О внесении дополнений в решение 30 сессии Нуринского районного маслихата от 18 октября 2010 года № 293 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Нуринского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение 30 сессии Нуринского районного маслихата от 18 октября 2010 года № 293 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Нуринского района"
- Атауы (қаз.)
- Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 293 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 314
- Қабылданған күні
- 22.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 16.02.2012 56724_215214.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10KN000138
- ЭКБ идентификаторы
- 56724
- Редакция идентификаторы
- 56724_215214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:35
0 Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 293 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Нұра аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 қазандағы 30 сессиясының "Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 293 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне N 8-14-130 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылғы 23 қазандағы N 43 (5178) санында жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
1 1) Нұра ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "және Нұра ауданының" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөздерімен толықтырылсын;
2 2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағында бірінші абзацта "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 1 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.