О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 30 июля 2003 года № 289 "Об утверждении Правил по составлению и представлению отчета о реализации бюджетной программы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 30 июля 2003 года № 289 "Об утверждении Правил по составлению и представлению отчета о реализации бюджетной программы"
- Атауы (қаз.)
- "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 354
- Қабылданған күні
- 04.10.2005
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2010 AI25675_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003912_
- ЭКБ идентификаторы
- 25675
- Редакция идентификаторы
- AI25675_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:20
0 "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34 және 122-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөнiндегi ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2448 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3201 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы N 366 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті:
бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жеке бюджеттік бағдарлама бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес үлестірмелі бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жасайды және береді.";
7-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) 5 бағанда:
мыналар:
жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - бюджеттік бағдарлама паспорты бойынша есепті кезеңге жоспарланған;
бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген іс-шараларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді көрсеткен;
осы құжаттарда сандық көрсеткіштер бар болған кезде оларды көрсеткен жөн;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) 6 бағанда:
жеке бюджеттік бағдарлама бойынша - төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың орындалатын жоспары бойынша есепті кезеңге жоспарланған соманы;
бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында немесе қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісінде көрсетілген соманы көрсету керек;";
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшаларда:
"Бюджеттік бағдарламаның паспорты бекітілген нормативтік құқықтық акті" деген жолда "бекітілген" деген сөзден кейін "немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлу көзделген" деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 6 бағандарда "жоспарланған" деген сөз "көзделген" деген сөзбен ауыстырылсын.