О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 3 июля 2024 года № 165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Караганда»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Карагандинского городского маслихата от 3 июля 2024 года № 165 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Караганда»
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерiстер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 292
- Қабылданған күні
- 27.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2025 213686_772372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25KA036707
- ЭКБ идентификаторы
- 213686
- Редакция идентификаторы
- 213686_772372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:34
0 Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерiстер енгізу туралы
Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 «Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6622-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;
5-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді.»
9-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
«9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.»;