Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598

Қаулы · № 13 · қабылданған 15.01.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2002-no-598/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598 Күшін жойған Қаулы ·№ 13 ·15.01.2010
31.08.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598

Күшін жойған Қаулы ·№ 13 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 мая 2002 года № 598
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
15.01.2010
Көрсетілген редакция
31.08.2016 AI50076_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P100000013_
ЭКБ идентификаторы
50076
Редакция идентификаторы
AI50076_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:18

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 16, 172-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына карай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.
Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.
Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының;
3) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.
Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберу өлшемдері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның бақылау-қадағалау өкілеттіктеріне қатысты нормалардың болуы;
2) рұқсат беру рәсімдеріне қатысты нормалардың болуы;
3) жеке және заңды тұлғаларға міндеттер енгізуді немесе қолданыстағы міндеттерді өзгертуді көздейтін нормалардың болуы;
4) санкциялар салу, жауапкершілікке тарту, оларды беру жөніндегі мемлекеттік органның және/немесе лауазымды тұлғаның өкілеттіктерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратуды көздейтін нормалардың болуы.
Өзге де қажетті жағдайлар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болуы мүмкін.»;
5-тармақта:
бірінші абзацтағы «Заң жобаларына» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 5-1), 6), 7), 9), 10) тармақшаларындағы «заң жобасын», «заң жобасының», «заң жобасы», «заң жобасында» деген сөздер тиісінше «нормативтік құқықтық актінің жобасын», «нормативтік құқықтық акті жобасының», «нормативтік құқықтық актінің жобасы», «нормативтік құқықтық актінің жобасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау.»;
10-1-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі:
мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін;
мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін.».

2 2. Осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу өлшемдері болған кезде олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптауға жатады.

3 3. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы