Об исполнении поручений Президента Республики Казахстан, данных на совещании с акимами всех уровней 30 января 2001 года, акимом Жылыойского района Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 қаңтарда барлық деңгейдегі әкімдермен өткізілген кеңесте берген тапсырмаларының Жылыой ауданында орындалу барысы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 25.04.2007 жылғы № 3-959 қаулысымен. Жылыой ауданының әкiмi А.Бисеновтiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 30 қаңтарда барлық деңгейдегi әкiмдермен өткiзiлген кеңесте берген тапсырмаларының Жылыой ауданында орындалу барысы туралы" хабарламасын тыңдап, облыс әкiмияты аудан әкiмiнiң аппаратымен бiрсыпыра жұмыс жүргiзiлгенiн атап өтуде. Ауданның барлық селолық және поселкелiк округтарында халықтың тұрмыс деңгейiнiң мониторингi жүргiзiлген. Елдi мекендердiң әлеуметтiк төлқұжаттарын дайындаумен, кедейлiк пен жұмыссыздыққа қарсы күресу шаралары әзiрленген. Ауданда 227 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейi экономикалық белсендi халықтың 4,6 пайызын құраған. Халықтың аз қамтылған топтарына 9551875 теңге сомасында атаулы әлеуметтiк көмек көрсетiлген. Аудан бойынша бюджеттiк сала қызметкерлерiне жалақы, зейнетақы және түрлi санаттағы жәрдемақы алушыларға берешегi жоқ. "Игiлiк" бағдарламасы бойынша құлсары қаласында 1200 орындық мектеп және 75 төсектiк аурухана салынуда. Шағын және орта бизнестi қолдау жөнiнде шаралар алынуда. 2001 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелендiру бағдарламасы бойынша несие 6,6 млн.теңге сомасында берiлдi, жоспар бойынша 1,5 млн.теңге. Елдi мекендердi көрiктендiру және көгалдандыру жөнiнде бiрқатар жұмыс жүргiзiлген. Құлсары қаласында "Мұнайшылар паркi" ашылып, көшелерге жарық жүргiзiлген, 1000 астам көшеттер отырғызылды. 2 автомобиль және бiр жаяу жол көпiрi салынған. Елдi мекендердi санитарлық тазалау, көгалдандыру мен көрiктендiру жөнiнде айлықтар жүргiзiледi. Ауданның денсаулық сақтау жүйесiнде оң өзгерiстер бет алған. Өткен жылы ауданда аса қауiптi және карантиндiк жұқпалы аурулар оқиғасы тiркелмеген. 2001 жылы туберкулездiң өршiген түрiмен ауыратын жаңадан 89 науқас есепке алынды. Аудан құқық қорғау органдары қылмыскерлiкпен, сыбайлас жемқорлықпен және нашақорлықпен күрес жөнiнде бiрсыпыра жұмыстар жүргiзуде. Құлсары қаласында әкiмияттың тiкелей көмектесуiмен шекаралық заставаға бұрынғы балалар бақшасының ғимараты берiлiп, барлық әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасалған. Аймақтың қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты. Әйтсе де ел Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 11 тапсырмасын атқару жөнiндегi жұмыста айтарлықтай кемшiлiктер орын алып отыр. Осы мәселе бойынша iс-шаралар жоспары немқұрайлы жасалған, атқарушыларға жеткiзiлмеген. Селолық жерлерде жоғары жұмыссыздық деңгейi сақталуда, ауыл шаруашылығы салаларының дамуына көңiл бөлiнбейдi. Автомобиль жолдарын жөндеу сапасы, қысқа дайындық жәйi талапқа жауап бермейдi. Су құбырлары тораптары мен сораптық стансалардың ескiруiнен тұтынушыға дейiн су тасымалдау кезiнде ысырапқа жол берiледi. Аумақты тазалау, қоқыстан тазарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге бақылау қойылмаған. Елді мекендер қоқыс жинайтын контейнерлермен қамтамасыз етiлмеген, нәтижесiнде жер-жерде беталды қоқыс үйiндiлерi пайда болған. Алдыңғы жылға қарағанда ауданда қылмыскерлiк 9,6% өскен, нашақорлықпен, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыскерлiктiң өсу серпiнi байқалады. Балалар қылмыскерлiгi артып отыр. Ауданда жастармен жұмыс нашар жолға қойылған, елiмiздiң негiзгi стратегиясын насихаттайтын көрнекi ақпарат жоқ. Ауданда негiзгi өнеркәсiп пен коммуналдық қызмет көрсету салаларында бәсекелестiктi дамыту мен монополизмдi жоюдың жағдайы жасалмаған. Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жылыой ауданының әкiмi А.З. Бисеновтiң хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Жылыой ауданының әкiмi (А. Бисенов):
Тармақша 1
1) тұрғындардың өзiн-өзi жұмыспен қамтуын, балалы әйелдердiң, қарт адамдардың, мүгедектердiң үйде жұмыс iстеуiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар алсын, үйде iстейтiн жұмыс үшiн қажеттi шаралар жасауға жәрдем етсiн;
Тармақша 2
2) кәсiпорындары таратылған зейнеткерлерге айрықша көңiл аудара отырып, барлық зейнеткерлердi аудан кәсiпорындары мен ұйымдарының қамқорлыққа алуын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) оқшауланған тұрғын жайда тұруға мұқтаж, туберкулездiң асқынған түрiмен ауыратын сырқаттарды тұрғын үймен қамтамасыз ету шарасын алсын;
Тармақша 4
4) Құлсары қаласында балалардың сүт кухняларын ашу шараларын алсын;
Тармақша 5
5) аудандық қарттар интернат үйiнiң қамқорлығындағыларды облыстық интернат-үйiне аудару мәселесiн iлгерi қарай бюджетте осы мақсатқа қаралған қаражатты аудандық балалар үйiн ұйымдастыру арқылы шешсiн;
Тармақша 6
6) ай сайын селолық және поселкелiк округтер әкiмдерiн, аудан мекемелерiнiң басшыларын кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күресу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, шағын кәсiпкерлiктi қолдау, өз аймақтарында тазалық пен тәртiп орнату мәселелерi бойынша есептерiн тыңдауды тәжiрибеге енгiзсiн;
Тармақша 7
7) ауданда құқық тәртiбiн күшейту, Құлсары қаласында орналасқан шекара заставасына шефтiк көмек көрсетудi кеңейту жөнiндегi пәрмендi шаралар қабылдасын;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту, ауыл шаруашылық шикiзатты бастапқы өңдеу және өнiмнiң қарапайым түрлерiн шығару шағын цехтарды ашу, қолдағы малдың тектiк қорын сақтау, олардың санын тұрақтандыру жөнiнде шаралар қабылдасын; ауыл шаруашылығы малы мен өсiмдiктер ауруларының алдын алу жөнiнде жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк этика нормаларын сақтау жөнiнде шаралар қабылдасын;
Тармақша 10
10) ауданда жастар саясатын жүзеге асыруды жандандырсын; барлық округтерде жастар iсi жөнiндегi қоғамдық кеңестердi құрсын;
Тармақша 11
11) ауданның барлық елдi мекендерiнде көрнекi үгiт пен ақпарат құралдарын ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
Тармақша 12
12) қабылданған жалпы республикалық және аймақтық бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 3
3. қала және аудандар әкiмдерi:
Тармақша 1
1) Ел Президентiнiң 11 тапсырмасын жүзеге асыру және мүлтiксiз орындау жөнiнде шаралар қабылдасын.
Тармақша 2
2) Осы қаулыны орындау барысы туралы ақпаратты облыс әкiмi аппаратына 2002 жылғы 10 шiлдеде ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң аппарат басшысы М. Өтешовке жүктелсiн.
Басқа 19
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 30 қаңтарда барлық деңгейдегі әкімдермен өткізілген кеңесте берген тапсырмаларының Жылыой ауданында орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 11 тапсырмасын орындау мақсатында Жылыой ауданында бірсыпыра жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімінің 2000 жылғы 16 ақпандағы №830 шешімімен осы мәселелер жөнінде іс-шаралар бекітілген. Ұсынылған ақпараттық материалдарды талдау және зерделеу, аудан халқымен әңгімелесу, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілерді аралап көру ауданды тұтас алғандағы қоғамдық-саяси ахуалдың бір қалыпты екендігін көрсетеді. Ауданда кадрлар әлуетін жаңарту процесі жүріп жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек және атқарушылық тәртібін нығайтуға, олардың этика нормадарын сақтауына көңіл аудару күшейтілген. 2001 жылға арналған аудан бюджеті 240269 теңге сомасында жоспарланған, бюджеттің атқарылуын 2951709 теңге немесе 104% құраған. Бюджеттік қаражаттан үйлерді күрделі жөндеуге 7300 мың теңге, денсаулық сақтау объектілерінің күрделі жөндеуіне 14350 мың теңге, білім беру объектілерінің күрделі жөндеуіне 28760 мың теңге бағытталған. Бюджет нақтыланғаннан кейін қазан айында аудандық қазандықтың қазанын жөндеуге 15.0 млн.теңге, денсаулық сақтау желісі бойынша «Саусақ» (Диабет) бағдарламасын жүзеге асыруға, аудандық аурухана ғимаратын жөндеуге, дәрі-дәрмектер сатып алуға – 16.1 млн.теңге бөлінген. Халықты жұмыспен қамтудың бірінші кезектегі шараларын қамтамасыз ету нәтижесінде ауданда 227 жаңа жұмыс орны ашылған, соның ішінде өнеркәсіпте –35, ауылшаруашылығында-26, құрылыста-71, шағын және орташа бизнесте-95. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 4,6 пайызын құраған (облыстық көрсеткіш-4,3%). 3060 ресми тіркелген жұмыссыздардың 663-і жұмысқа орналастырылған, 523 адам қоғамдық жұмыстарға, 201-і оқуға жіберілген. 2030 адамға атаулы әлеуметтік жәрдем 9551875 теңге сомасында көрсетілген. Аймақтық экологиялық қолайсыздығынескеріп, «Қазаөойл-Ембі» ААҚ арқылы мектеп оқушыларын оқудан қол үздірмей тегін сауықтыруы мен демалысы ұйымдастырылған, ай сайын 75 бала оқытушылармен бірге «Евпатория» санаторийінде демалу мүмкіндігіне ие болып отыр. Барлық елді мекендерде халықтың тұрмыс деңгейінің мониторингі жүргізілген. Мониторинг нәтижесі бойынша ауданның 7 округінде 60608 халық тұрады, олардың 30405 адамы экономикалық белсенді тұрғындарды құрайды, 1235 отбасы (немесе 5476 адам) әлеуметтік қолдауға мұқтаж, олардың 359 отбасында бір де бір адам жұмыс істемейді. Өте мұқтаж отбасылар саны-432. Аудан бойынша тұтас алғанда бюджеттік сала қызметкерлеріне жалақы, зейнетақы және жәрдемақы алушыларға берешегі жоқ. Денсаулық сақтау саласында, мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде салауатты тұрмыс және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау ісінде оң өзгерістерге қол жеткізілген, медицина қызметкерлерімен, ал интернаттық мекемелер-оқшауландырғыштармен қамтылған. Вирустық гепатиттің алдын алу жөнінде нақты шаралар алынған. Мектеп оқушыларының ыстық тамағын ұйымдастыру мәселесі де ойластырылуда. «Игілік» бағдарламасы бойынша Құлсары қаласында 1200 орындық мектеп және 75 төсектік аурухана салынуда. Тек Жаңа Қаратон поселкелік округінде ғана (Ыбыраев Б.) ОДЕ санитарлық-зарарсыздандыру режиміне сай келмейтін жағдайда жұмыс істейді. Өткен жылы ауданда аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулар оқиғасы тіркелмеген. Жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде емдеу-алдын алу мекемелерімен бірлесіп, санитарлық бақылаудың бірсыпыра жоспарлы шаралары жүргізіліп отыр. Туберкулезбен күрес, ана мен баланы қорғау мәселелері көкейкесті болып қалып отыр. 2001 жылы жаңадан туберкулездің ашық (белсенді) нысанымен 89 науқас есепке алынған. Ауданда қарттардың интернет-үй жұмыс істейді, онда қамқорлыққа алынған 10 адамға 8 қызмет көрсетуші бөлінген. Бұл интернаттың шығыны жылына 6 млн теңге құрайды. Аудандағы аз қамтылған отбасылардан 1600 бала бар болса, ал олардың арасынан 107 бала толық жетімдер санатына жатады. Ауданның барлық елді мекендерінде Қазақстан және Ресей теледидарының хабарлары көрсетіледі, газет, журналдар және басқа баспасөз өнімдері тұрғындарға уақтылы жеткізіліп тұрады. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралар алынуда. 2001 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағдарламасы бойынша шағын несиелер беру 1,5 млн.теңге сомасында жоспарланған болса, іс жүзінде 44200 доллар сомасында немесе 6,6 млн.теңге сомасында шағын несиелер берілді. Аудандағы еңбек етушілердің 11 шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Нарықтық сала дамыған, беталды орналасқан базарларды жою жөнінде шаралар алынуда. Дүкендер тауармен толтырылған. Тамақ өнімдерінің бағасы Атырау, Ақтау қалаларына қарағанда жоғары деңгейде. Бәсекелестікті дамыту, монополизмге жол бермеу және тауар өндірушілер мен тауарды тұтынушылар және қызмет көрсетулер арасындағы өнімсіз делдалдардың қатысу ісінде ауданда мониторинг жүргізілген. Мониторинг мәліметтері бойынша ауданда жылумен қамтамасыз етумен 6 кәсіпорын айналысады, осы қызмет көрсетулерге барлық тұтынушылар санаты үшін 2000 жылғы 1 қазанда бірдей баға бекітілген-1 ГКАЛ үшін 65 теңге. Электр тораптарына қызмет көрсетумен «Атырау-Жарық» ЖШС аудандық филиалы айналысады. Мұнай өндіру, өңдеу және өткізу саласында «Теңізшевройл» ЖШС бөлімшелері-93,3%, «Қазақойл-Ембі» ААҚ-5,4% және «Қазақойл-Тельф» ЖШС-1,3% жұмыс істейді. «ТШО» ЖШС өзінің барлық өнімдерін елден тыс жерге өткізеді, ауданда өндіретін мұнайының 6,7% ғана ішкі рынокта қалады. Жолаушылар тасу рыногында жақсы бәсекелестік ұйымдасқан. Мұнда 4 заңды тұлға және ондаған жеке көлік иелері қатыстырылған. Олар аудан ішілік 11 бағдарда халыққа қызмет көрсетеді. Аудан үшін газды «Теңізшевройл» ЖШС жеткізеді. Оны «Құлсарыгаз» АҚ тұрғындар арасында жүзеге асырады, өйткені газбен жабдықтаушы жалғыз кәсіпорын болып, «ТШО» есептеледі, осы өнімге бағаны да олардың өзі белгілейді (1000 мᵌ табиғат газға 12 доллар және 1 мың тонна сұйытылған газ үшін 50 доллар). Ауыл шаруашылығында «Жаңа таң» акционерлік қоғамы және 33 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Елді мекендерде көріктендіру және көгалдандыру жөнінде бірсыпыра жұмыстар жүргізілген. Аудандық бағдарлама бекітілген. Осы мақсатпен көктем мен күзде аумақты санитарлық тазалау және көріктендіру жөнінде айлықтар жарияланды. Осы шаралар кезінде кәсіпорындар мен тұрғындар күшімен беталды орналасқан 89 қоқыс үйінділері жойылып, 49 тұрғын үйдің төлелері құрғатылған. 2001 жылы елді мекендерді санитарлық тазалау жөніндегі шараларға бюджеттен 15 млн.теңге бөлінген. 48076 тонна қоқыс сыртқа тасылған. Ауданда қоқысты сыртқа тасу жұмысымен 2001 жылғы қыркүйекте құрылған «Жылыойтазалық» ММК айналысады. Құлсары поселкесіне қала мәртебесін берудің ауданға оң әсері болды. 2001 жылы Құлсары қаласында «Мұнайшылар паркі» ашылған, қаланың басты көшелеріне жарық берілген, бағдаршамдар жөнделген, 12 гектар жер өңделген, 3 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылған. «Ғимарат» ЖШС бүгінгі таңда Қамыскөл жағасынан қала тұрғындары үшін парктік аймақ пен демалыс орындарын құру үшін бөлініп берілген аймақты көріктендірумен айналысуда. «Игілік» бағдарламасы бойынша 2 автожол және Құрсай өзені үстінен бір жаяу жол көпірі салынып, пайдалануға берілген. Елді мекендерді су басудан қорғау мақсатында «Бақаш» жерінде шлюз салынған. Қамтамасыз етілмеген. Соның нәтижесінде барлық жерлерде қоқыс үйінділері пайда болған. Қоқыс үйінділерін болдырмау, қала көшелерінде тәртіп пен тазалықты орнату мақсатында ауданда санитарлық полиция бөлімшесін ашу қажет. Ауданда өткен уақытта мал басының саны кеміп кеткен (қой, ешкі, мүйізді ірі қара). Түйе саны ең төменгі деңгейге жеткен. Қылмыстық деңгейі 10 мың адамға 38 пайыз құрған (2000 жылы-35 пайыз). 2001 жылы 213 қылмыс тіркелген (2000 жылы-198). Нашақорлықпен байланысты қылмыстар 5,5 пайызға көп тіркелген. 2001 жылы 4976 әкімшілік тәртіп бұзу туралы хаттамалар ресімделген. Ол өткен жылға қарағанда 378-ге көп. Сыбайлас жемқорлық сыйпатындағы 13 қылмыстық іс қозғалған. 21 жол-көлік оқиғалары тіркелген. Онда 12 кісі қаза тауып, 25 кісі дене жарақаттарын алған. Ауданда жастармен жұмыс нашаржолға қойылған. Аудандық жастармен жұмыс бағдарламасы әзірленіп, бекітілгенмен, ешбір округте жастардың қоғамдық кеңесі құрылмаған. Ауданда шетел мамандары жұмыс жасайтын 38 фирмалар мен компаниялар орналасқан. Түрлі тексеру, «Оралман» операциясы барысында әкімшілік жауапкершілікке 132 тұлға тартылған. Оның 14-шетел азаматтары, 118 ТМД елдерінің азаматтары. 70 адам қуылып, 8 басшы жауапкершілікке тартылған. Жоғарыда аталған сын-ескертпелер аудан әкімі А.З.Бисеновке баяндалып, оларды жоюдың нақты шаралары ұсынылды.