Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"

Бұйрық · № 349-ОД · қабылданған 14.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2003-no-185-ekb-42752/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий" Күшін жойған Бұйрық ·№ 349-ОД ·14.11.2008
25.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 349-ОД · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 30 июля 2003 года № 185-ОД "Об утверждении Правил об особом порядке формирования затрат, применяемом при утверждении тарифов (цен, ставок сборов) на регулируемые услуги (товары, работы) субъектов естественных монополий"
Атауы (қаз.)
"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 185-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
349-ОД
Қабылданған күні
14.11.2008
Көрсетілген редакция
25.04.2013 AI42752_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005403_
ЭКБ идентификаторы
42752
Редакция идентификаторы
AI42752_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:36

0

"Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2438 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 6 қыркүйекте N 36 нөмірінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2607 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 14 қарашадағы N 270-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3600 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 20 қаңтарда N 8-9 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 142-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4162 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 21 сәуірде N 71-72 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 17 наурызда N 78-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4279 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 19 шілдеде N 132 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополия субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы N 156-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4377 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2006 жылғы 15 қыркүйекте N 166 нөмірінде жарияланған "Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 185-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 14 тамыздағы N 203-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбi жөніндегі ережеде:
7-1-тармақтың бірінші бөлігі "Табиғи монополия субъектісіне" деген сөздердің алдынан " Шығыстарға бағытталған, тарифтің шығын бөлігінде ескерілмеген субсидияларды қоспағанда, " деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган бекіткен нормативтік техникалық ысыраптарға байланысты шығыстар тарифтің (бағаның, алым ставкасының) шығын бөлігіне енгізіледі.";
12-тармақта :
бірінші бөліктегі "құзыретті органның оларды жүргізу қажеттілігін құжатты техникалық растауы бар болғанда" деген сөздер "уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып," деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
13-тармақта :
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Субъекті қызметкерлерінің еңбекақы жүйесі жөніндегі параметрлерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе жергілікті атқару органымен келісім бойынша құзыретті орган бекітеді.";
сегізінші бөлік алып тасталсын;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне негізгі құралдарға қайта бағалау жүргізуін келіседі.";
17-тармақ алып тасталсын;
19-тармақта :
бірінші бөліктегі "келісілген және" деген сөздер алып тасталсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
22-тармақта :
бірінші бөлікте:
"әкімшілік шығынының нақты құрамына" деген сөздер "қызметіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
"қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) іске асыру көлемдерін кеміткен және" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі "Жалпы шаруашылық және әкімшілік шығыстарды тұтынушылардың баға индексінен жоғары арттыру, сондай-ақ оларға әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге" деген сөздер "Кезең шығыстарына әкімшілік басқару жүйесі мен қаражаттарын құру және жетілдіру жөніндегі шығыстарды енгізуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың бірінші бөлігінде:
"іссапарлық шығыстары," деген сөздерден кейін "және байланыс қызметінің шығыстары" деген сөздермен толықтырылсын;
"байланыстың қымбат түрлеріне," деген сөздер алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Уәкілетті орган тарифтердің (бағалардың, алым ставкасының) жобаларына сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады және жүргізілген сараптама негізінде түзету жүргізеді.";
26-тармақтың бірінші бөлігінде:
"жүзеге асырылуы мүмкін" деген сөздер "жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын ;
"Кәсіпорынның" деген сөз алып тасталсын;
27-тармақ алып тасталсын;
28-тармақтың отыз үшінші абзацтағы "ұсыныстар" деген сөзден кейін "(реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынған кезде қолданылатын жұмыстарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1 1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

2 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
___________ Б. Сапарбаев
2008 жылғы 20 қараша

Қолданыстағы