О внесении изменений и дополнений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 октября 2023 года № 18 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 3 октября 2023 года № 18 «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет геологии Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 371
- Қабылданған күні
- 23.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.07.2026
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2026 227115_834455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26IS000371
- ЭКБ идентификаторы
- 227115
- Редакция идентификаторы
- 227115_834455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 18:48
0 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы №18 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті туралы ережеде:
15-тармақта:
37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«37) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;»;
47), 48 және 49 тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;
48) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, жергілікті атқарушы органының рұқсатын келісу;»;
49) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жоспарлау;»;
59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«59) мемлекеттік жер қойнауы мониторингін жүргізуді, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды ұйымдастыру;»;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт және баға нормаларын әзірлеу және бекіту;»;
78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;»;
80-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«80-13) қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектерді жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы бойынша және KAZRC стандарттары бойынша пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 80-14), 80-15), 80-16), 80-17), 80-18), 80-19), 80-20), 80-21), 80-22) және 80-23) тармақшалармен толықтырылсын:
«80-14) аукцион негізінде берілетін жер қойнауы учаскелерінің аумақтарын қалыптастыру тәртібін айқындау;
«80-15) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын, сондай-ақ оның ақпараттық ресурстарының, сервистері мен функцияларының тізбесін көмірсутектер саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
80-16) мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін зерттеу қағидаларын әзірлеу;
80-17) мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылауды жүзеге асыру;
80-18) мемлекеттік жер қойнауы қоры жай-күйінің зерттелуін бақылау қағидаларын әзірлеу;
80-19) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу;
80-20) жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу;
80-21) пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын пайдалы қазбалардың қорларын есептеу жөніндегі әдістемені әзірлеу;
80-22) жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде геологиялық есепті және (немесе) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
80-23) көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидаларын әзірлеу.»;
19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет төрағасының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.»;
20-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аумақтық бөлімшелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
5) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Комитет қызметкерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшыларын сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық органдардың басшыларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;