О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 декабря 1999 года N А-242
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 декабря 1999 года N А-242
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N А-242 бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02_1_7/121
- Қабылданған күні
- 05.09.2000
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2009 AI7166_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001266_
- ЭКБ идентификаторы
- 7166
- Редакция идентификаторы
- AI7166_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:17
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N А-242 бұйрығына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет Істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2009.10.21 N 02-01-02/185 бұйрығымен.
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдардың санаттарына қойылатын үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын жетiлдiру және азаматтардың мемлекеттiк қызметке теңдей келу конституциялық құқығын iске асыру үшiн мүмкiндiктердi кеңейту мақсатында Бұйырамын:
1 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы "Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптары" N А-242 бұйрығына төмендегi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлсiн:
1 1) А, D, Е санаттарының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақтың 1) - 5) тармақшаларының екiншi абзацтары "Қазақстан Республикасы Конституциясы " сөзiнен кейiн "Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi (Жалпы бөлiм) " сөзiмен толықтырылсын;
2 2) В санаттарының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақтың 1) - 4) тармақшаларының екiншi абзацтары "Қазақстан Республикасы Конституциясы" сөзiнен кейiн "Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi (Жалпы бөлiм) " сөзiмен толықтырылсын;
3 3) С санаттарының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақтың 1) - 8) тармақшаларының екiншi абзацтары "Қазақстан Республикасы Конституциясы" сөзiнен кейiн "Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексi (Жалпы бөлiм)" сөзiмен толықтырылсын;
4 4) В санатының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктілік талаптарына:
4 тармақта:
2-шi) тармақтың бiрінші сөйлемi "В-3" сөзiнен кейiн "В-4" сөзiмен толықтырылсын;
3-шi) тармақшаның бiрiншi сөйлемiндегi "В-4" сөзi "В-5" сөзiмен алмастырылсын;
4-шi) тармақшаның бiрiншi сөйлемiндегi "В-5" сөзi алынып тасталсын, "В-6" сөзiнен кейiн "В-7" сөзiмен толықтырылсын;
5 5) С санатының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақта:
7-шi) тармақшаның бiрiншi абзацында "С-10" сөзiнен кейiн "С-11" сөзiмен толықтырылсын, "үш жыл" сөзi "бiр жыл" сөзiмен алмастырылсын;
8-шi) тармақшаның бiрiншi сөйлемiндегi "С-11" сөзi алынып тасталсын, "С-12" сөзiнен кейiн "С-13" сөзiмен толықтырылсын;
8-ші) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "мемлекеттiк қызмет стажы бiр жылдан кем болмаған кезде немесе аталмыш санаттың нақты лауазымының функциональдық бағыттарына сәйкес салаларда бiр жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болса" сөздерi алынып тасталсын;
6 6) D санатының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақта:
4-ші) тармақшаның бiрiншi сөйлемiндегi "үш жыл" сөзi "бiр жыл" сөзiмен алмастырылсын;
5-ші) тармақшаның бiрiншi сөйлемi төмендегi редакцияда жазылсын: "D-6, D-7 санаттары үшiн: жоғары кәсiби бiлiм. Біліктiлiгiн көтерген жағдайда орта кәсiби біліммен жiберiледi";
төмендегi мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
5-1 "5-1) D-8 санаты үшiн: бiлiмi - біліктілігiн көтерген жағдайда орта кәсiби. Бiлiктiлiгін көтерген жағдайда орта біліммен де жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiн (Жалпы бөлім) , "Мемлекеттiк қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi стратегиялық дамуын бiлу.
Аталмыш санаттардың лауазымдары бойынша функциональдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi өзге де мiндеттi бiлiмдер."
7 7) Е санатының тобына жатқызылып, аталған бұйрықпен бекiтiлген Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар санаттарына қойылған үлгілік бiлiктiлiк талаптарына:
4 тармақта:
2-ші) тармақшаның бiрiншi сөйлемi "Е-3" сөзiнен кейiн "Е-4" сөзiмен толықтырылсын;
3-ші) тармақша күшi жойылған деп танылсын;
4-ші) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "Е-5" сөзiнен кейiн "Е-6" сөзiмен толықтырылсын, "үш жыл" сөзi "екi жыл" сөзiмен алмастырылсын;
5-шi тармақшаның бiрiншi абзацындағы "Е-6" және "және бiлiктiлiгiн көтерген жағдайда" сөздерi алынып тасталсын;
тармақ төмендегi мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) Е-8, Е-9 санаттары үшiн: бiлiмi - жоғары кәсiби. Бiлiктiлiгiн көтерген жағдайда орта кәсiби бiлiммен жiберiледi.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiн (Жалпы бөлiм) , "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуын білу. Аталмыш санаттардың лауазымдары бойынша функциональдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.";
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.