Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения от 30 ноября 2000 года N 761 "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов"

Бұйрық · № 858 · қабылданған 15.09.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2000-n-761-28-2000-n-1624/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения от 30 ноября 2000 года N 761 "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 858 ·15.09.2002
29.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения от 30 ноября 2000 года N 761 "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 858 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения от 30 ноября 2000 года N 761 "О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2000 года N 1624 "Об утверждении Правил лицензирования деятельности, связанной с изготовлением и реализацией лечебных препаратов"
Атауы (қаз.)
"Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
858
Қабылданған күні
15.09.2002
Көрсетілген редакция
29.04.2010 AI13414_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020002020_
ЭКБ идентификаторы
13414
Редакция идентификаторы
AI13414_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:50

0

"Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 310 бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымдағы N 621 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Емдiк препараттарды дайындау мен сатуға байланысты қызметтердi лицензиялау Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 30 қарашадағы N 761 бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) Дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы дәрiлiк заттарды сату Ережесi (10-қосымша)";
Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Дәрiлiк заттарды дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сату Ережесi

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 16 қыркүйектегі
N 858 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi
агенттiгi төрағасының
бұйрығына 10-қосымша
Дәрiлiк заттарды дәрiханалық ұйымдары жоқ елдi мекендерде орналасқан фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сату Ережесi

1

1. Дәрiханалық ұйымдары жоқ шалғайдағы елдi мекендерде тұратын халықтың дәрiлiк заттарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында дәрi-дәрмек құралдарын сату "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қазандағы N 1624 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 маусымдағы N 621 қаулысына сәйкес Фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Дәрiлiк заттарды фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сатуды ұйымдастыру жауапкершiлiгi аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерi мен облыстық денсаулық сақтау басқармаларына (департаменттерiне) жүктеледi.

3 3. Дәрілiк заттарды фельдшерлiк-акушерлiк пункттер арқылы сатуды ұйымдастыру кезiнде аудандық денсаулық сақтау бөлiмдерi фельдшерлiк-акушерлiк пунктке дәрi-дәрмек құралдарын сақтау және сату жағдайларын қамтамасыз ету үшiн тиiстi санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес үй-жай бередi.

4 4. Фельдшерлiк-акушерлiк пунктте дәрiлiк заттарды сатуды аталған фельдшерлiк-акушерлiк пункттiң қызметкерлерi құрамынан жоғары немесе орта медициналық бiлiмi бар, дәрiлiк заттарды сақтау және сату мәселелерi бойынша аттестатталған адам жүзеге асырады.

5 5. Емдiк преператтарды (бұдан әрi - лицензиаттар) сатуға байланысты қызметке мемлекеттiк лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалар белгiленген тәртiпте осы фельдшерлiк-акушерлiк пунктте дәрiлiк заттардың бөлшек саудасына құқық беретiн лицензияға сәйкес қосымша алуы тиiс.

6 6. Лицензиат фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң өтiнiмдерiне байланысты дәрілiк заттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес ұсынады.

7 7. Егер дәрi-дәрмек құралдарын сатуды науқастарға рецепт жазып беретiн фельдшерлiк-акушерлiк пункттiң меңгерушiсi жүзеге асыратын болса, онда тегiн түрлерiн қоспағанда, дәрілiк заттар рецептiсiз босатылады.

8 8. Дәрiлiк заттарды тегін босату Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

9 9. Лицензиаттар мен Фельдшерлiк-акушерлiк пункттердiң құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде қажеттi мүккәмалдармен жарақтандыру, шартпен реттеледi.

Қолданыстағы