О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 30 марта 2004 года № 29/6-III "О правилах содержания и защиты зеленых насаждений города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 30 марта 2004 года № 29/6-III "О правилах содержания и защиты зеленых насаждений города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 270/39-IV
- Қабылданған күні
- 06.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2017 49379_361724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000603_
- ЭКБ идентификаторы
- 49379
- Редакция идентификаторы
- 49379_361724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43, 43-1-баптарына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 28 сәуірде N 324 болып тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда N 62-63, 2004 жылғы 17 шілдеде N 95-96 "Астана хабары", 2004 жылғы 8 мамырда N 56-57, 2004 жылғы 15 мамырда N 59-60 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2007 жылғы 12 шілдедегі N 406/50-ІІІ "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 29/6-ІІІ "Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылғы 24 шілдеде N 473 болып тіркелген, 2007 жылғы 4 тамызда N 131-132 "Астана хабары", 2007 жылғы 4 тамызда N 132-133 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 28 мамырдағы N 226/35-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 11 маусымда N 582 болып тіркелген, 2009 жылғы 16 маусымда N 65 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 16 маусымда N 71 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), 2009 жылғы 26 тамыздағы N 243/37-IV "Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 1 қазанда N 590 болып тіркелген, 2009 жылғы 6 қазанда N 111 "Астана ақшамы", 2009 жылғы 6 қазанда N 119 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген Астана қаласындағы жасыл отырғызғыларды күтіп ұстау мен қорғау қағидасында:
1-тармақтың 18) тармақшасындағы "және оларды қорғау және күтіп-баптау жөніндегі міндеттерді жүктейді" деген сөздер алынып тасталсын;
2, 3-тармақтардағы "міндетті" деген сөз "тиісті" деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
3-тараудың тақырыбындағы "және міндеттері" деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта:
бірінші сөйлем келесі редакцияда жазылсын:
"Көгалдандырылған аймақтардағы жеке және заңды тұлғалар, меншік иелері және жалға алушылар, тиісті:";
10) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
17-тармақтағы "мен міндеттері" деген сөздер алынып тасталсын;
41-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер "жол берілмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
52-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын.