Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года N 1441

Қаулы · № 794 · қабылданған 11.09.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2004-n-1441/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года N 1441 Күшін жойған Қаулы ·№ 794 ·11.09.2007
31.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года N 1441

Күшін жойған Қаулы ·№ 794 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года N 1441
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
794
Қабылданған күні
11.09.2007
Көрсетілген редакция
31.10.2015 AI34982_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000794_
ЭКБ идентификаторы
34982
Редакция идентификаторы
AI34982_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:05

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 665-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында аңшылық шаруашылығын жүргізу ережесінде:
6-тармақтың кестесінде:
"I санат" деген жолда:
2-бағандағы»"кемінде 1500 га сулы-батпақты алқаптар" деген сөздер алынып тасталсын;
3-бағандағы»"белгіленбейді" деген сөз алынып тасталсын;
4-бағандағы»"3000" деген сандар»"5000" деген сандармен ауыстырылсын;
"II санат" деген жолда:
3-бағандағы»"5" деген сан»"3" деген санмен ауыстырылсын;
4-бағандағы»"3000-5000" деген сандар»"5000-10000" деген сандармен ауыстырылсын;
"III санат" деген жолдың 4-бағанындағы»"5000-10000" деген сандар "10000-20000" деген сандармен ауыстырылсын;
"IV санат" деген жолдың 4-бағанындағы»"10000-15000" деген сандар "20000-30000" деген сандармен ауыстырылсын;
"V санат" деген жолдың 2-бағанындағы»"5000" деген сандар "10000" деген сандармен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"аң аулайтын алқаптарды бағалауды (бонитет) және аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалауды және олардың құндылығын арттыру жолдарын;";
19-тармақтың 1) тармақшасында»"қорықшылық айналымдарының" деген сөздер "қорықшылық учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
мемлекеттік тілдегі мәтінінде 4-тармақтың 11) тармақшасы сол күйінде қалдырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
7-тармақта»"қорықшы айналымдарының" деген сөздер»"қорықшы учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың негізгі түрлері бойынша бонитеттік бағалау шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыру материалдарында келтіріледі.";
25-тармақтағы»"қорықшы айналымдарының, жануарлар дүниесі объектілерін молықтыру үшін бағытталған учаскелердің" деген сөздер "жануарлар дүниесі объектілерін молықтыруға арналған қорықшы учаскелерінің (айналымдарының)" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы