Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Жаңажол ауылдық округінің «Карасу-3» елді мекеніне карантин белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Жаңажол ауылдық округінің «Карасу-3» елді мекеніне карантин белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Жаңажол ауылдық округінің «Карасу-3» елді мекеніне карантин белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 338
- Қабылданған күні
- 24.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 24.10.2008 · қолданыстағы 42355_321002.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZH000076
- ЭКБ идентификаторы
- 42355
- Редакция идентификаторы
- 42355_321002
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:42
0 Ірі қара малының «Қарасан» ауруының шығуына байланысты Жаңажол ауылдық округінің «Карасу-3» елді мекеніне карантин белгілеу туралы
Аудан көлемінде ірі қара малдарынан қарасан ауруының шығуына байланысты шектеу салу жөніндегі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бас ветеринариялық инспекторының 2008 жыл 20 қазандағы №467 ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасының 2002 жыл 10 шілдедегі №339-11 «Ветеринария туралы» Заңының 10, 26, 27 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтарындағы № 148- II « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сүйене отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңажол ауылдық округінің «Қарасу - 3» елді мекенінде ірі қара малының қарасан (Эмкар) ауруы шығуына байланысты ауру ошағы деп танылғандықтан Жаңажол ауылдық округінің «Қарасу - 3» елді мекеніне карантин белгіленсін.
2
2. Ауру ошағы табылған «Қарасу - 3» елді мекеніне шектес жатқан елді-мекендерге аурудың таралмауының алдын-алу шараларын жүзеге асыру Жаңажол ауылдық округінің әкіміне /Т.Габдушев/ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығына /Н.И.Құтхожин келісім бойынша/ тапсырылсын.
3 3. «Карасу - 3» елді мекенінен мал өнімдерін шығаруға және басқа жерден әкелуге тиым салынсын.
4
4. Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы /Д.Габдуллина келісім бойынша/ және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаментінің «Казталов ауданының Жалпақтал аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны /Е.Рабаев келісім бойынша/ ауырған малдармен қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, тиісті шараларын алсын.