Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года № 1859

Қаулы · № 1391 · қабылданған 31.12.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-1997-no-1859/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года № 1859 Қолданыста 31.12.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года № 1859

Қолданыста Қаулы № 1391 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года № 1859
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 1859 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1391
Қабылданған күні
31.12.1998
Көрсетілген редакция
31.12.1998 AI2024_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001391_
ЭКБ идентификаторы
2024
Редакция идентификаторы
AI2024_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:22
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы № 1859 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1859 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 57, 520-құжат; 1998 ж., N 10, 78-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Арнаулы қазынашылық міндеттемелерінің номиналдық құнына, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ауқымды сертификатта келтірілген сыйақы (мүдде) есептеледі";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Есептелген сыйақыны (мүддені) төлеу 2000 жылдың 25 маусымынан бастап тиісті күнге әрбір алты айдан кейін, осы Ереженің 9-тармағында көрсетілген сыйақы (мүдде) есептелген күннен бастап, арнаулы қазынашылық міндеттемелердің айналым мерзімі шегінде жүргізіледі. Есептелген сыйақыны (мүддені) төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келген жағдайда, сыйақы (мүдде) есеп айырысу күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні төленеді";
Мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, айналысқа
енгізудің және өтеудің тәртібі туралы ережеге қосымшаның үшінші бөлімінің
сегізінші абзацы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнаулы
қазынашылық міндеттемелерін шығарудың ауқымды сертификаты) мынадай
редакцияда жазылсын:
"Сыйақыны (мүддені) есептеу күндері, 25.06.00, 25.12.00, 25.06.01, 25.
12.01, 25.06.02, 25.12.02, 25.06.03, 25.12.03, 25.06.04, 25.12.04,
25.06.05, 25.12.05, 25.06.06, 25.12.06, 25.06.07, 25.12.07".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.