Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года № 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов"

Бұйрық · № 440 · қабылданған 22.09.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2003-no-502-ekb-41892/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года № 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 440 ·22.09.2008
13.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года № 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 440 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 октября 2003 года № 502 "Об утверждении Правил выдачи и оснований для отказа в выдаче разрешений на выполнение нерегулярных полетов"
Атауы (қаз.)
"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
440
Қабылданған күні
22.09.2008
Көрсетілген редакция
13.08.2010 AI41892_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005336_
ЭКБ идентификаторы
41892
Редакция идентификаторы
AI41892_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:51

0 "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және рұқсат беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2558 нөмірмен тіркелген және 2003 жылғы N 43-48, 895-б Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық бюллетенінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 3 тамыздағы N 139 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3029 нөмірмен тіркелген), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3439 нөмірмен тіркелген және 2005 жылғы 21 қазандағы N 195-196 (929-930) "Заң газетінде" жарияланған), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 28 ақпандағы N 28 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4130 нөмірмен тіркелген және 2006 жылғы 7 сәуірдегі N 61-62 (1041-1042) "Заң газетінде" жарияланған), "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 3 шілдедегі N 126 бұйрықтарымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4316 нөмірмен тіркелген және 2006 жылғы 11 тамыздағы N 147 (1127) "Заң газетінде" және 2006 жылғы 21 қазандағы N 43 (305) "Ресми газетте" жарияланған); "Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы N 502 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2007 жылғы 27 наурыздағы N 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4621 нөмірмен тіркелген және 2007 жылғы мамырдағы N 5, 258-б, Нормативтік құқықтық кесімдердің бюллетенінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
4-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
5-тармақта:
бесінші абзац "немесе әуе кемесінің ұшу жарамдылығының сертификатын тану туралы шешімі" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзацтағы "және әуе кемесінің сақтандыру куәлігі" деген сөздер алынып тасталсын;
оныншы абзацтағы "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/әуе кеңістігінен кіру және шығу нүктелерімен" деген сөздер алынып тасталсын;
он екінші абзац алынып тасталсын;
8-тармақтағы екінші бөлік "Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің заңнамасына не делдалдық қызмет көрсету туралы шартқа сәйкес берілген сенімхат негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақта:
жетінші абзац "және олардың саны;" деген сөздермен толықтырылсын;
тоғызыншы абзац "ұшу бағытындағы" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
12-1-тармақтағы "қысқартылу" деген сөздерден кейін ", жұмыс күнінің аяқталуына дейін екі сағаттан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтың 4-тармақшасының төртінші абзацы "салмағы және" деген сөздерден кейін "/немесе" деген сөзбен толықтырылсын;
14-тармақтың 5-тармақшасының төртінші абзацы "және салмағы" деген сөздерден кейін "/немесе" деген сөзбен толықтырылсын.
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстандық пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне тұрақты емес ұшулар орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы не оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
Рұқсат нөмірі жүйелі түрде рұқсаттың реттік нөмірін беру арқылы және берілген күнінен құралады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Шетелдік пайдаланушылардың әуе кемелеріне тұрақты емес ұшулар орындауға рұқсат беру осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді және оны Азаматтық авиация комитетінің төрағасы не оның орынбасары, басқарма бастығы бекітеді.
Рұқсат нөмірі осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес әуе кемесін пайдаланушының тіркелу мемлекетінің реттік кодын беру арқылы, авиациялық әкімшіліктің ағылшын тіліндегі аббревиатурасынан, рұқсаттың реттік нөмірінен және берілген күнінен құралады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М.Қубаев) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Қолданыстағы