О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года № 1037
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 1997 года № 1037
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20
- Қабылданған күні
- 06.01.2006
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2008 AI26352_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P060000020_
- ЭКБ идентификаторы
- 26352
- Редакция идентификаторы
- AI26352_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:02
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
5-тармақтың ж) тармақшасында:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
"2-5" деген сандар "4 және 5" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
бiрiншi абзацта:
"Тауардың атауы" деген бағандағы "Пiл сүйегi, маралдың" деген сөздер "Маралдың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешiмдi келiсетiн мемлекеттiк органы" деген бағандағы ", Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанның он екiншi абзацында:
"2846" деген сандардан кейiн "7110 41 000 0" деген сандармен толықтырылсын;
"8104 11 000 0" деген сандар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешiмдi келiсетiн мемлекеттiк органы" деген бағанның он алтыншы және он жетiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";
көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
"Тауардың атауы" деген бағанның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Пестицидтер (улы химикаттар)".