О внесении дополнений в Приказ Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 апреля 1999 года N 25-ОД
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в Приказ Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 апреля 1999 года N 25-ОД
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 134-ОД
- Қабылданған күні
- 20.06.2000
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2000 AI6235_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V000001167_
- ЭКБ идентификаторы
- 6235
- Редакция идентификаторы
- AI6235_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:25
0 Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегi N 25-ОД бұйрығымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 22 мамырда N 773 нөмiрмен тiркелген Рынокта үстем жағдайға ие шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу ережесiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тараудың 5-тармағы үшiншi абзацындағы, 11, 12-тармақтардағы "қаулысымен" деген сөз "бұйрығымен" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тараудың 6-тармағының екiншi абзацы "сондай-ақ нақты ортаға берiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк органдар бұрын монопольдi түрде орындаған рыноктағы қызмет көрсетулер" деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 3-тармақшамен толықтырылсын:
мемлекеттiк кәсiпорындар монопольдi түрде қызмет көрсетулердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерiн көрсеткен кезде;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Экономиканың бәсекелес саласындағы бағаларға мемлекеттiк реттеу жүргiзген кезде Уәкілетті орган табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін қолдануға құқылы".
3-тараудың 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер екi аптадан кешiктiрмей орталық (аумақтық) уәкiлеттi органды алдағы уақытта монопольды түрде өндiрiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) босату бағасын көтеру туралы және оларды көтерудің себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi".