О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 декабря 2025 года № 748 «Об утверждении Правил ведения специальной таможенной статистики»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 декабря 2025 года № 748 «Об утверждении Правил ведения специальной таможенной статистики»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 613
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 I229926_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26E0000613
- ЭКБ идентификаторы
- 229926
- Редакция идентификаторы
- I229926_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:32
0 «Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 748 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларында:
9-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«9. Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тұлғалар ұсынатын құжаттар мен мәліметтер негізінде Комитеттің цифрлық жүйелеріндегі және аумақтық мемлекеттік кірістер органдары ұсынатын есептіліктердегі мәліметтер арнайы кедендік статистиканы қалыптастыруға арналған дерек көздері болып табылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы