О внесении дополнения в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на услуги (товары, работы) субъектов естественной монополии", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 12 августа 2003 года № 2438
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на услуги (товары, работы) субъектов естественной монополии", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 12 августа 2003 года № 2438
- Атауы (қаз.)
- "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда № 2438 нөмiрмен тiркелген № 185-НҚ бұйрығына толықтыру е
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270-ОД
- Қабылданған күні
- 14.11.2003
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2013 AI18211_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002607_
- ЭКБ идентификаторы
- 18211
- Редакция идентификаторы
- AI18211_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:49
0
"Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда N 2438 нөмiрмен тiркелген N 185-НҚ бұйрығына толықтыру енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес, бұйырамын:
1
1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 12 тамызда N 2438 нөмiрмен тiркелген ("Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 жарияланған) N 185-HҚ бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөнiндегi ереже:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Табиғи монополия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлiнетiн демеуқаржы тарифтiң шығын бөлiгін азайтуда ескерiледi.
Сонымен бiрге, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға тоқсан сайын демеуқаржыны пайдалану туралы есеп беруге мiндетті.".
2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсiн.
3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Б.В.Досан) осы бұйрық Қазақстан
Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
1 1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
2 2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж. Ертiлесоваға жүктелсiн.
5 5. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Келiсiлдi
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi
2003 жылғы 10 желтоқсан