О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года N 598
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года N 598
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 898
- Қабылданған күні
- 03.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2016 AI16787_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000898_
- ЭКБ идентификаторы
- 16787
- Редакция идентификаторы
- AI16787_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:59
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 598 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 16, 172-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Заң, жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiнде:
1) 2-тармақ "қаржылық" деген сөзден кейiн "криминологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;
2) 4-тармақ алынып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Криминологиялық сараптама мынадай мiндеттердi басшылыққа алады:
1) заң жобалау базасын жетiлдiру;
2) заң жобасының қабылдануына байланысты құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкiн жағдайларды анықтау;
3) қылмыстық әрекеттiң үстiнен әлеуметтiк-құқықтық бақылаудың мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау және заң жобасы қабылданған жағдайда оның алдын алу;
4) заң жобасында Қазақстан Республикасындағы қазiргi кездегi қылмыстың жай-күйiн, сипатын және құрылымын есепке алу;
5) заң жобасын қабылдаудың қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi шараларға қатысты салдарлары;
6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы күрестiң мүмкiн болатын тиiмдiлiгiн айқындау;
7) заң жобасын қабылдаудың қылмыс субъектiлерiнiң әлеуметтiк-психологиялық қасиеттерi жүйесiне қатысты салдарлары;
8) жәбiрленушi тараптың өз құқықтарының қорғалуын жүзеге асыру мүмкiндiгi;
9) заң жобасымен реттелетiн құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша статистикалық деректердiң болуы;
10) заң жобасында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың түрлерi бойынша жасырын қылмысты есепке алу мүмкiндiгi;
11) террорлық актiлер, қасақана құқық бұзушылықтар, сондай-ақ абайсыздықпен құқық бұзушылықтар жасау мүмкiндiгiн анықтау;
12) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық болжауды енгiзу;
13) заң жобасы қабылданған жағдайда криминологиялық жоспарлауды жүзеге асыру;
14) экономикалық қылмыстың криминологиялық сипаттамасын талдау.";
4) 8-тармақ "ғылыми бiлiмi" деген сөздерден кейiн "және (немесе) ғылыми дәрежесi" деген сөздермен толықтырылсын;
5) 10-тармақ "шартта" деген сөзден кейiн "немесе еңбек шартында" деген сөздермен толықтырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1 Сараптама заң жобасын әзiрлеудiң мынадай сатыларында жүргiзiледi:
заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентiне сәйкес мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзгенге дейiн.";
7) 13-тармақта:
екiншi абзац "(мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзац ", қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар туралы заң жобасын енгiзген кезде (мемлекеттiк және орыс тілдерiнде)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"зерделенетiн мәселелер бойынша статистикалық деректер";
8) 14-тармақ алынып тасталсын;
9) 15-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Бұл ретте сарапшыға мемлекеттiк немесе орыс тiлiне аудару үшiн қосымша он күнтiзбелiк күн берiледi.";
10) мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Сараптаманы ұйымдастырушы сарапшының ұсыныстары бойынша заң жобасын пысықтаған жағдайда сараптаманы жүргiзу мерзімдері жаңартылған заң жобасының ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.".