О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года № 469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на принятие государственными учреждениями обязательств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года № 469 "Об утверждении Правил выдачи разрешений на принятие государственными учреждениями обязательств"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 18.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2009 AI32872_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004630_
- ЭКБ идентификаторы
- 32872
- Редакция идентификаторы
- AI32872_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:47
0 "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., 184-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесінде:
7-тармақтағы "мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауының ай сайынғы кестесінің" деген сөздер "мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "екінші данасы" деген сөздерден кейін "осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаттар тізілімімен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ алып тасталсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Ереже 3-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (Шаженова Д.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Рұқсат беру тізілімі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы»18 сәуірдегі
N 133 бұйрығына
1-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің
міндеттемелерді қабылдауына
рұқсаттар беру ережесіне
3-қосымша
Рұқсат беру тізілімі
Ұсынылған күні
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы
Мемлекеттік мекеме коды
Мемлекеттік мекеме атауы
N р/с
Рұқсаттар
Ескерту*
номері
күні
сомасы
Мемлекеттік мекеме басшысы _____________ ________________
(аты-жөні) (қолы)
Мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері ___________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
* Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесінің жауапты орындаушысы
толтырады.