Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС от 30 марта 2002 года

Қаулы · № 385 · қабылданған 25.05.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2002/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС от 30 марта 2002 года Қолданыста Қаулы ·№ 385 ·25.05.2015
25.05.2015 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС от 30 марта 2002 года

Қолданыста Қаулы ·№ 385 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола о внесении изменений и дополнений в Соглашение о таможенном и налоговом контроле за производством и оборотом этилового спирта, алкогольной, спиртосодержащей и табачной продукции на территориях государств-членов ЕврАзЭС от 30 марта 2002 года
Атауы (қаз.)
2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
385
Қабылданған күні
25.05.2015
Көрсетілген редакция
25.05.2015 99117_113188.kaz
Соңғы өзгеріс
25.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000385
ЭКБ идентификаторы
99117
Редакция идентификаторы
99117_113188
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:58

0 2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы

бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған 2005 жылғы 24 наурызда Астанада жасалған 2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекі өнімдерінің өндірілуі мен олардың айналымын кедендік және салықтық бақылау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

📌 Ескерту.
Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген
халықаралық келісімнің мәтіні
ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық
келісімінің жасасқан тілдердегі ресми
куәландырылған көшірмесін ҚР
халықаралық келісімдерін тіркеуге,
есептеуге және сақтауға
жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен
алуға болады

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 385 қаулысымен
бекітілген
2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртiнiң, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi
2002 жылғы 30 наурыздағы ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтарында этил спиртінің, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерiнің өндiрiлуi мен олардың айналымын кедендiк және салықтық бақылау туралы келiсiмнiң (бұдан әрi – Келiсiм) 11-бабына сәйкес
төмендегiлер туралы келiстi:

1 1-бап

Келiсiмге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
Келiсiмнiң 9-бабын қоспағанда, мәтiн бойынша «этил спиртi, алкоголь, құрамында спирт бар және темекi өнiмдерi» деген сөздер тиiстi септiкте «этил спирті, алкоголь, құрамында спирт бар өнiмдер, темекi өнiмдерi және ақ қант» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-баптың бiрiншi абзацында «(акциздер және ҚҚС)» деген сөздер «(акциздер және/немесе ҚҚС)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-бап «бақылауды» деген сөзден кейiн «Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына және халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын.

2 2-бап

Осы Хаттама күшіне енуi үшiн қажетті мемлекетiшілiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күннен бастап 30-шы күнi күшіне енедi.

3 3-бап

Осы Хаттама Келiсiмнiң қолданылуы кезеңiне жасалады.
2005 жылғы 24 наурызда Астана қаласында орыс тiлiнде бiр төлнұсқа данада жасалды. Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетiнде сақталады, ол әрбiр Тарапқа оның расталған көшiрмесiн жiбередi.
Беларусь Республикасының
Yкiметi
үшiн
Қазақстан Республикасының
Yкiметi
үшiн
Қырғыз Республикасының
Yкiметi
үшiн
Ресей Федерациясының
Yкіметi
үшiн
Тәжiкстан Республикасының
Yкіметi
үшiн

Қолданыстағы