Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2003 года № 106

Қаулы · № 1695 · қабылданған 28.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2003-no-106-ekb-48418/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2003 года № 106 Күшін жойған Қаулы ·№ 1695 ·28.10.2009
18.10.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2003 года № 106

Күшін жойған Қаулы ·№ 1695 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2003 года № 106
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1695
Қабылданған күні
28.10.2009
Көрсетілген редакция
18.10.2010 AI48418_2.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001695_
ЭКБ идентификаторы
48418
Редакция идентификаторы
AI48418_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:09

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 4, 53-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесі:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Пайдаланушының сертификаты коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз N ____

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 қазандағы
N 1695 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
N 106 қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларды және олар
көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережесіне
1-1-қосымша
Пайдаланушының сертификаты
коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз
N ____
Осымен пайдаланушы - __________________________________________
(пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________________ N ____ қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады.
Пайдаланушы - _________________________________________________ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес __________________________
(авиациялық қызметтердің
______________________________________ жүзеге асыруға қабілетті.
түрлері, халықаралық ұшулар және т.б.)
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып алынғанға немесе
оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады.
Инспекциялық бақылауды ________________________ жүзеге асырады.
(уәкілетті органның атауы)
МО Уәкілетті органның басшысы
_________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ____ ж. "__" ___________
Қолданылу мерзімі: ____ ж. "__" ___________ дейін

Қолданыстағы