Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/320 «Об утверждении регламента Абайского районного маслихата»

Өзге акт · № 37/409 · қабылданған 23.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-12-2014-no-30320/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/320 «Об утверждении регламента Абайского районного маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/409 ·23.12.2014
21.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/320 «Об утверждении регламента Абайского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 37/409 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/320 «Об утверждении регламента Абайского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы30 сессиясының № 30/320 «Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/409
Қабылданған күні
23.12.2014
Көрсетілген редакция
21.04.2016 86014_75751.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KI002934
ЭКБ идентификаторы
86014
Редакция идентификаторы
86014_75751
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:27

0 Абай аудандық мәслихатының

2014 жылғы 12 маусымдағы
30 сессиясының № 30/320
«Абай аудандық мәслихатының
регламентін бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/320 «Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2676 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) «Абай – Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

1

1) мемлекеттік тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «1. Абай аудандық мәслихатының осы регламенті (бұдан әрі – регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9 бабына  сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерін белгілейді.»;

2

2) мемлекеттік тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 10 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «10. Регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде депутат қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады, оған жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысы, бірақ көрсетілген қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппарат басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, мәслихаттың сессиялары, тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеледі.»;

3

3) орыс тіліндегі Абай аудандық мәслихаты регламентінің 15 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «15. Заседания маслихата проводятся в определенное маслихатом время. Председатель сессии может объявить перерывы по собственной инициативе или мотивированному предложению депутатов. В конце пленарного заседания отводится время для выступления депутатов с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.».

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы