Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района»

Ереже · № 3/34 · қабылданған 03.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-12-2014-no-30310-ekb-102463/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района» Күшін жойған Ереже ·№ 3/34 ·03.05.2016
26.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района»

Күшін жойған Ереже ·№ 3/34 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района»
Атауы (қаз.)
Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 «Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3/34
Қабылданған күні
03.05.2016
Көрсетілген редакция
26.12.2023 102463_677179.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16KI003783
ЭКБ идентификаторы
102463
Редакция идентификаторы
102463_677179
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:19

0 Абай аудандық мәслихатының

2014 жылғы 12 маусымдағы
30 сессиясының № 30/310 «Абай
ауданының Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 «Абай ауданынының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2674

болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27(4030) «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (ары қарай – Қағидалар):

1) 10 тармақтың екінші азат жолындағы 3) тармақшасы келесі

редакцияда мазмұндалсын:
«ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6-еселіктегі қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.»;

2) келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек үшін келген кезде азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.»;

3) келесі мазмұндағы 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтарымен толықтырылсын:

«26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.»;
«26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).»;
«26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.»;
«26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.»;

4) 27 тармақ алынып тасталсын;

5) 32 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» және «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.».

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
З. Шакентаев
2016 жылғы 3 мамыр
«Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Муталяпова
2016 жылғы 3 мамыр

Қолданыстағы