О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 июля 2023 года № 448 «Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов» и приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2023 года № 464 «Об утверждении Правил разработки, согласования и государственной регистрации нормативных правовых актов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 3 июля 2023 года № 448 «Об утверждении Правил разработки, согласования проектов подзаконных нормативных правовых актов» и приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 5 июля 2023 года № 464 «Об утверждении Правил разработки, согласования и государственной регистрации нормативных правовых актов»
- Атауы (қаз.)
- «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына және «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 16.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2025 210536_758657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036138
- ЭКБ идентификаторы
- 210536
- Редакция идентификаторы
- 210536_758657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:21
0 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына және «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
21-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаулы жобасын қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарын бағалау;».
2
2. «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндет атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әзірлеуші мемлекеттік орган әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанға дейін оны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарын бағалау жүргізеді.»
3 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.