудың маңызын; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын тәуекелдерді; өзінің жағдайын бақылау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану мүмкіндіктерін түсінеді;
3) келісілген мақсаттарға қол жеткізу үшін өзіндік/бірлескен жұмысты орындау дағдыларын; кешенді дене жаттығуларын орындау кезінде қолданылатын композициялық амалдар мен ережелер туралы білімін; уақытты, кеңістікті, дағды мен қозғалыс координацияларын түсінетінін көрсете отырып, дене жаттығуларын орындаудың дұрыс бірізділігін; дене дамуындағы кемістіктерді және денсаулық үшін ықтимал тәуекелдерді жоятын арнайы жаттығуларды; дұрыс тамақтану мен қозғалу режимінің негізгі принциптерін; жаттығулар жасау және жаттығу түрлерін үйрену үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) болашақ оқуды және мінез-құлқын басқару үшін топта дене шынықтыру жаттығуларын орындаудағы өзінің жетістіктері мен тәжірибесін; дене шынықтырудың әр түріндегі жеке қабілеттерін және сенімділігін жақсарту; ортақ мақсатқа қол жеткізудегі ынтымақтастық және әділ жарыс жағдаяттарын; спортшылардың жетістіктері мен тәжірибесін зерделеу және салыстыру үшін цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен алынған физикалық белсенділік туралы деректерді талдайды;
5) қозғалыс түрлерінен тұратын белгілі бір қозғалыстар комбинацияларын; дене шынықтырудың алуан түрлі жағдаяттарына бейімделу үшін білім мен дағдыларды, өз жаттығуларының жоспарын құру және бақылау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдана отырып, нәтижені жинақтайды;
6) әртүрлі физикалық жүктемелерді орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; өзінің және өзгелердің физикалық мүмкіндіктерін; мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативтік және аралық бағалау нысанында жүзеге асырылады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 2-сыныптан бастап жүзеге асырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Негізгі орта білім беру мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы мынадай құндылықтарға негізделеді:
1) Тәуелсіздік және отаншылдық;
2) бірлік және ынтымақ;
3) әділдік және жауапкершілік;
4) Заң мен Тәртіп;
5) еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
6) жасампаздық және жаңашылдық.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Білім берудегі құндылықтарды дарыту негізінде білім алушылардың мынадай қабілеттері дамуы тиіс:
1) Қазақстан мүдделеріне қызмет етуге дайындығы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдау;
4) мемлекеттік тілді меңгеруге ынталану;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдениеттік алуан түрлілігін құрметтеу;
6) рухани келісім және толеранттылық идеяларын қолдау;
7) қоршаған ортаға және экологиялық тұрақтылықты сақтауға оң қарым-қатынас;
8) шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
9) коммуникативтілік және цифрлық технологиялар, соның ішінде жасанды интеллектіні (бұдан әрі – ЖИ) тиімді қолдана білу;
10) өмір бойы білім алу және үздіксіз жетілуге ұмтылу.»;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. «Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны басқа тілдік және тілдік емес оқу пәндерімен пәнаралық байланысты пайдалануды; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес тілдік дағдыларын дамытуды; қазіргі әлемде тілдерді оқытудың маңыздылығын түсінуді; рухани-адамгершілік құндылықтардың дамуын; көптілді және көпмәдениетті әлемнің тұтастығын түсінуді; қарым-қатынас процесінде тұлғаарлық және мәдениетаралық байланыстарды орнатуды; өзге елдердің мәдениетімен танысу арқылы әртүрлі көзқарастарды сыйлай білуге тәрбиелеуді; оқыту тілінде түрлі ақпарат көздерімен, цифрлық ресурстармен, ЖИ-мен жұмыс жасай білуді; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды қалыптастырады және дамытады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика», «Алгебра», «Геометрия», «Информатика және жасанды интеллект» оқу пәндерінде іске асырылады.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны математика мен информатиканың әлемдегі рөлін айқындау және түсіну қабілетін қалыптастыруды; математиканы ғылымның әмбебап тілі, құбылыстар мен процестерді модельдеудің құралы ретінде түсінуді; математика мен информатиканы оқыту кезінде орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, пәнаралық және пәнішілік байланыстарды; жалпы орта білім беру деңгейінде оқуды жалғастыруға және сабақтас пәндерді оқуға, оларды күнделікті өмірде пайдалануға қажетті базалық математикалық білім мен біліктерді меңгеруді; бағдарламалау технологиясының және цифрлық технологиялардың теориялық негіздері аясында базалық білім жүйесін, информатиканы және басқа да пәндерді оқу кезінде цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып шынайы объектілер мен процестердің модельдерін қолдану және түрлендіру біліктерін меңгеруді; функционалдық сауаттылықты, логикалық, алгоритмдік және операциялық ойлауды, кеңістікті елестетуді, математика мен информатиканың түрлі тілдерін (сөздік, символдық, талдамалық, графикалық) пайдалану қабілеттерін, әртүрлі нысанда берілген ақпаратты қабылдау және сын тұрғысынан талдауды дамытуды қамтамасыз етеді.»;
29-тармақ алып тасталсын;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. «Адам және қоғам» білім беру саласының мазмұны білім алушыларда «Адам – Қоғам» жүйесі шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім негіздерін қалыптастырып, дамытады. Оқу пәндерінің мазмұны білім алушыларда тарихи ойлау, өткен және қазіргі жағдайды, олардың өзара байланысын түсіну мен ұғыну, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтік ақпарат көздері материалдарды талдауға негізделген қорытындылар жасау және соның негізінде ешкімге тәуелсіз тұжырым жасау, өзіндік сараланған шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға; отаншылдық сезімін тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты түсінуді, әлеуметтік-мәдени байланыс жағдайында тиімді өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру және коммуникативтік құралдарды таңдау үшін белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға; жалпыадамзаттық, этномәдени құндылықтар жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға жеке қатынасын айқындай білуін дамытуға, «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асырады.»;
34-тармақ алып тасталсын;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. «Дене шынықтыру» білім беру саласының мазмұны денсаулықты нығайтуға, негізгі дене бітімі қасиеттерін дамытуға және ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға; қозғалыс мәдениетін қалыптастыруға, қозғалыс тәжірибесін жалпылай дамыту мен түзетуге бағытталған физикалық жаттығулар арқылы байытуға; дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-сауықтыру іс-әрекеті дағдысы мен іскерлігіне, дене жаттығуларын жасауды өз бетінше ұйымдастыруға үйретуге; базалық және ұлттық спорт түрлерінің техникалық қимылдарымен амалдарын меңгеруге; отаншылдық сезімге, өз Отаны үшін еңбек етуге, ерік-жігерді қалыптастырып, дамытады.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Білім беру ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін сақтайды.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шетел тілі;
3) көркем еңбек;
4) информатика және жасанды интеллект бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында қалалық білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
Білім беру ұйымдарында көркем еңбек бойынша сыныптың толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге болады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.»;
44-тармақ алып тасталсын;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. «Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша негізгі орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Ана тілі» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілдерінде жүргізілетін сыныптар үшін):
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым және айтылым:
қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын жүзеге асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; тақырыбы/басы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз ойын білдіру кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды; сөйлеу әрекетінің түрлерін және коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
2) оқылым:
әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;
3) жазылым:
естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (диктант, мазмұндама, шығарма) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін) / «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды;
2) айтылым:
талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын; сөйлеу және коммуникативтік дағдыларды жетілдіру үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
3) оқылым:
оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады;
4) жазылым:
әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
«Қазақ әдебиеті» / «Орыс әдебиеті» / «Ұйғыр әдебиеті» / «Өзбек әдебиеті» / «Тәжік әдебиеті»:
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халық тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттеулерін біледі, өлең мәтіндері мен прозалық мәтіндердің фрагменттерін (таңдауы бойынша) жатқа біледі; оқылатын шығармалардан дәйексөздерді біледі;
2) ұлттық көркем мұраның әлемдік мәдениеттегі мәнін; әдебиеттің мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретіндегі рөлін; адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемаларын, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем шығармалардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық және астарлы айтылған мағыналарды түсінеді;
3) әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат дайындау; жазбаша әңгіме құрастыру үшін әдеби кейіпкерлердің диалогын (оқығанының негізінде) дайындау – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме) мінездеме беру кезінде, өз бетімен оқыған кітапқа шағын жазбаша пікір дайындау кезінде; талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру процесінде; өзі үшін өзекті оқу ортасын анықтау және көркем шығармаларды бағалау; пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу; қажетті ақпаратты іздестіру үшін алған білім, білік және дағдыларын; оқытылатын шығармаларды талдау үшін арнайы терминдер мен ұғымдарды; өзекті проблемаларды талқылау кезінде меңгерген дағдыларын; өз ойын білдіру, мәдени іс-шараларға қатысу үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін қолданады;
4) оқығанына өзінің көзқарасын дәлелмен тұжырымдай отырып, әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды; тақырыпты, идеяны және шығарма композициясының, сюжет ерекшеліктерін, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, негізгі эпизодтарын, кейіпкерлердің іс-әрекетін және амалдарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін талдайды, оларды әлем әдебиеті туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстырады;
5) көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау; фактілерді, детальдарды тарихи деректермен салыстыру; әртүрлі жоспарлар құру үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімін, білігін және дағдыларын жинақтайды;
6) оқыған шығарманы композициялық, стильдік тұтастығы, тілдік ресімделуі және қойылған коммуникативті міндеттерге қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
«Шетел тілі»:
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді; екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты фактілерді анықтайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде егжей-тегжейлі ақпаратты түсінеді; қосымша ақпарат алу мақсатында естігені негізінде күрделі сұрақтар құрастырады; түпмәтіндік мәнге сүйене отырып, естігені бойынша ой қорытады; оқытылған тақырыптар шеңберінде арнайы ақпаратты ажырата алады; оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген дәлелдердің сәйкессіздігін анықтайды;
2) айтылым:
оқытылған тақырыптар шеңберінде оқиғаның логикалық дамуын құрастырып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді; формальді және формальді емес стильдерді қолданады; оқытылған тақырыптар шеңберінде ақпаратпен таныстырады; оқытылған тақырыптар аясында мәтіннің атауы, иллюстрациялары, тірек сөздері мен үзінділері негізінде оның ықтимал мазмұнын болжайды; нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін құрбы-құрдастарымен (жұпта, топта) бірлесіп жұмыс жасайды; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; өз көзқарасын негіздей отырып, пікірін білдіреді; өз ой-пікірлерін дайындау және негіздеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
3) оқылым:
оқытылған тақырыптар шеңберінде әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды; оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі егжей-тегжейлі ақпаратты ажырата алады; түрлі цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді (анықтамалық материалдар, сөздіктер) пайдаланады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі арнайы ақпаратты және мәтіндердің әртүрлі стилі мен жанрларын анықтайды; мәтіннің атауы, мәтін үзіндісі, иллюстрациялары, түйін сөздері негізінде оның ықтимал мазмұнын болжайды; автордың көзқарасын немесе пікірін анықтайды; түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды;
4) жазылым:
кестелерді, диаграммаларды, схемаларды, сауалнамаларды, формуларларды және т.б. толтырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде жоспар құрады, мәтінді жазады, редакциялайды және түзетеді; коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінділер алады; бұрын оқыған тақырыптар бойынша алған біліміне сүйене отырып, шынайы және/немесе ойдан шығарылған өткен, осы шақтағы және болашақта болатын оқиғаларды суреттейді; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтарды бір-бірімен байланыстырады және үйлестіреді; оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс қояды; тиісті ережелер мен форматты сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанрда мәтіндер құрайды.»;
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«52. «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын; сандар жіктемесін; нақты сандармен есептеу амалдарын; қарапайым математиканың негізгі формулаларын; функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін; алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін; көпбұрыштар жіктемесін; жазық фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық, статистикалық және геометриялық анықтамаларын; статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін; ақпарат, деректер, ақпараттық үдерістер, цифрлық технологиялар және ЖИ туралы ғылыми түсініктердің негіздерін; қазіргі қоғамдағы деректер мен ЖИ-дің рөлін; компьютерлік жүйелердің, компьютерлік желілердің және Интернет желісінің құрылуы мен жұмыс істеу негіздерін; алгоритмдеу, бағдарламалау және компьютерлік модельдеу арқылы есептерді шешу тәсілдерін; деректерді талдау мен ықтималдық модельдерге негізделген ЖИ-мен жұмыс істеу қағидаттарын; цифрлық технологиялармен және ЖИ-мен қауіпсіз, этикалық және жауапты жұмыс істеу қағидаларын біледі;
2) математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін; квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиома мен теорема сияқты математикалық категориялардың мағынасын; жазықтықтағы геометриялық салулар мен өлшемдердің қағидаттарын; таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін; компьютерлік жүйелердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуінің өзара әрекеттесуін; деректерді цифрлық түрде ұсыну, сақтау және өңдеу қағидаттарын; жасанды интеллект модельдерін оқытудағы деректердің рөлін; деректер сапасының цифрлық жүйелер мен ЖИ-дің жұмыс нәтижелеріне әсерін; цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді пайдаланудың экономикалық, құқықтық, этикалық және әлеуметтік аспектілерін; ЖИ-ді пайдалану арқылы алынған ақпарат пен нәтижелердің шынайылығын тексеру қажеттілігін түсінеді;
3) практикалық есептерді шешуде математикалық білімін; математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны; нақты сандарды есептеу амалдары; ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді; геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралардың қасиеттерін; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді; математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және бағдарламалық қамтылымды; ақпаратты іздеу, жинау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну үшін заманауи цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ; мәтіндік құжаттарды, графикалық нысандарды, презентацияларды, электрондық кестелерді және жобаларды жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді; практикалық міндеттерді шешуге арналған алгоритмдерді, бағдарламалау тілдерін және компьютерлік модельдерді; бірлескен жұмысқа арналған жергілікті, ауқымды және бұлттық сервистерді; цифрлық этика мен академиялық адалдық қағидаларын сақтай отырып, оқу және практикалық міндеттерді шешуге арналған ЖИ құралдарын қолданады;
4) заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрастырады; статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді; рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді; геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын; графика, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін; әртүрлі цифрлық нысандарда ұсынылған деректерді; объектілер мен үдерістердің компьютерлік модельдерін; қателерді анықтау және түзету үшін бағдарламалық кодты; цифрлық жүйелер мен ЖИ жұмысында пайдаланылатын деректердің сапасын, толықтығын және шынайылығын; ЖИ жұмыс нәтижелерін, олардың ықтимал шектеулерін, қателерін және алгоритмдік біржақтылық белгілерін анықтай отырып; бағдарламалау, модельдеу және цифрлық технологиялар құралдары арқылы есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін талдайды;
5) математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін; статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды; аксиомалар мен теоремалар арқылы дәлелді пікірлерді; геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып құрастыру есептерін шешу тәсілдерін; өз идеяларын ұсыну және іске асыру үшін мәтіндер, кестелер, деректер базалары, графикалық және мультимедиалық нысандар түріндегі ақпаратты; практикалық міндеттерді шешуге арналған алгоритмдерді, бағдарламаларды, цифрлық жобалар мен компьютерлік модельдерді; электрондық кестелерді, бағдарламалауды және ЖИ-ді пайдалану арқылы алынған деректерді өңдеу нәтижелерін; киберқауіпсіздік талаптарын, авторлық құқықты және цифрлық этика қағидаларын сақтай отырып, цифрлық деректер өнімдерін жасап жинақтайды;
6) есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін; берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын; шамалардың жуық мәндерін және олардың стандартты түрде жазылуын; жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін; ақпарат пен цифрлық ресурстардың сапасын, шынайылығын, пайдалылығын және тиімділігін; қойылған міндеттерге байланысты аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауды; алгоритмдердің, бағдарламалардың және компьютерлік модельдердің тиімділігін; цифрлық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін; цифрлық технологиялар мен ЖИ-дің адамға, қоғамға және қоршаған ортаға әсерін; ЖИ-ді пайдаланудың тәуекелдерін, соның ішінде деректердің құпиялылығы, шешімдердің ашықтығы, әділдік және жауапкершілік мәселелерін бағалайды.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) бастапқы географиялық, биологиялық, физикалық және химиялық ұғымдарды; заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының рөлін; негізгі биологиялық, физикалық және химиялық теориялар мен заңдардың мәнін; атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; энергия көздерін, оның түрлерін және қолданылу салаларын; практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін; физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін; механика (кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу физикасы (молекулалық физика және термодинамика), электр және магнитизм (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магниттік өріс, электромагнитті индукция), оптика (геометриялық және толқындық), кванттық физика элементтері, атом физикасы, астрономия бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; атом-молекулалық ілімді, атомның құрылысы және элементтер қасиетін; химиялық таңбаларды; заттардың жіктелуін; химиялық және физикалық, биологиялық құбылыстарды; химиялық байланыс түрлерін және заттардың құрылысын; химиялық реакциялардың типін, жүру белгілерін және заңдылықтарын; бейорганикалық және органикалық қосылыстардың маңызды кластарын және олардың қасиеттерін; электролиттік диссоциация теориясын; химиялық элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйесінің құрылымын; Қазақстанның химия және металлургия өнеркәсіптерінің маңызды салаларын; микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін; өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін; өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын; тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын; сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын; тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін, адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін; географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін; заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс жасау ерекшеліктері мен қолдану аясын; географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын, заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген өңірлер, елдер және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, функцияларын, орналасу факторлары мен даму серпінін; ғаламдық және өңірлік демографиялық проблемаларды; жекелеген аймақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси географиялық жағдайын, аумақтық-әкімшілік бөлінуін; Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін; халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын біледі;
2) шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм, оптика, атом физикасы, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын; биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың адам өміріндегі маңыздылығын; химиялық реакциялардың жүру жағдайларын; тотығу және қалпына келу процесін; органикалық және бейорганикалық заттар кластарының арасындағы айырмашылықтарды; ИЮПАК Теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағының халықаралық номенклатурасын; химиялық өндірістің технологияларын және ғылыми қағидаттарын; микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын; жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді; өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын, өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын; метаболизм процестерін; жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды; жердегі биокөптүрлілікті сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін; табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерекшеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді, геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара әрекеттестігінің сипатын; «Байқоңыр» ғарыш айлағының өңірлік және халықаралық маңыздылығын; ғылыми деректерді түсіндіру және процестер мен құбылыстарды болжау үшін цифрлық технологияларды, оның ішінде ЖИ-ді қолдану ерекшеліктерін түсінеді;
3) тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық, химиялық, биологиялық, географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін; қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика, химия, биология, географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; алынған білімдерін биологиялық, физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны; географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды; Қазақстан Республикасының ресурстық әлеуетін түсіну және талдау мақсатында түрлі нысандарды, процестер мен құбылыстарды зерделеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; заттардың қасиеті мен қолданылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты; адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын; трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын талдайды;
5) кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, цифрлық ресурстардың, ЖИ-дің көмегімен алынған ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді жинақтайды;
6) жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді, түрлі биологиялық, физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін бағалайды.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Отан және дүниежүзі тарихы кезеңдерін; Қазақстан және дүниежүзі тарихының ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; Отан және дүниежүзі тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін; тарих ғылымының базалық ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін; құқық пәні мен ұғымын; заманауи құқық жүйелерін; іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, Заң мен Тәртіп; Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі ережелерін; қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын; құқық дереккөздерін; гуманизмге, адалдыққа, Отан алдындағы борыш пен толеранттылыққа негізделген құндылықтар мен нормалар мәнін; адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа деген қарым-қатынасын ескеретін адамгершілік мінез-құлық негіздерін, әлеуметтік маңызды бағдарды; адамның жағымды және жағымсыз қасиеттері, эмоциялары мен сезімдері туралы ұғымдарды; мемлекеттік тілдің, мемлекеттік рәміздердің және Қазақстан халқының мәдени әртүрлілігінің маңызын; медиасауаттылықтың, цифрлық этиканың және ақпараттық ортада қауіпсіз мінез-құлықтың негіздерін біледі;
2) тарихтың барлық кезеңдері арқылы Отан және дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін; Қазақстан мен түрлі шет елдердің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін; Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, дүниежүзі тарихындағы оның рөлі мен орнын; Отан және дүниежүзі тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын; өзін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуі нысанында азаматтық және ұлттық біртектілігін; Отан және дүниежүзі тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарау қажеттігін; мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы; қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын; құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін; әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін; тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін; адамның ұдайы өзін-өзі дамыту мен тану қажеттілігін; жалпы адамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын; сөзі мен әрекеті үшін жауапкершілікті; отбасындағы, ұжымдағы және қоғамдағы өзінің рөлін; болашақ мамандығын саналы таңдау маңыздылығын; өмірде өзара көмектің маңыздылығын; практикада салауатты өмір салты туралы білімді қолдана отырып, өз өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде; цифрлық ресурстардың, ЖИ-дің көмегімен алынған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қажеттілігін түсінеді;
3) тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін; тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі объектілердің орналасқан жерін анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде; Қазақстанның және әлемнің басқа да елдерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде; тарихи негізіне сүйеніп, конструктивті ұстаным білдіреді; тарихи материалдармен жұмыс кезінде; күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты; құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібін таңдау кезінде; құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау кезінде; тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде; өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер туралы пікірталастарда; қоғамға, мемлекетке қызмет етуді; адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату кезінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына сүйене отырып, қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын негізге алады; алынған білімді, білікті және дағдыны өмірде қолданады;
4) себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді; жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын; тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін; тарихи параллельдер жүргізу арқылы Қазақстан мен әлемнің жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін; проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи және цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ-ден алынған ақпараттарды; бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге байланысты түрлі көзқарастарды; түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған ақпараттарды; қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді; құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды; жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктерін; түрлі деректерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды; адамдарда тұлғалық өзін-өзі анықтау, өзін-өзі таныту, өзін-өзі бақылау қабілетін қалыптастыру нысандары мен әдістерін; материалдық және материалдық емес жоспардың қажеттіліктері және олардың қалауы мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуін талдайды;
5) жалпы заңдылықтарды анықтап, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған ақпараттарды; қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді; қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін жинақтайды;
6) тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді; әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын; заманауи өркениеттің перспективасын, оның дамуындағы қиындықтар мен проблемаларды; қазіргі қазақстандық қоғамның әлемдік экономикадағы, саясаттағы және мәдениеттегі рөлін; қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін; «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасында белгіленген құндылықтардың, «Заң мен Тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы негізінде қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәнін, нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету, белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. «Технология және өнер» білім беру саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өнер түрлерінің әртүрлі стильдері, бағыттары мен жанрларының жіктеуіші мен ерекшеліктерін; музыка мен өнердің бейнелеу және суреттеу құралдарын; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының пайда болу тарихын; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының сәндік-қолданбалы өнердегі салт-дәстүрлерін; әлемдік және ұлттық үздік музыка мен өнер туындыларын; халық және классикалық музыка аспаптарының жіктемесін; табиғи, жасанды және көркем материалдардың негізгі түрлері мен қасиеттерін; кейбір материалдардың қолмен, механикалық және көркем өңдеудің негізгі технологияларын; тамақ дайындаудың негізгі технологияларын; электротехникалық жұмыстардың негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасын; электротехникалық материалдардың жіктемесін; технологиялық машиналардың, аспаптардың, аппараттар мен құралдардың жіктемесін; технологиялық машиналар мен жабдықтардың тұтынымдық және функциялық сипаттамасын; тоқыма бұйымдарын өңдеу, құрастыру және модельдеу негіздерін; өнер саласында қолданылатын заманауи цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді және бағдарламалық қамтылымды; жабдықтармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларын біледі;
2) адам мен қоғам өмірінде, қоршаған ортаны қорғау мен сақтауда өнер түрлерінің, техника мен технологияның маңызы мен рөлін; қазақ халқының және әлемнің басқа халықтарының музыка мен бейнелеу өнері туындыларының құндылығын; өнер түрлерінің стильдері мен бағыттарының тарихи кезеңдермен байланысын; шығармашылық ойды түрлі өнер құралдары арқылы жеткізудің ерекшеліктерін; табиғи және жасанды материалдар қасиеттерінің бұйымдардың функциялық және эстетикалық сапасына әсерін; шешім қабылдау, идеяларды дамыту, шығармашылық бұйымдарды жасау үшін топтық және ұжымдық жұмыстың маңызын түсінеді;
3) әртүрлі өнер түрлерінде шығармашылық жобаларды жасау үшін; қарапайым электромонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін; қоршаған әлемдегі образдарды, заттар мен құбылыстарды бейнелеуде көркем әдістер мен тәсілдерді, оның ішінде компьютерлік бағдарламалар мен цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы; бұйымдарды, сондай-ақ өнер туындыларын жасау және дайындау барысында конструктивті, көркем материалдардың түрлі қасиеттері туралы білімін; жаңа бұйымдардың прототиптерін жасау үшін материалдарды өңдеудің негізгі технологияларын цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, өз идеяларын коммерциялық салада жүзеге асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжытудың түрлі тәсілдерін; өз еңбегін жоспарлау және ұйымдастыру әдістерін; қоршаған ортадағы экологиялық проблемаларды өнер арқылы көрсету тәсілдерін қолданады;
4) түрлі өнер туындыларындағы шығармашылық идеялар мен ойларды; өнер қайраткерлерінің және өзінің жұмысында пайдаланылған тәсілдерді, техникалар мен материалдарды; сапаны жақсарту мақсатында жасалған бұйымдардың прототиптерін; шығармашылық еңбек нәтижелерінің тұтынушылық мүмкіндігін; әлеуметтік-тарихи, өңірлік, ғылыми-техникалық, мәдени факторлардың өнер туындыларына ықпалын; өнердің, технологиялар мен өндірістің қоршаған ортаға және адамның тіршілік әрекетіне әсерін; цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ арқылы алынған ақпаратты талдайды;
5) әртүрлі өнер түрлері бойынша шығармашылық жобаларды, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, әртүрлі материалдар және құралдарды пайдалану арқылы түрлі техникаларда жұмыс жасаудың әдістері мен тәсілдерін; түрлі стильдер мен жанрларда импровизация, аранжировка жасау үшін әртүрлі идеяларды; шығармашылық жұмыстарды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыларды; материалдардың технологиялық және пайдаланылу қасиеттерін ескеріп, кейбір бұйымдарды жасау үшін конструкторлық және дизайнерлік шешімдерді жинақтайды;
6) түрлі өнер туындыларындағы негізгі ойды, образдар мен идеяларды; ұлттық және әлемдік өнер туындыларының көркемдік және эстетикалық құндылығын; өздігінен/ұжыммен орындаған көркемдік, техникалық жұмыстарды; бұйымдардың функционалдық, эргономикалық және тиімділік мүмкіндіктерін; еңбек өнімдерінің тұтынушылық сапасын және технологиялық операцияларды орындаудың сервистік мүмкіндіктерін бағалайды.»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. «Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру сабақтарында қауіпсіздік ережелері мен техникасын; қимыл-қозғалыстарды, әр бағыттағы дене шынықтыру жаттығуларының кешендерін; дене шынықтыру сабақтары кезіндегі ағзадағы өзгерістерді (сыртқы және ішкі белгілері бойынша) және дене шынықтыру жүктемесінің режимдерін (жүрек соғуының жиілігі бойынша) бақылау әдістері мен тәсілдерін біледі;
2) еңбекке қабілеттілік деңгейін арттыру үшін денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігін; күн режимінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін; дене шынықтырудың ағза жүйелерінің функционалдық күйіне ықпал етуін; салауатты өмір сүрудің қажеттілігін; орындалатын қимыл-қозғалыстардың күрделілік деңгейін; дене даярлығының түрлі сатыларында дене шынықтыру жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттігін түсінеді;
3) денені жетілдіру үшін кең диапазондағы іс-қимыл дағдыларын; өзінің және топтың қызығушылығын есепке ала отырып, жеке және бірлескен дене шынықтыру сабақтарын болжау; өзінің және басқалардың дене шынықтыру тәжірибелерін байыту үшін білімі мен дағдыларын; оқу бағдарламасында көрсетілген спорт ойындары мен циклдік спорт түрлерінде тактикасы мен стратегиясын; бағдарламадағы спорт түрлері бойынша мектеп жарыстарында қазылық жасау кезіндегі қағидалар туралы білімін қолданады;
4) болашақ оқуды және топтағы мінез-құлықты басқару үшін дене шынықтыру жаттығуларындағы жетістіктер мен тәжірибені; іс-әрекетті оңтайландыру негізінде өзі-өзі дамытуға және білімін жетілдіруге даярлығын және қабілеттілігін; қысқа және ұзақ уақытты жаттығулар кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді басқарудың түрлі әдістерін; қысқа мерзімді және ұзақ жаттығулар кезінде адам ағзасындағы физикалық өзгерістерді цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен басқарудың түрлі әдістерін талдайды;
5) қозғалыстың түрлері мен олардың ретін қозғалыстың жақсартылған комбинациясында; цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен алынған салауатты және қауіпсіз өмір салтына қатысты білімдері мен дағдыларын; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде проблемаларды зерттеу және шешу үшін сын тұрғысынан ойлау құралдары мен білімін; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің қағидаларын білуді жинақтайды;
6) өзінің физикалық қабілеттері мен басқалардың қабілеттерін; түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді; денсаулықтың түрлі аспектілеріне дене жаттығуларының әсерін; салауатты өмір салтын таңдау мен қалыптастыруда, мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысуда белсенді шығармашылық іс-әрекетке араласу үшін өзінің әлеуетін бағалайды.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу пәнінің аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру мазмұны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасындағы мынадай құндылықтарға негізделеді:
1) Тәуелсіздік және отаншылдық;
2) бірлік және ынтымақ;
3) әділдік және жауапкершілік;
4) Заң мен Тәртіп;
5) еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;
6) жасампаздық және жаңашылдық.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Білім беру құндылықтарын сіңіру негізінде білім алушыларда:
1) Қазақстанның мүдделеріне қызмет етуге әзірлігі;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының нормаларын құрметтеу және сақтау;
3) әлеуметтік жауапкершілік және шешім қабылдай білу;
4) мемлекеттік тілді меңгеру;
5) Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, әлемнің мәдени әралуандығын құрметтеу;
6) рухани келісім мен төзімділік идеяларына бейімділік;
7) қоршаған әлемге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң көзқарас;
8) шығармашылық және сыни ойлау;
9) коммуникативтілік және цифрлық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні (бұдан әрі – ЖИ) тиімді қолдана білуі;
10) өмір бойы білім алу және өзін-өзі жетілдіруге уәждемелеуі дамуы қажет.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жалпы орта білім берудің мақсаты:
кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады:
1) білімді функционалдыққа және шығармашылыққа қолдану;
2) сын тұрғысынан ойлау;
3) зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану;
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдану;
6) топта және жеке жұмыс жасау білігі;
7) мәселелерді шешуі және шешім қабылдау.»;
23-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Информатика және жасанды интеллект».
«Информатика және жасанды интеллект» курсының мазмұны ақпаратты іздеу, талдау, сын тұрғысынан бағалау, таңдау, ұйымдастыру, беру және өңдеу, объектілер мен процестерді модельдеу ептіліктерін дамытуға; есептерді шешу және цифрлық технологиялар мен әдістерін меңгеруге арналған.»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Бастапқы әскери даярлық».
Оқу пәнінің мазмұны білім алушыларда әскери істің негіздері, Қазақстан Республикасының қорғаныс күштерінің қазіргі құрылымы мен мүмкіндіктері туралы жүйелі түсініктің қалыптасуын; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметті мемлекет пен қоғамға қызмет етудің бір нысаны ретінде түсіну туралы білімнің қалыптасуын; оқу қаруымен және қорғаныс құралдарымен қауіпсіз жұмыс істеудің тұрақты практикалық дағдыларын; әртүрлі жағдайларда шағын бөлімше құрамында әрекет етуге арналған базалық тактикалық дағдыларды; дәстүрлі және цифрлық навигациялық жүйелерді пайдалана отырып, жергілікті жерде бағдарлай білу іскерліктерін; азаматтық пен отаншылдық дүниетанымын қалыптастыруды; тұлғалық тұрақтылықты, ерік-жігер қасиеттерін және көшбасшылық дағдыларды дамытуды; дрондар, ЖИ, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) және цифрлық басқару жүйелері сияқты заманауи технологиялардың мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі рөлін түсінуді; білім алушыларды әскери қызметті саналы түрде таңдауға даярлауды; қабылданатын шешімдер үшін қауіпсіздік мәдениеті мен жауапкершілікті қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Практикалық даярлық міндетті түрде тактикалық іс-қимылдарды қауіпсіз модельдеу, дрондарды басқару және командалық үйлестіруді пысықтау үшін үшөлшемді симуляторларды (геотактикалық платформаларды) пайдалануды қамтиды. Алынған білім мен дағдыларды нақты жағдайларда бекіту міндетті түрде оқу-далалық сабақтарды өткізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Оқу пәні әскери-отаншылдық тәрбиелеу жүйесінде, білім алушылардың әскери саладағы цифрлық және функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Оқу пәні Қазақстан әскерінің даму тарихымен танысу және оның бүгінгі жай-күйін зерделеу арқылы әскери тұрғыдан жігерлі, батыл, денсаулығы мықты, әскери тұрғыдан функционалдық сауатты тұлғаны дамытуға арналған.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны – 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шетел тілі;
3) информатика және жасанды интеллект оқу пәні бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында қалалық білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Міндетті оқу пәндері қатарына «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Ана тілі» мен «Әдебиет» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін), «Шетел тілі», «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия», «Информатика және жасанды интеллект», «Қазақстан тарихы», «Құқық негіздері», «Дене шынықтыру», «Бастапқы әскери даярлық» пәндері енеді.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Міндетті оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда оқытудан күтілетін нәтижелер.
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін).
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым және айтылым:
сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды; сөйлеу әрекетінің түрлерін және коммуникативтік дағдыларды дамыту үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланады;
2) оқылым:
түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып, шешу жолдарын ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сын тұрғысынан бағалау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
3) жазылым:
түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)/ «Орыс әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдауы бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ құралдарын пайдалану арқылы біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем-бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді, цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ мүмкіндіктерін: шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін, белсенді азаматтық ұстанымы мен адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөйлеуде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін құрауда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығармада көтерілген мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды және шығарманың адамгершілік-рухани мазмұны туралы негізделген пікірлерді жинақтайды.
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзінің белсенді оқу аясын айқындау мақсатында көркем шығармаларды бағалайды.
«Ана тілі», «Әдебиет» (оқыту ұйғыр/өзбек/тәжік тілінде жүргізілетін сыныптар үшін):
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым және айтылым:
сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдына қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және оның шешу жолдарын цифрлық ресурстардың, ЖИ-дің көмегімен ұсынады, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық нормаларды сақтайды;
4) әдебиет дамуындағы негізгі үрдістерді, оның қоғам дамуымен байланысын; әдебиет саласындағы көрнекті қайраткерлердің биографиялық деректерін; әлемдік әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін; әдебиет теориясы туралы негізгі түсініктерді; толық және шолып оқу бағытында олардың нақты мазмұнын айту үшін (басты кейіпкерлерді, негізгі сюжеттік желісі мен оқиғаларды) шығарманың мазмұнын біледі;
5) тарихи-мәдени және әдеби процестегі шығармалардың орны мен рөлін; көркем әдебиетте көрсетілген ұлттық құндылықтарды, оның тарихи дамуында әдебиеттің қалыптасу процесін; шығармалардың идеясын және оны жеткізе білудегі автордың шеберлігін, қолданған әдістерін; шығармадағы құрылымдық элементтердің мағынасын (сюжет және композиция, көпқырлы көркем детальдар мен оның мәтінде берілген проблемамен астарласуы, көркем сөзді бейнелеуіш құрал ретінде тиімді пайдалануы); автордың негізгі ойын, жазушының өз шығармасындағы кейіпкерлері мен оқиғаларға көзқарасын, авторлық ұстанымды; шығарма арқылы берілетін көңіл-күйді түсінеді;
6) әдеби тақырыпқа ауызша немесе жазбаша пікір дайындау барысында, өзінің талдамалы сипаттағы мәтінін құруда, зерттелген мәтінді түсіндіруде; өзі үшін оқуға белгілеген идеялық-тақырыптық тұрғыдан алуан түрлі өнер туындыларын және көркем шығармаларды бағалауда; пікірталастарда, жұрт алдында сөз сөйлеуде белсенді азаматтық ұстанымы мен рухани-адамгершілік қасиеттерін білдіруде, көркем әдеби шығарманы өзіндік талдауда жинақтаған білімі мен дағдысын, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
7) әдеби шығарманы оның мазмұнын тұжырымдай отырып, әңгімелеу арқылы; әртүрлі жанрдағы шығармаларды талдай отырып, шығарма желісінде оқиға болған уақытты, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінікті, нақты тарихи және өзекті мәселелерді; автордың шығарма негізіне алған идеясы бойынша ой қозғайды, талдайды;
8) аннотация, пікір жазу үшін оқыған шығарманың мазмұнын; түрлі ақпарат көздерінен, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған ақпараттарды шығармашылық жұмыстарға негізге алу үшін, өзінің жеке көзқарасы мен алынған ақпаратты; қазақтың және өзге ұлттардың құндылықтарымен байланыстырудағы әдістерді; көркем шығарманың жанрлық шығу тегіне сәйкес талдаудың әдістерін жинақтайды;
9) көркем шығармалардың құндылығын;
ұлттық әдебиеттің өзіндік ерекшелігін және оның әлем мәдениетінің контексіндегі алатын орнын; көркем шығарманың мазмұны жағынан өзектілігін және оның адамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мәнін; шығарманың композициялық және стильдік тұрғыдан үйлесімін, тілінің байлығын, қойылған коммуникативтік міндеттерге жетудегі тиімділігін ауызша және жазбаша жеткізуді; басқа да көркем шығарма құралдары арқылы көркем мәтінді әңгімелеуді бағалайды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін)/ «Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптар үшін):
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын, коммуникативтік ниетін, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын, сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, адамгершілік-рухани, отаншылдық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты идеяларды цифрлық ресурстардың, ЖИ-дің көмегімен жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын толық түсінеді; мәнмәтіннен таныс емес сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі дереккөздерден, цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ-дан алынған ақпараттарды іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге байланысты оқудың әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтап, түрлі типтегі және стильдегі мәтіндерді құрастырады; ақпараттарды зерттеу және жинақтау негізінде түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге әртүрлі жоспарлар құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, отаншылдық және тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы мәселелерін қарастыра отырып, көркем әдебиет шығармалары бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл жеткізу үшін көркемдеу құралдарын, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады.
«Шетел тілі»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
әртүрлі жанрлардағы түпнұсқалық мәтіндердің негізгі мазмұнын, таныс және жартылай таныс тақырып бойынша диалогтерді түсінеді; формалар, кестелер, сызбаларды толтыру үшін анағұрлым функционалдық маңызды мағыналық, оның ішінде толық және ерекше ақпаратты цифрлық технолгиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен іріктейді; әртүрлі білім беру салаларының, сонымен қатар тілдесудің өзге де салаларының мәтіндерінде кездесетін терминдер мен негізгі бірліктерінің мәнін түсінеді; дерек пен пікірді ажырата алады; оқыған және жалпы тақырыптар шеңберінде әртүрлі жанр мен стильдегі орта көлемдегі мәтін ішінен сәйкессіздіктерді тауып алады және өзара салыстыра алады, мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсінеді;
2) айтылым:
ресми және бейресми күнделікті тілдесу жағдаяттарында диалог жүргізеді; тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын қолданып, өзінің сөздерін дұрыс рәсімдейді; алдын ала ұсынылған қоршаған шынайы ортаға деген эмоционалды тұрғыдан бағалаудағы көзқарасын білдіреді; өзінің көзқарасын дәлелдеп, мәтіндерді талдайды және салыстырады; оқиғаларды, пікірлерді және мәселелерді бағалайды, пайымдайды; қорытынды жасайды және берілген мәселе бойынша цифрлық технолгияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланып, өзінің шешу жолдарын ұсынады;
3) оқылым:
белгілі бір күрделіліктегі публицистикалық, ғылыми танымал, көркем мәтіндердегі негізгі мазмұнды түсінеді; оқудың әртүрлі стратегияларын пайдаланады; оқиғалар мен құбылыстардың уақытша және себеп-салдарлық өзара байланысын анықтайды; кітаптарды, цифрлық ресурстарды және ЖИ-ді пайдалана отырып, сөздердің мағынасын талдайды және салыстырады; түрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің мазмұнын сын тұрғысынан бағалайды;
4) жазылым:
жазбаша хабарлама тезистерін жасайды, жоспар құрады, түрлі жанрлар мен стильдердегі мәтіндерді редакциялайды және түзетеді; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; медиа-ақпарат негізінде дәлелге сүйенген мәтін жазады; мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіре отырып, проблемалық сипаттағы мәтіндер жазады; іскерлік хаттар мен құжаттарды дайындайды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдаланып әртүрлі тақырыптарда эссе жазады (150-200 сөз).
«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін және графиктерін; күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын; тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін; рационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін; көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын; көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын; стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын; кеңістіктегі вектор ұғымын; сфераның теңдеуін; статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар ұғымдарын; фунцияның нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын; нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын; функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін; алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы функцияларының анықтамаларын; анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табу формулаларын біледі.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша иррационал теңсіздіктерді шешу әдістерін; ықтималдықтарды қосу және көбейту формулаларын; Бернулли формуласын; дискретті кездейсоқ шамалардың таралу түрлерін; кеңістіктегі түзудің және жазықтықтың теңдеулерін; функцияның дифференциалының анықтамасын біледі;
2) бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын; «бас жиынтық», «таңдама», «дисперсия», «стандартты ауытқу» терминдерін; туындының геометриялық және физикалық мағыналарын; интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде; стереометрияның аксиомалар жүйесін және аксиомадан шығатын салдарды, геометриялық есептердің дәлелдеу тәсілдерін және шешімдерін түсінеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша координаталар әдісінің мәнін; алмастырулар саны, теру, қайталанбалы орналастыру формулаларының мәнін түсінеді;
3) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін; қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын; есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының, жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен қасиеттерін; геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын; геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдар ережелерін; векторлардың коллинеарлық және компланарлық шарттарын; функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын табу тәсілдерін; туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін; анықталған интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон-Лейбниц формуласын қолданады.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша: иррационал теңсіздіктерді шешу алгоритмдерін; жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномын; Бернулли формуласын; функция графигінің асимптоталарын табу тәсілдерін қолданады.
4) кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтық пен айналу денелерінің өзара орналасуын; айналу денелерінің жазықтықпен қимасын; графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды; геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ол есептерді туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады; кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын есептейді.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша көпжақтардың (текше, тікбұрышты параллелепипед, пирамида) жазықтықпен қимасын талдайды және деректерді талдау үдерісінде цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
5) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің түрлі әдістерін; иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін; көпжақтар және айналу денелерінің жазбаларының модельдерін; нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін жинақтайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша оқиға ықтималдығын табуға арналған комбинаторика формулаларын; иррационал теңсіздіктерді шешудің түрлі тәсілдерін; кері тригонометриялық функциялардың анықтамалары және өзара кері функциялардың қасиеттері негізінде кері тригонометриялық функциялардың қасиеттерін жинақтайды; жинақтау және талдау барысында цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
6) тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешімдерін; иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің вариацияларының көрсеткіштері мәндерін бағалайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қосымша иррационал теңсіздіктердің шешімдерін бағалайды.
«Информатика және жасанды интеллект»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ЖИ-дің дамуының негізгі кезеңдерін және оны қолданудың заманауи бағыттарын; машиналық оқыту модельдері мен жасанды нейрондық желілердің жұмыс істеу қағидаттарын; деректер базасын басқару жүйелерінің мақсаты мен құрылымын; реляциялық деректер базасының негізгі ұғымдарын; веб-қосымшалар мен мобильді қосымшаларды жобалау және әзірлеу әдістерін; деректерді өңдеу, сұрыптау және графтарды айналып өту алгоритмдерін; криптографияның, киберқауіпсіздіктің негіздерін және блокчейн технологиясын; процессорлар архитектурасы мен логикалық сұлбалардың жұмыс істеу қағидаттарын біледі;
2) ЖИ-дің, деректердің және цифрлық технологиялардың қоғамның дамуындағы рөлін; машиналық оқыту алгоритмдерінің, нейрондық желілердің жұмыс істеу қағидаттарын; деректер базаларын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаттарын; әртүрлі алгоритмдер мен бағдарламалау әдістерінің ерекшеліктерін; бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің заманауи құралдарының мақсатын; ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарын; есептеуіш құрылғылар архитектурасының ерекшеліктерін және олардың деректерді өңдеу тиімділігіне әсерін түсінеді;
3) ЖИ технологиялары мен деректерді талдау құралдарын практикалық міндеттерді шешу үшін қолданады; бағдарламалау тілдері мен заманауи әзірлеу орталарын бағдарламалық өнімдерді жасау үшін пайдаланады; ақпаратты сақтау, іздеу және өңдеу үшін деректер базасын басқару жүйелерін қолданады; цифрлық шешімдерді әзірлеу үшін веб-әзірлеу және мобильді әзірлеу технологияларын пайдаланады; ақпаратты қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері; оқу, зерттеу және жобалық міндеттерді жүзеге асыру үшін цифрлық технологияларды қолданады;
4) деректерді, ақпараттық үдерістерді және алгоритмдердің жұмыс нәтижелерін талдайды; практикалық міндеттерді шешу кезінде әртүрлі алгоритмдер мен бағдарламалық шешімдердің тиімділігін бағалайды; деректер базасының құрылымын және ақпаратты сақтауды ұйымдастыру тәсілдерімен танысады; ЖИ технологияларының мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтайды; киберқауіпсіздік қатерлерін және олардың алдын алу тәсілдерін талдайды; есептеуіш жүйелер архитектурасының ерекшеліктерін және олардың өнімділікке әсерін түсінеді;
5) практикалық міндеттерді шешу үшін цифрлық объектілерді құрастырады; қойылған талаптар негізінде деректерді өңдеу модельдері мен алгоритмдерін құрастырады; ЖИ технологияларын пайдалана отырып жобаларды әзірлейді; кешенді шешімдерді жасау үшін әртүрлі бағдарламалық және аппараттық құралдарды біріктіреді; зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін бағдарламалық өнімдер мен жобалық жұмыстар түрінде ұсынады;
6) берілген критерийлер бойынша алгоритмдердің, бағдарламалық өнімдердің және шешімдердің тиімділігін бағалайды; деректердің сапасын және ЖИ модельдерінің жұмыс нәтижелерін бағалайды; цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді пайдаланудың тәуекелдері мен салдарын талдайды; цифрлық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін бағалайды; бағдарламалық құралдарды, әзірлеу технологияларын және есептерді шешу әдістерін таңдаудың орындылығын негіздейді; өзінің жобалық және зерттеушілік қызметінің нәтижелерін бағалайды.
«Қазақстан тарихы»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Орталық Азиядағы ежелгі мәдени ошақтарын және олардың орналасқан жерлерін; көшпенділіктің тарихи түрлерін; еуразиялық дала өркениетінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы қалалық мәдениеттің даму ошақтарын; әлемдік мәдени-тарихи прогреске едәуір ықпал еткен Орталық Азия халықтарының жетістіктерін; қазақ халқының этникалық тарихын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымын; Қазақстан полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихын; Қазақстан мемлекеттігі дамуының тарихи кезеңдерін; Қазақстандағы саяси ойдың дамуына едәуір үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; түрлі тарихи кезеңдердегі ұлттық мәдениет пен ғылымның маңызды жетістіктерін; Қазақстан тарихы бойынша негізгі тарихи деректер мен ғылыми еңбектерді біледі;
2) Қазақстанның тарихи даму процестері мен құбылыстарын, негізгі оқиғалардың мәнін; ежелгі Орталық Азияның өркениет ошақтарын, көшпенділіктің түрлері мен формасын, Қазақстан территориясындағы қалалық және көшпелі мәдениеттің сипатты белгілерін; әлемдік мәдени-тарихи прогресс үшін Орталық Азия халықтарының жетістіктерінің маңызын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан халқының өмір сүру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына географиялық фактордың ықпалын; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстандағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін; Қазақстанда саяси ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына тарихи тұлғалардың қосқан үлесін; ұлттық бірегейлікті сақтаудағы қазақтардың мәдени мұрасының маңызын; қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін Қазақстан этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу қажеттілігін; тарихи ақпаратты талдау және жүйелеу үдерісінде цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ пайдалану мүмкіндіктерін түсінеді;
3) Қазақстан мен Орталық Азия территориясында өмір сүрген мемлекеттер мен мәдениет ошақтарын уақыт пен кеңістікте анықтау кезінде; Орталық Азия көшпенділері мәдениетінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерін анықтауда; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық мәдени даму ерекшеліктерін анықтау кезінде; Қазақстанның дамуындағы тарихи тұлғалардың рөлін анықтауда; Қазақстанның өткен және қазіргі кездегі оқиғалары мен құбылыстарына қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, Заң мен тәртіпке, қоғамдық келісімге, отаншылдыққа, еңбекқорлыққа және тарихи-мәдени мұраны сақтауға негізделген құндылықтарды; цифрлық ресурстарды, ЖИ-ді қолданады;
4) Қазақстанның тарихи дамуын әлемдік тарих контексінде, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып; түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы өркениеттер мен мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, миграциялық, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатында Қазақстан тарихындағы тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; Қазақстан тарихы бойынша ғалымдардың еңбектері мен деректерді; Қазақстан аумағындағы этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; бүгінгі Қазақстанның даму үрдістері мен перспективаларын цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; Қазақстан мен әлемнің басқа аймақтарындағы тарихи дамудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларды; Қазақстан тарихы туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; тарихқа ықпалы контексінде тарихи тұлғалардың қызметін; Орталық Азия халықтары мәдениетінің әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін; тарихи мәліметтердің шынайылығын; Қазақстан тарихының этникалық, саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
«Дене шынықтыру»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін; әртүрлі бағыттылығы бар дене жаттығулары сабақтарының кешенін, қозғалыс қимылдарын орындаудағы ереже мен техниканы; дене жаттығуларының биодинамикалық ерекшеліктері мен мазмұнын, денені дамыту және денсаулықты нығайту міндеттерін шешуде оларды қолдану негіздерін; дене жүктемелері кезінде ағзасының қызмет етудегі физиологиялық негіздерін, дене шынықтыру арқылы оларды дамыту мен жетілдіру мүмкіндіктерін біледі;
2) өз ағзасының психикалық-функционалды ерекшеліктерін; дене тәрбиесімен жүйелі шұғылдану арқылы жеке тұлғаның дербес қалыптасу мүмкіндігі мен қасиеттерін; салауатты өмір салтын ұстануға қажеттілікті; атқарылатын қозғалыс әрекеттерінің ауырлық деңгейін; физикалық дайындықтың әртүрлі кезеңдерінде түрлі физикалық жүктеменің талап етілген қарқындылығына жету қажеттілігін; денсаулық көрсеткіштері мен физикалық белсенділікті бақылауда цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ мүмкіндіктерін түсінеді;
3) салауатты өмір салтын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыру, өз бетімен жетілу мақсатында түрлі дене жаттығуларын; ойын кезінде немесе арнайы құрылған жаттығулар кешенін орындау кезінде қажетті негізгі техникалық-тактикалық әрекеттерді; ағзаның бейімделу қасиеттерін дамытуды қадағалау және денсаулықты нығайту мен дене ширақтығының дайындығын жоғарылатудың дербес жолдарын; функционалды қызмет ету бағыты әртүрлі дене жаттығуларын ұйымдастыру тәсілдерін, спорт жабдықтары мен құралдарын қолдану ережелерін; дене жаттығуларын орындау кезінде жарақаттанудың алдын алу және жедел көмек көрсету жөніндегі білімін, сондай-ақ цифрлық ресурстарды, оның ішінде ЖИ құралдарын қолданады;
4) сауықтыру және дене шымырлығы мен ширақтығын жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын орындау кезінде өз ағзасының функционалды қызмет ету жағдайын; цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен алынған денсаулық көрсеткіштері мен физикалық жүктеме нәтижелерін талдайды;
5) қалыптасқан дағдыларды дене шынықтыру сабағымен қатар күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттарда қолдану жүйесін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы дағдыларды; адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін меңгеруін жинақтайды;
6) жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын; жетілу және қимыл-қозғалыс дайындығының деңгейін; дене жаттығуларымен шұғылдану тиімділігін, ағзаның функционалды қызмет ету жағдайы мен жұмыс жасау қабілетін; дене жүктемелерін және дене жаттығуларының әсерінің мөлшерін бағалайды.
«Бастапқы әскери даярлық»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) әскери жұмыстың негіздерін, Қазақстан Республикасының қорғаныс күштерінің құрылымы мен міндеттерін; төменгі тактикалық буын бөлімшесінің ұйымдастырылуы, оның ішінде бөлімшенің қорғаныста, шабуылда және қалалық жағдайда жүргізетін тактикасын; штаттық қарудың, оның оқу макеттерінің, оқ-дәрілердің және қорғаныс құралдарының арналуын, құрылысын және олармен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын; ұшқышсыз және роботтандырылған жүйелерді қолдану негіздерін, сондай-ақ жаһандық навигациялық жүйелердің (GPS, ГЛОНАСС, BeiDou, Galileo) жұмыс істеу қағидаттарын; киберқауіпсіздік, цифрлық қорғаныстың негіздерін және әскери салада цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану қағидаттарын; қазіргі заманғы зақымдау құралдарының әсер ету ерекшеліктерін және төтенше жағдайлар барысында әрекет ету алгоритмдерін; тактикалық медицинаның қағидаттарын және тәуекелдің әртүрлі аймақтарында алғашқы көмек көрсету тәртібін біледі;
2) тәртіптің, командалық өзара іс-қимылдың және жауапкершіліктің маңызын; мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі заманауи цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің рөлін және цифрлық қауіпсіздіктің маңыздылығын; жеке тұлғаның тұрақтылығы мен бөлімшенің жауынгерлік қабілеті арасындағы өзара байланысын; қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолданудың салдарын, сондай-ақ төтенше жағдайлардың ықтимал әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарын түсінеді;
3) жергілікті жерде дәстүрлі және цифрлық құралдармен бағдарлану дағдыларын; типтік тактикалық жағдайларда сарбаздың іс-қимыл алгоритмдерін, оның ішінде үшөлшемді симуляторларда сценарийлерді пысықтауды; бүркемеленудің, жасырынудың және инженерлік қорғаныстың базалық тәсілдерін; оқу қаруымен және қорғаныс құралдарымен қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын; білім беру бағдарламасы шеңберінде оқу мақсатындағы ұшқышсыз жүйелерді басқару дағдыларын; жарақаттар, күйіктер, қан кетулер, сынықтар, үсу және өзге де зақымданулар кезінде алғашқы көмек көрсету әдістерін; міндетті оқу-далалық сабақтар барысында меңгерілген практикалық дағдыларды; ақпаратты іздеу, талдау және өңдеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) бөлімшенің іс-қимылдарының тактикалық сценарийлерін, оның ішінде цифрлық ортада модельдеу нәтижелерін талдау арқылы; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолдану кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді; жауынгерлік және төтенше жағдайлар кезіндегі штаттан тыс жағдайларды; қабылданатын шешімдердің салдарын талдайды;
5) өзінің және команданың іс-қимылдарының тиімділігін; әртүрлі жағдайлардағы тәуекел деңгейін; басқарушылық және мінез-құлықтық шешімдердің салдарын; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге жеке дайындығын бағалайды.»;
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Физика»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы ток, электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, негізгі радиотехникалық қондырғылар мен жүйелерді құру қағидаттарын; нанотехнологияның негізгі қағидаттарын және шығу тарихын біледі;
2) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидро-аэростатика, гидро-аэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын, қағидаттары мен постулаттарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың негізгі заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін; физикалық процестерді талдау мен модельдеуде цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының символикалары мен терминологияларын; физикада қолданылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; ғаламтор желісі мен компьютердің дерекқорларындағы физиканың ақпараттарын іздеу және өңдеу үшін цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің мүмкіндігін; эксперименттер мен өлшеу нәтижелерін өңдеу, физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау тәсілдерін қолданады;
4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; екі айнымалы арасындағы қатынасты; ғаламдағы құбылыстарға, нысандар мен денелерге әртүрлі физикалық күштердің әрекетін, физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; құрылғылар мен аспаптардың сипаттамалары мен жұмыс істеу қағидаттарын, ғылыми жаңалықтарды қолданылу салаларын; нанотехнологияның қолдану салаларын, адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды ғалам күйін сипаттайтын параметрлерді және оның дамуының мүмкін жолдарын; физикалық процестерді талдау және модельдеу барысында алынған нәтижелерді цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен талдайды;
5) жиналған және өңделген мәліметтердің, ақпараттың кесте, график, хабарлама баяндама, презентация түрінде қарастырылуы үшiн; ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді болжамдар, дәлелдеулер, түсiндiрмелер ұсыну үшiн; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын; цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен деректерді жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
«Химия»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін; нанотехнологияның кейбір салаларда қолданылуын біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; химиялық реакциялардағы энергиялардың өзгерулерін; химиялық айналымдардың негізгі механизмдерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің, электрохимияның негіздерін; ауыспалы металдардың ерекше қасиеттерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; талдаудың инструменталды әдісі арқылы қосылыстарды зерттеу қағидаттарын; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын; химиялық процестерді талдау және модельдеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданудың мәнін түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін, әртүрлі жағдайларда химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктерін анықтау және олардың салдарларын бағалау үшін білімдері мен біліктерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін; химиялық эксперименттердің нәтижелерін талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын; заттардың құрылымы мен қасиеттерін анықтауға арналған олардың қарапайым спектрлерін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдіктің түрлі факторларға байланыстылығын; периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; қышқылдар мен негіздердің түрлі теорияларын, ерітінділердегі иондық тепе-теңдіктерді; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, химиялық деректерді талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды; цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен химиялық өзара байланыстарды жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсерін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпалын; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; радиоактивті ыдырауының әсерлерін; түрлі дереккөздер ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
«Биология»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдарының құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; түрдің пайда болуы әдістерін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын; антропогенезді; ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; гендік-инженерлік манипуляциялардың мәнін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; экологиялық пирамиданың ережесін; қоршаған ортаға антропогендік әсердің салдарын; биологиялық процестерді талдау мен модельдеудегі цифрлық технологиялардың, оның ішінде ЖИ-дің рөлін түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; заттарды сапалық және сандық талдау әдісін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін; биологиялық деректер мен эксперимент нәтижелерін талдау үшін цифрлық ресурстарды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, биологиялық және экологиялық деректерді талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен жинақталған және өңделген мәліметтерді, ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.
«География»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) географияның, геоинформатиканың, геоэкологияның, табиғатты пайдаланудың, геосаясаттың, геоэкономиканың негізгі категорияларын; геоэкологиялық, экономикалық-географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси-географиялық және саяси карталардың ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың географиялық ерекшеліктері мен заманауи проблемаларын; геосфераларға антропогендік әсердің көздерін, факторларын және себептерін; табиғатты қорғау шараларының жүйесін және негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың заманауи жіктеуінің түрлерін мен типтерін және табиғатты тиімді пайдаланудың жалпы қағидаттарын; халықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының айырмашылықтарын; жекелеген аймақтар мен елдер шаруашылығының салалық және аумақтық құрылымының географиялық ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар мен елдердің географиялық өзгешеліктерін, олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі мамандануы бойынша айырмашылықтарын; дүниежүзінің заманауи саяси картасының мазмұнын; дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін; мемлекеттік аумақтың құрылымын және мемлекеттік түрлерін; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының заманауи геосаяси және геоэкономикалық жағдайының ерекшеліктерін; Қазақстанның аймақтық, халықаралық саяси процестерге, халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, қатысын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының географиялық аспектілерін біледі;
2) дүниежүзінің заманауи экономикалық-географиялық және саяси-географиялық көрінісін; географияның басқа ғылымдармен интеграциялану қажеттілігін; геоэкологиялық, әлеуметтік, геоэкономикалық және геосаяси процестердің ерекшеліктері мен серпінін; «табиғат - халық (қоғам) - шаруашылық (экономика)» географиялық жүйесінің тұтастығы мен тұрақтылығын; табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің рөлін; адамның ғаламдықтан жергілікті деңгейге дейінгі географиялық (қоршаған) ортасын қалыптастыратын және өзгертетін табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды; өмір сүру сапасының қоршаған табиғи орта сапасынан тәуелділігін; ғаламдану жағдайында ірі аймақтар мен елдердің географиялық ерекшеліктерін; заманауи интеграциялық және геосаяси процестердің маңыздылығы мен мәнін; геосаяси субъектілердің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттесу сипатын, дүние жүзінің геосаяси аудандастырылуын; адамзаттың ғаламдық проблемаларының себептері мен оларды шешу жолдарын; географиялық деректерді талдау мен кеңістіктік ақпаратты интерпретациялауда, геоэкологиялық және геосаяси процестерді модельдеуде цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің рөлін түсінеді;
3) географиялық зерттеудің заманауи әдістерін және олардың комбинациясын; географиялық деректердің түрлі көздерін; тақырыптық карталардың қосымша сипаттау элементтерін; геокеңістіктік дереккөздерін; географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті мәнмәтінде өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; қажетті мәнмәтінде есептеулер жүргізу үшін түрлі формаларды; географиялық ақпаратты өңдеу және талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарын; табиғат пен қоғамның өзара байланыстары мен олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыс және басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; заманауи дүниежүзілік шаруашылықтың табиғи, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық геокеңістіктік деректерді; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; дүниежүзі елдерінің рейтингтері мен индекстерін; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, деректерді талдайды;
5) модельдерді, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерделенетін географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды жинақтайды;
6) географиялық дереккөздердің шынайылық дәрежесін; геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; жекелеген аумақтардың табиғи, антропогендік және техногендік өзгерістердің дәрежесін және олардың салдарын; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғатты пайдалануда ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің рейтингтер мен индекстердегі көрсеткіштері мен орнын; кез келген дәрежедегі аумақтың географиялық және геосаяси жағдайын; негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша дүниежүзі елдерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін бағалайды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Дүниежүзі тарихы»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттердің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттардың маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын; тарихи процестерді талдау мен интерпретациялауда цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің рөлін түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын; тарихи ақпаратты талдау және өз ұстанымын дәлелдеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын талдайды; тарихи дереккөздерді талдау, ақпаратты өңдеу және тарихи процестердің заңдылықтарын анықтау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, тарихи ақпаратты жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын; әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдік дәрежесін бағалайды.
«Графика және жобалау»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) көрнекі ақпаратты бекітудің негізгі құралдарын, әдістерін және тәсілдерін; графикалық бейнелердің негізгі түрлерін; графика құралдары мен жобалаудың негізгі әдістерін; геометриялық денелердің сырт пішінінің құрылу (қалыптасу) заңдылықтарын; машина жасау, сәулет – құрылыс сызбалары туралы жалпы түсініктерді; топографикалық сызбалар элементтерін; бұйымды жасау және жобалау кезеңдерін; көрнекі ақпаратты қол және компьютерлік графика құралдары арқылы бейнелеу әдістері мен тәсілдерін біледі;
2) құбылыстар, процестер және заттық әлем туралы ақпаратты ұсыну және визуализациялау кезінде графикалық бейнелер рөлінің маңыздылығын; графикалық модельдеу әдістері заңдылықтарын; зат формасын көрсетудегі графикалық бейнелердің түрлері арасындағы айырмашылықты, олардың кеңістік және метрикалық сипаттамасын; тәжірибелік іс-әрекеттегі қолмен жасалған және компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін; макет жасау және модельдеу ерекшеліктерін түсінеді;
3) графикалық жұмысқа арналған материалдар мен құралдарды; проекциялау әдісін; заттың геометриялық (конструктивтік) формасын құрастыру тәсілдерін; геометриялық денелер бетінің жаймасының сызбасын құрастыру әдістерін; бейненің көрінісі мен құрамын өзгерту әдістерін; жобалық және конструктивтік шешім қабылдау үшін анықтамалық құжаттарды; графикалық модельдеу, макеттеу және жобалау бойынша әртүрлі есептерді (мәселелерді) шешу барысында қол және компьютерлік графика құралдарын; графикалық модельдеу, кескіндерді және жобалық шешімдерді өңдеу мен талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) көрнекі ақпаратты ұсынудың әртүрлі тәсілдерін және бейненің қасиеттерін; заттардың бейнесін жасағанда олардың геометриялық формалары мен конструкцияларын; заттың формасын анықтау үшін бейненің түрлі көрінісін пайдалану мүмкіндігін; бейненің графикалық құрамын және заттың формасын анықтау үшін кешенді сызбаны цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып талдайды;
5) зат формасын қайта құру үшін контурлы бейнені; түрі және құрамы бойынша жүйелеу үшін бастапқы бейнедегі графикалық ақпаратты; қажетті графикалық ақпаратты толық және жеткілікті көрсету үшін түрлі бейне көріністерін; шығармашылық ойды іске асыру үшін графиканың әртүрлі құралдарын; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, графикалық ақпаратты жинақтайды;
6) көрнекі ақпаратты бекітудің әдістерін; әртүрлі объектілердің графикалық бейнелерін; бейнені қайта құрудың түрлі тәсілдерін; жобалау іс-әрекеті процесінде қолданылатын графика құралдары мен жобалау әдістерін; заттардың геометриялық және конструктивтік сипаттамасын; шығармашылық іс-әрекет барысын және нәтижесін бағалайды.
«Құқық негіздері»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің Негізгі Заңы екенін, оның жоғары заңдық күші мен тікелей қолданылуын; Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін; адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатынын; елдің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі, Егемендігі, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі – президенттік республика негіздерін, Заң мен Тәртіп, биліктің бөлінуі қағидаттарын; мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын, Әділетті Қазақстан идеясын, заң үстемдігін, этносаралық және конфессияаралық татулықтың қоғамдық тұрақтылықтағы рөлін, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, азаматтық жауапкершілік, еңбексүйгіштік, білім, ғылым, инновация және прогресс құндылықтарының мемлекеттің орнықты дамуындағы маңызын; тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау және жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастырудың конституциялық негіздерін; Президенттің, Вице-Президенттің, Құрылтайдың, Қазақстан Халық Кеңесінің, Үкіметтің, Конституциялық Соттың, соттардың, құқық қорғау органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының негізгі қызметтері мен өкілеттіктерін; адамның негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін; конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасылық, еңбек, қылмыстық, іс жүргізу және халықаралық құқықтың негізгі ережелерін біледі;
2) Конституцияның қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізі ретіндегі мәнін; құқық үстемдігі мен заң алдындағы теңдіктің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, әділдік пен жауапкершіліктің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын; мемлекеттік биліктің халық мүддесіне қызмет етуі және халық алдындағы жауапкершілігі қағидатын; адамның құқықтары мен бостандықтарының ажырамайтын сипатын және оларды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты және қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін; құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, қоғамдық диалог, еркін сайлау мен референдумның маңызын; жалпыұлттық бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, еңбексүйгіштік, прогресс, білім, ғылым, инновация, тарихи-мәдени мұра мен экологиялық мәдениет құндылықтарын; құқықтық ақпаратты іздеу, тексеру және түсіндіру кезінде цифрлық технологияларды, оның ішінде ЖИ құралдарын саналы, қауіпсіз, этикалық және сыни тұрғыдан қолданудың маңызын түсінеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен нормативтік құқықтық актілерін нақты өмірлік және құқықтық жағдаяттарды шешу, тұлғалардың әрекеттерін құқық нормаларына сәйкес саралау, өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға сәйкес тәсілдермен қорғау, құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін айқындау үшін қолданады; «Заң мен Тәртіп», заң алдындағы теңдік, әділдік, жауапкершілік, адам құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын күнделікті мінез-құлқында басшылыққа алады; мемлекеттік органдарға жүгіну, құқықтық ақпаратты іздеу, салыстыру және пайдалану үшін ресми дереккөздерді, цифрлық ресурстарды, оның ішінде ЖИ құралдарын қолданады;
4) Конституция нормаларын, мемлекеттік органдардың қызметі мен өкілеттіктерін, адамның құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылықтардың себептері мен салдарын талдайды; әртүрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған құқықтық ақпараттың дұрыстығын, өзектілігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтайды;
5) құқықтық жағдаяттарды шешу үшін алған білімін қолданады; заң мен тәртіпті сақтайды, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстанады, адам құқықтарын құрметтейді;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нақты мәселелерді шешу кезінде қолданылу ерекшеліктерін; өзінің және басқа адамдардың әрекеттерінің құқықтық және қоғамдық салдарын; азаматтардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге қатысуының маңызын; цифрлық ресурстар мен ЖИ ұсынған құқықтық ақпараттың сапасын, сенімділігін және оны қолдануға байланысты құқықтық әрі этикалық тәуекелдерді өздігінен бағалайды.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы тереңдетілген деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Шетел тілі»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) тыңдалым:
белгілі тақырыптарға әдеби тіл нормасы шегінде нақты айтылған сөздің негізгі мағынасын түсінеді, оқумен және болашақ кәсіби қызметімен байланысты күнделікті сұрақтар мен тақырыптар туралы қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсінеді; ұзақ пікірталастағы негізгі ойды жалпы ұғына алады, сөйленетін сөздің тақырыбы таныс, ал сөйленетін сөз қарапайым тілде және нақты құрылған жағдайда оқу және кәсіби тақырыптар бойынша дәрісті немесе әңгімені ұғады, техникалық сипаттағы егжей-тегжейлі нұсқауларды түсінеді; өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша нақты әрі баяу айтылған телевизиялық бағдарламалардың көпшілік бөлігін, мысалы, сұхбаттарды, қысқаша дәрістерді, репортаждарды түсінеді;
2) айтылым:
қандай да болмасын жағдайды суреттей алады немесе бір-бірімен байланысты пікірлер түрінде әңгімелеп бере алады; кітаптың немесе фильмнің сюжетін және өзінің одан алған
әсерін айтып береді; оқу іс-әрекеті аясында тақырып бойынша алдын ала дайындалған қысқаша хабарландыру жасайды; өзіне таныс тақырып бойынша түсінікті болғаны сонша, айтылған ой мен негізгі ережелерді нақты жеткізе отырып, ондағы айтылған барлық ойға ілесе алу мүмкін болатындай баяндама жасайды, баяндама бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, дегенмен кей кездері сұрақты қайталап айтуын өтінуі мүмкін; күрделі байланысқан мәтін арқылы өз сезімі мен әсерін жеткізе отырып, өз тәжірибесін суреттеп айтып береді; ауызша сөйлеу/ауызша пікір айтуға дайындалу кезінде цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
3) оқылым:
қызықтыратын тақырып бойынша нақты ақпаратты, оқиғалардың сипаттамасын, жеке хаттардағы сезімдер мен тілектерді қамтитын қарапайым мәтіндерді толық түсінеді; таныс емес жалпы және оқу тақырыптары кездесетін көркем және оқу әдебиеттерінің көлемді мәтіндерін оқиды; газет мақалаларының түрлі типтерінің негізгі ойларын анықтайды, таныс емес қағаз және цифрлық ресурстарды, ЖИ-ді мағынасын тексеру және түсінігін кеңейту үшін қолданады;
4) жазылым:
көпшілікке таныс және қызықтыратын сұрақтар бойынша жекелеген қысқа элементтерді бірге байланыстырып қарапайым мәтін жазады, іс-әрекет аясында болатын күнделікті таныс және әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жиналған ақпараттарға қатысты өз пікірін еркін жинақтайды және хабарлайды; абстрактілі тақырыптар және мәдениетке: музыкаға, фильмдерге байланысты тақырыптар бойынша жаңалықтарды және өзінің ойларын айтып хат жазады; қарапайым дәріс уақытында егер тақырып таныс болған жағдайда, тақырыбы таныс, сөз қарапайым және нормативті диалектіде нақты айтылған болса, негізгі түйінді сәттерді көрсетіп жазбалар жазады; оқиғаны жазбаша баяндап жазады; жазбаша мәтіндерді дайындау және редакциялау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады.
«Дүниежүзі тарихы»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) өркениеттердің тарихи типтері мен олардың ошақтарын; мемлекеттің тарихи түрлері мен мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасуы мен даму кезеңдерін; әлемдік тарих барысына ықпал еткен әскери-саяси оқиғаларды; әлемдік мәдени-тарихи прогреске ықпал еткен әлемдік жаңалықтар және жетістіктерді; қазіргі әлемдік мәдениеттің жағдайы мен тарихын; адамның, қоғамның пайда болуы мен дамуына қатысты, әлем халықтары мен өркениеттерінің негізгі ғылыми теорияларын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуына елеулі үлес қосқан тарихи қайраткерлерді; дүниежүзі тарихы бойынша негізгі жинақталған ғылыми еңбектерді біледі;
2) мәдени-тарихи процесті оның бірлігі мен алуан түрлілігін; мемлекеттің тарихи формалары мен түрлерін, өркениеттің өзіндік ерекшеліктерін; мемлекеттік-құқықтық институттарының маңызын; әлемдік өркениеттердің қалыптасуы мен дамуына табиғи-географиялық факторлардың ықпалын; тарих барысына әскери-саяси оқиғалардың ықпалын; әлемдік тарихи-мәдени прогресс үшін адамзаттың жетістіктері мен ұлы ашылулардың маңызын; түрлі тарихи кезеңдерде әлемдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістерге ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын; әлемдік қоғамдық ойдың дамуындағы тарихи аспектілерді; тарихтың дамуына тұлғалардың ықпалын; жаһандық әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жалпы адамзаттық құндылықтардың маңызын түсінеді;
3) әлемнің мәдени-өркениеттік орталықтары мен мемлекеттерінің құрылуын уақыт пен кеңістікте анықтауда; мемлекеттердің түрлері мен тарихи формаларын, өркениеттердің өзіндік ерекшеліктерін; түрлі тарихи кезеңдердегі әлем халықтарының саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы ерекшеліктерін; әлем тарихындағы тарихи тұлғалардың рөлін; өткен және қазіргі кездегі оқиғалар мен құбылыстарға қатысты өз позициясын анықтау кезінде тарихи ойлау дағдыларын; тарихи ақпаратты талдау және өз ұстанымын негіздеу үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) әлем халықтарының ортақ белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи дамуын; түрлі тарихи кезеңдерде қоғамның қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлардың (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) ықпалын; себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында әлем тарихының оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін; тарихи тұлғалар қызметінің себептері мен нәтижелерін; тарихи деректерді; этногенез, саяси және мәдени процестерге қатысты негізгі ғылыми теорияларды; жаһандану жағдайында бүгінгі қоғамның даму үрдістері мен перспективаларын; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, тарихи ақпаратты талдайды;
5) тарихи талдау әдістерін қолдана отырып шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды; әлем халықтарының тарихи дамуының жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы тарихи сипаттамаларын; әлемдік тарихи-мәдени процесс туралы тұтас түсініктері мен тарихи санасын қалыптастыру үшін тұжырымдар мен гипотезаларды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, тарихи ақпаратты жинақтайды;
6) түрлі тарихи кезеңдердегі қоғамның дамуына (географиялық, демографиялық, көші-қон, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени) түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін; әлем тарихының ықпалы контексінде тарихи тұлғалар қызметін; әлемдік өркениеттің қалыптасуы мен дамуына түрлі әлем халықтары мәдениетінің қосқан үлесін; тарихи деректердің шынайылығын және әлем тарихының этникалық, саяси, мәдени және әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша түрлі ғылыми теориялардың дәлелдермен негізделуін талдайды;
«География»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) география ғылымдар жүйесінде геоэкологияның, геоинформатиканың, геосаясаттың, геоэкономиканың, елтанудың орны мен рөлін; табиғатты пайдалану саласындағы, экономикалық, әлеуметтік, саяси география мен геосаясаттың негізгі ғылыми түсініктерін; геосфераларға тиетін антропогендік әсердің факторларын, көздерін және салдарын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың белгілерін; аумақтардың экологиялық жіктелуін; табиғатты қорғау шараларының жүйесі мен негізгі бағыттарын; табиғатты пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін; табиғатты пайдаланудың негізгі әкімшілік, экономикалық және құқықтық механизмдерін; заманауи экологиялық саясаттың бағыттарын; қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін; өмір сүру сапасының көрсеткіштерін; экономикалық жүйелер модельдерін; дүниежүзілік шаруашылық және дүниежүзі елдері дамуының басты көрсеткіштерін; дүниежүзі елдерінің арасындағы халықаралық қатынастардың жиынтығын; ғаламдану процесін; Қазақстанның аймақтық және халықаралық ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи ғаламдық проблемалары және олардың жергілікті, аймақтық деңгейлердегі көрінісін; ұлттық мүдделер тұрғысынан Қазақстан Республикасының геосаяси белсенділігінің бағыттарын; дүниежүзінің тарихи-мәдени аймақтарын біледі;
2) заманауи әлемнің кеңістіктік алуан түрлілігін, оның жалпы және аймақтық ерекшеліктерін; табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың даму заңдылықтарын; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу проблемаларын; табиғи, әлеуметтік, экономикалық және саяси процестердің ерекшеліктерін; қоршаған ортаның жағдайы үшін жеке жауапкершілігін; ғаламдық және жергілікті табиғи және әлеуметтік-экономикалық, экологиялық процестердің серпінін; қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуін оңтайландыру, табиғи ортаға антропогендік қысымды тұрақтандыру жолдарын; қоршаған ортаны қорғауда ғылыми-техникалық прогрестің ролін; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік дәрежесін; өмір сүру сапасының қоршаған орта сапасына тәуелділігін; заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалардың және оларды шешу жолдарын; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал ету аймақтарын, өзара әрекеттестігінің сипатын түсінеді;
3) геоэкологиялық, экономикалық- географиялық, әлеуметтік-географиялық, саяси- географиялық және геосаяси зерттеу әдістері мен олардың комбинациясын; геокеңістіктік дереккөздерін; геокеңістіктік деректерді іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, қажетті контексте деректерді өзгерту, сақтау, тарату және ұсыну дағдыларын; картометрия тәсілдерін; геокеңістіктік деректерді өңдеу және талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) сандық және сапалық геокеңістік деректерді; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу белгілерін; географиялық қабық пен географиялық ортада болып жататын процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу, байланыстары мен басқа да кеңістіктік қатынастарының ерекшеліктерін; адам өмірі мен тіршілігіне географиялық факторлардың ықпалын; қоғамдық өндірістің табиғи және әлеуметтік-экономикалық негіздерін; жоспарланған шаруашылық әрекеттің қоршаған ортаның жағдайы мен адамдардың денсаулығына тигізетін әсерін; экологиялық дағдарыстың белгілерін; қоршаған табиғи ортаны қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерін; шаруашылық салаларын орналастырудың заманауи факторларын; геоэкологиялық, геосаяси және экономикалық процестерді; халықаралық саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, экологиялық және басқа да байланыстар мен қатынастарын; аумақтық-саяси жүйелерді; мемлекеттік аумақтың құрылымын; мемлекеттік шекараларды, олардың түрлері мен серпінін; Қазақстан Республикасының аумақтық құрылымы мен мемлекеттік саясатының конституциялық негіздерін қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ұйымдастырушылық және құқықтық негіздерді; елдің ұлттық мүдделері жүйесін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігін; дүниежүзілік геосаяси кеңістікті; Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, дүниежүзіндегі орны мен рөлін талдайды; географиялық деректер мен процестерді талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
5) модельдер, зерттеушілік және шығармашылық жобаларды, ақпараттық материалдарды; географиялық нысандардың әрекет ету және даму проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстарды; зерттеп жатқан географиялық нысандарды, процестерді, құбылыстарды жіктеу, жүйелеу және саралау мақсатында білімдер мен дағдыларды; географиялық нысандар, процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжау жасау, өзгерістері мен перспективаларын анықтау үшін білімдер мен дағдыларды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, географиялық ақпарат пен жобалық материалдарды өңдейді, жинақтайды;
6) геосфералардың параметрлері мен экологиялық жағдайын; геосфераға тиетін антропогендік жүктемені және олардың салдарын; кез келген дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын, табиғи-ресурстық әлеуетін; табиғи ортаның сапасын; экологиялық тәуекелдерді; экологиялық дағдарыстың дәрежесін; табиғатты қорғау шараларының тиімділігін; қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудағы ғылыми-техникалық прогрестің деңгейін; қоршаған ортаның сапасын; өмір сүру сапасын; түрлі мемлекеттердің халықаралық салыстырулардағы көрсеткіштері мен орнын; дүниежүзілік шаруашылықтың түрлі даму модельдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін; ғаламданудың дүниежүзі елдеріне тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлерін; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін; геосаясат субъектілерінің геосаяси белсенділігінің тиімділігін; халықаралық ұйымдардың қызмет ету нәтижелерін бағалайды.
«Құқық негіздері»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің Негізгі Заңы екенін, оның жоғары заңдық күші мен тікелей қолданылуын; Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін; адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық болып табылатынын; елдің Тәуелсіздігі, Егемендігі, аумақтық тұтастығы және басқару үлгісі – президенттік республика негіздерін, Заң мен Тәртіп, биліктің бөлінуі қағидаттарын; мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын, Әділетті Қазақстан идеясын, заң үстемдігін, этносаралық және конфессияаралық татулықтың қоғамдық тұрақтылықтағы рөлін, жауапты әрі жасампаз, отаншылдық, азаматтық жауапкершілік, еңбексүйгіштік, білім, ғылым, инновация және прогресс құндылықтарының мемлекеттің орнықты дамуындағы маңызын; тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау және жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастырудың конституциялық негіздерін; Президенттің, Вице-Президенттің, Құрылтайдың, Қазақстан Халық Кеңесінің, Үкіметтің, Конституциялық Соттың, соттардың, құқық қорғау органдарының, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының негізгі қызметтері мен өкілеттіктерін; адамның негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін; конституциялық, әкімшілік, азаматтық, отбасылық, еңбек, қылмыстық, іс жүргізу және халықаралық құқықтың негізгі ережелерін біледі;
2) Конституцияның қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізі ретіндегі мәнін; құқық үстемдігі мен заң алдындағы теңдіктің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің, әділдік пен жауапкершіліктің қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызын; мемлекеттік биліктің халық мүддесіне қызмет етуі және халық алдындағы жауапкершілігі қағидатын; адамның құқықтары мен бостандықтарының ажырамайтын сипатын және оларды жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты және қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс екенін; құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, қоғамдық диалог, еркін сайлау мен референдумның маңызын; жалпыұлттық бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім, жауапты әрі жасампаз отаншылдық, еңбексүйгіштік, прогресс, білім, ғылым, инновация, тарихи-мәдени мұра мен экологиялық мәдениет құндылықтарын; құқықтық ақпаратты іздеу, тексеру және түсіндіру кезінде цифрлық технологияларды, оның ішінде ЖИ құралдарын саналы, қауіпсіз, этикалық және сыни тұрғыдан қолданудың маңызын түсінеді;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен нормативтік құқықтық актілерін нақты өмірлік және құқықтық жағдаяттарды шешу, тұлғалардың әрекеттерін құқық нормаларына сәйкес саралау, өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға сәйкес тәсілдермен қорғау, құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін айқындау үшін қолданады; «Заң мен Тәртіп», заң алдындағы теңдік, әділдік, жауапкершілік, адам құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарын күнделікті мінез-құлқында басшылыққа алады; мемлекеттік органдарға жүгіну, білікті заң көмегін алу; құқықтық ақпаратты іздеу, салыстыру және пайдалану үшін ресми дереккөздерді, цифрлық ресурстарды, ЖИ-ді қолданады;
4) Конституция нормаларын, мемлекеттік органдардың қызметі мен өкілеттіктерін, адамның құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылықтардың себептері мен салдарын талдайды; әртүрлі дереккөздерден, цифрлық ресурстардан, ЖИ-ден алынған құқықтық ақпараттың дұрыстығын, өзектілігін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін анықтайды;
5) Құқықтық жағдаяттарды шешу үшін алған білімін; «Заң мен Тәртіп», әділдік, жауапкершілік және адам құқықтарын құрметтеуге негізделген шешімдерін жинақтайды;
6) Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасының нақты мәселелерді шешу кезінде қолданылу ерекшеліктерін; «Заң мен Тәртіп», адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігін; қабылданған шешімдердің Конституцияға, заңдарға, әділдік, теңдік, жауапкершілік және құқықтық мемлекет қағидаттарына сәйкестігін; өзінің және басқа адамдардың әрекеттерінің құқықтық және қоғамдық салдарын; азаматтардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге қатысуының маңызын; цифрлық технологиялар, соның ішінде ЖИ ұсынған құқықтық ақпараттың сапасын, сенімділігін және оны қолдануға байланысты құқықтық әрі этикалық тәуекелдерді өздігінен бағалайды.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Физика»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) механиканың (кинематика, динамика, статика, гидроаэростатика, гидроаэродинамика), молекулалық физика мен термодинамиканың; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың физикалық шамалары мен ұғымдарын; Ғалам дамуының негізгі кезеңдерін; ақпаратты тарату мен қабылдау тәсілдерін, нанотехнологияның шығу тарихын және негізгі қағидаттарын біледі;
2) молекулалық физика мен термодинамиканың негізгі заңдарын; электромагнетизмнің (электростатика, тұрақты мен айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электрмагниттік индукция), оптиканың (геометриялық және толқындық) заңдары мен қағидаттарын; наноматериалдар мен наножүйені зерттеу әдістерін; әлемнiң заманауи ғылыми бейнесіндегі физика ғылымының орнын; ой-өрісті қалыптастырудағы және практикалық есептерді шешудегі физиканың рөлін түсінеді;
3) физика ғылымының негізгі ұғымдарын, заңдылықтарын, заңдары мен теорияларын; физика ғылымының терминологиясы мен символикасын; физикада пайдаланылатын ғылыми танымның бақылау, сипаттау, өлшеу, эксперимент сияқты негізгі әдістерін; физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді айқындау тәсілдерін; физикалық деректерді талдау және физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктерді анықтау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) дәрежелік функциялар түрінде берілген тәуелділіктерді; Ғаламдағы құбылыстарға, денелер мен нысандарға әртүрлі физикалық күштердің әсерін, екі айнымалы арасындағы қатынасты; физикалық процестердің тәуелдiлiгі мен айнымалылар арасындағы қатынастардың графигін; адамның өндірістік қызметі мен қоршаған орта жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды, нанотехнологияның қолдану салаларын; Ғаламның жай-күйін сипаттайтын параметрлерді және оны дамытудың ықтимал жолдарын цифрлық технологиялардың, соның ішінде ЖИ-дің көмегімен талдайды;
5) кесте, графика, хабарлама, баяндама, презентация түрінде беру үшiн жиналған және өңделген деректерді, цифрлық технологиялардан, соның ішінде ЖИ-ден алынған ақпаратты; болжамдар, айғақтар және түсiндiрмелер ұсыну үшiн ғылыми модельдер мен дәлелдемелерді; эксперимент пен зерттеу жүргізу жоспарын жинақтайды;
6) заңдар мен олардың қолданысын білуін, жүргізілген бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін; нақты жағдайлардағы ғылыми таным әдiстерінің қолданысын; экологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан физикалық процестермен байланысты адамның өндiрiстiк және тұрмыстық қызметінің салдарын бағалайды.
«Химия»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) негізгі химиялық ұғымдарды; атомистикалық теорияны; органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын; түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді; органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін; полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін біледі;
2) түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін; кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің негіздерін; құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін; ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын түсінеді;
3) табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін; заттарды сапалық талдау әдістерін; қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін; қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін; химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін; химиялық эксперименттердің нәтижелерін талдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін; химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін; периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, химиялық деректерді, заңдылықтар мен тәуелділіктерді талдайды;
5) органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды; заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың болып өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, химиялық ақпаратты жинақтайды;
6) әртүрлі материалдардың қасиеттерін; химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін; химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін; қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын; түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
«Биология»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) ақуыздардың, майлардың, көмірсутектердің, нуклейн қышқылдардың құрылымын, құрамын және міндеттерін; антиген-антидене реакцияларының негізгі механизмдерін; адамның хромосомалық ауруларының тұқымқуалаушылық теориясының негізгі күйлерін; тірі ағзалардың қоректенулері мен метаболизмінің түрлерінің/типтерінің өзгергіштігін; генетика негіздері және гендік инженерияның мүмкіндіктерін; Жер бетінде өмірдің қалыптасуы кезеңдері мен схемаларын, антропогенезді; жаһандық және аймақтық экологиялық проблемаларды және табиғат ресурстарын қорғау қағидаттарын біледі;
2) фотосинтездің қараңғы және жарық фазасы кезінде өту процестерін; заттардың тасымалы, транслокация, хромосомалық, гендік мутациялардың пайда болу механизмін; энергетикалық алмасу кезеңдерін; тұқым қуалау құбылмалылығы мен эволюция арасындағы өзара байланыс; тұқым қуалау заңдылықтарын; эволюциялық процестердің механизмін; қоршаған ортаға антропогендік әсер етулердің зардаптарын түсінеді;
3) молекулалық биология және генетика есептерін шешудің схемалары мен әдістерін; экожүйені, тұқым қуалау белгілерін және түрлендірілген құбылмалылықты талдауға арналған статистикалық әдістерін; тәжірибелерді әзірлеу, жүргізу, бақылау, нәтижелерін жазу мен талдауға арналған ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; дәрі-дәрмектер, улы заттар, зертханалық жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін; биологиялық деректер мен эксперимент нәтижелерін өңдеу, талдау және интерпретациялау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
4) фотосинтез және хемосинтез процестерінің ерекшеліктерін; эволюция процесіне әсер ететін факторларды; ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысын; ДНҚ-ның репликациясы мен рекомбинациясын, мутация мен репарация процестерін, ДНҚ құрылымы мен оның атқаратын қызметі арасындағы байланысты; сперматогенез бен оогенез арасындағы айырмашылықты; экожүйе түрінің әртүрлілігін және тұрақтылығын; әлемдегі және Қазақстандағы экологиялық жағдайларды; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, биологиялық деректерді, процестерді және экологиялық ақпаратты талдайды;
5) адамның гаметогенез схемасын; экожүйелердегі тағамдар тізбегінің схемасын; кесте, график, хабарлама, баяндама, презентациялар түрінде ұсыну үшін жинақталған және өңделген мәліметтерді, әртүрлі цифрлық ресурстардан, ЖИ -ден алынған ақпараттарды; болжамдар, айғақтар және түсіндірмелерді ұсыну үшін ғылыми үлгілер мен дәлелдемелерді; зерттеушілік, оқу және шығармашылық жобаларды; Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешудің мүмкін нұсқаларын жинақтайды;
6) ферменттердің белсенділігіне әсер ететін түрлі факторларды, ақуыздың құрылымын, фотосинтездің нәтижесін; моногибридті және дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін, модификациялық құбылмалылық заңдылықтарын; мутагенездің себептерін; өз аймағының экожүйесін; биотехнологияда зерттелетін генетикалық түрі өзгертілген және трансгенді ағзаларды қолдануға байланысты этикалық сұрақтарды бағалайды.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарының стандарттық деңгейде оқытылатын оқу пәндері бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»:
Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы:
1) кәсіпкерлікті экономикалық құбылыс ретінде түсінеді және оның рөлін сипаттайды; кәсіпкерлік пен бизнес арасындағы айырмашылықты сипаттайды; кәсіпкерлікті өзін-өзі іске асыру және жеке уәждеме түрі ретінде түсінеді; кәсіпкерлер құзыретін талдайды; кәсіпкерлік призмасы арқылы өз мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін бағалайды; кәсіпкер әлеуетіне қатысты өзінің даму деңгейін бағалайды; кәсіпкерліктің заманауи оның ішінде Қазақстандағы үдерістерін танып біледі; кәсіпкерлік және экономикалық үрдістерді талдауда цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданудың маңызын түсінеді;
2) экономика және маркетинг контекстіндегі нарықтың не екенін біледі; кәсіпкерлік идеясының мәнін түсінеді; «бизнес бизнеске» және «бизнес тұтынушыға» сегменті арасындағы айырмашылықты анықтайды; идеяларды жасау құралдарын қолданады; идея дизайны жоспарын ұсынады; идеяны іске асыру қажеттілігін команда құрамына қойылатын талаптарға айналдырады; команда құру құралдарын қолданады; бизнес-үлгі құралдарын қолданады; бизнес-үлгінің құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты анықтайды; мәліметтерді өзгертудегі болжамды себеп-салдарды сипаттайды; бизнес үлгі құру құралдарын қолданады; кәсіпкерлік жағдайында Lean Start up (Леан стартап) (Үнемшіл өндіріс) түсінігі мен принципін қолданады;
3) маркетинг ұғымы мен қызметін түсіндіреді; бәсекелестік ұғымын анықтайды; түрлі күштердің бәсекелестікке ықпал жасау формаларын талдайды; өзтұтынушысының бейінін сипаттайды; өткізу каналдарының мәнін түсінеді және олардың жіктеуішін ажыратады; өз өнімінің/қызметінің құндылығын соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің жоспарын ұсынады; тұтынушының әр сигментімен өзара қарым-қатынасты сипаттайды; маркетингтік ақпаратты, тұтынушылардың мінез-құлқын және нарықтық үрдістерді цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ арқылы түсіндіреді;
4) экономикадағы ақшаның мәнін; кіріс пен шығыстың мәнін; активтер мен пассивтер арасындағы айырмашылықты; артықшылық пен жетіспеушілік ұғымының мәнін түсінеді; баға белгілеу процесіндегі олардың әсерін бағалайды; «баға», «құн», «баға белгілеу құрылымы» ұғымдарын ажыратады; баға белгілеу процесіндегі тұрақты және құбылмалы шығындардың маңызын түсінеді; кірістің жаңа каналдарын қалыптастырудағы креативті және инновациялық тәсілдердің мүмкіндігін бағалайды; AB-тестілеу (өнімнің тиімді нұсқасын бағалау әдісі) құралын қолданады; экономикалық ақпаратты талдау және шешім қабылдауды қолдау үшін цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданудың маңызын түсінеді;
5) бизнестегі ресурстардың мәні мен маңызын түсінеді; бизнес ресурстарды біршама тиімді қолданудың жоспарын ұсынады; бизнес ресурстардың құнын бағалайды; бизнес ресурстардың тапшылық принциптерін біледі; тапшылық жағдайында ресурстарды тиімді қолдану мысалдарын келтіреді; бизнестегі зияткерлік ресурстардың мәнін түсінеді; өндіріс ресурстарын толықтыру стратегиясын әзірлейді;
6) серіктестік және оның түрлерінің мәнін түсінеді; бизнеске арналған аутсорсингтің пайдасын бағалайды; тұтқалы қызмет түрлерін сипаттайды; адами, материалдық және зияткерлік ресурстарды басқару арасындағы айырмашылықты анықтайды; сатылымның басқару ережелерін түсіндіреді; оның жобасы мен сипаттамасын сипаттайды; жобадағы уақытты басқару ережелерін қолданады; жоба жоспарын ұсынады; жобада ақпараттық, цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді қолданады;
7) бизнестің мемлекет алдындағы негізгі міндеттерін түсінеді; салықтық тәртіп пен бизнестің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы арасындағы өзара байланысты анықтайды; өзінің бизнес-идеясы бойынша кірістің жалпы жоспарын құрады; түсім мен шығын туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп құрудың сызбасын түсіндіреді; жобаның табыстылығы мен тұрақты және құбылмалы шығындар арасындағы өзара байланыстарды анықтайды;
8) нарықтың даму болжамын сипаттайды; бизнес дамуының экстенсивті және интенсивті тәсілдерінің айырмашылығын анықтайды; бизнесті масштабтаудың әр түрінің тиімділігін бағалайды; сапаны басқару құралдарын түсінеді; стратегиялық жоспарлаудың мәнін түсінеді; өзінің болашақ компаниясының миссиясы мен жоспарын құрады; бизнестің стратегиялық және қаржылық мақсаттары арасындағы айырмашылықты анықтайды; кәсіпкердің құқықтық жауапкершілік құрамын түсінеді; цифрлық технологияларды, соның ішінде ЖИ-ді пайдалана отырып, нарықтық үрдістер мен бизнестің даму болжамын сипаттайды.»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Бастапқы әскери даярлық» оқу пәнінің аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен «Бастапқы әскери даярлық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.».

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.