Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 мая 2023 года № 315 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов оборонной промышленности, уязвимых в террористическом отношении»

Бұйрық · № 103 · қабылданған 18.03.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/3-2023-no-315-ekb-194599/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 мая 2023 года № 315 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов оборонной промышленности, уязвимых в террористическом отношении» Қолданыста Бұйрық ·№ 103 ·18.03.2024
18.03.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 мая 2023 года № 315 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов оборонной промышленности, уязвимых в террористическом отношении»

Қолданыста Бұйрық ·№ 103 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 мая 2023 года № 315 «Об утверждении инструкции по организации антитеррористической защиты объектов оборонной промышленности, уязвимых в террористическом отношении»
Атауы (қаз.)
«Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
103
Қабылданған күні
18.03.2024
Көрсетілген редакция
18.03.2024 194599_689307.kaz
Соңғы өзгеріс
18.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034160
ЭКБ идентификаторы
194599
Редакция идентификаторы
194599_689307
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:32

0 «Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 315 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32437 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Террористік тұрғыдан осал қорғаныс өнеркәсібі объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарында:
3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) күзетілетін объектілер – күзетілетін адамдардың болуына арналған ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күзететін өзге де ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен акватория;»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Террористік тұрғыдан осал әрбір объектіге оның электрондық нұсқасын әзірлей отырып, екі данада Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) терроризмге қарсы қорғалудың үлгілік паспортына сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуының паспорты (бұдан әрі – Паспорт) жасалады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы