Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 и от 5 июня 2000 года N 841

Қаулы · № 13 · қабылданған 09.01.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-1997-n-1037-5-2000-n-841/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 и от 5 июня 2000 года N 841 Күшін жойған Қаулы ·№ 13 ·09.01.2002
12.06.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 и от 5 июня 2000 года N 841

Күшін жойған Қаулы ·№ 13 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года N 1037 и от 5 июня 2000 года N 841
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
09.01.2002
Көрсетілген редакция
12.06.2008 AI10892_4.kaz
Соңғы өзгеріс
12.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P020000013_
ЭКБ идентификаторы
10892
Редакция идентификаторы
AI10892_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:21

0 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 және 2000 жылғы 5 маусымдағы N 841 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) "Қазақстан Республикасына тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):

Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
5-тармақта:
в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер өтiнiм берушi ретiнде делдал қатысса, тауарды экспорттаушы және өндiрушi немесе импорттаушы және тұтынушы арасындағы шартты";
мынадай мазмұндағы к) тармақшасымен толықтырылсын:
"к) ұсынылатын құжаттардың тiзiмдемесiн";
он үшiншi абзацтағы "г", "е" деген сөздердiң алдынан "в", "д" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
"Өтiнiш Лицензиардың деректер банкiнде тiркеуге жатады.
Лицензия немесе лицензия беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiм барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi.";
7-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшіншi абзацта:
"ұзартылуы мүмкiн" деген сөздердiң алдынан ", бiрақ, бiр күнтiзбелiк жылдан асырылмай" деген сөздермен толықтырылсын;
"жолдайды" деген сөз "ұсынады" деген сөзбен ауыстырылсын;
"өтiнiш" деген сөз "өтiніштi, бiрақ, лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн 10 күннен кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
"16. Лицензия жоғалған кезде лицензиаттың телнұсқаны алуға құқығы бар. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша он күн iшiнде лицензияның телнұсқасын берудi жүргiзедi. Бұл ретте лицензиат қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым төлейдi.";

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметініің 2006.08.14. N 765 қаулысымен.

2 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық комитетiн сыртқы сауда қызметiн реттеу жөнінде қазақстан тарабы қабылдайтын шаралар туралы хабардар етсiн.

3 3. Жарияланған күнiнен 30 күн өткеннен кейiн күшiне енетін осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасынан басқасы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы