О внесении дополнения в постановление акимата Железинского района от 3 апреля 2023 года № 67/4 «Об утверждении положения Государственного учреждения «Отдел внутренней политики и развития языков Железинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление акимата Железинского района от 3 апреля 2023 года № 67/4 «Об утверждении положения Государственного учреждения «Отдел внутренней политики и развития языков Железинского района»
- Атауы (қаз.)
- Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 67/4 «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 240/10
- Қабылданған күні
- 02.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2025 215311_778149.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25PF24010A
- ЭКБ идентификаторы
- 215311
- Редакция идентификаторы
- 215311_778149
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 01:48
0 Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 67/4 «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Железин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 67/4 «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес ауылда, кентте маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.».
2 2. «Железин ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар ету;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;