О внесении изменений в решение районного маслихата от 30 июня 2004 года № 9-4 "О правилах оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в аульной (сельской) местности на приобретение топлива"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 30 июня 2004 года № 9-4 "О правилах оказания социальной помощи специалистам государственных организаций здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в аульной (сельской) местности на приобретение топлива"
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 "Ауылды селолық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11-5
- Қабылданған күні
- 29.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2009 42163_205433.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08SI000083
- ЭКБ идентификаторы
- 42163
- Редакция идентификаторы
- 42163_205433
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:48
0 Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 "Ауылды селолық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармаққа сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 «Ауылды (селолық) жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (мемлекеттік тізілімде 2004 жылғы 2 тамыз № 1313 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Шешімнің кіріспесінде «Қазақ кеңестік социалистік республикасының 1991 жылғы ақпанның 13-індегі «Қазақстан Республикасында ауыл мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытының басымдылығы туралы» Заңына» сөздері «Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармаққа» сөздерімен ауыстырылсын.
Ереженің 1-тарауының 1-тармағында «1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ советтік социалистік республикасының «Қазақстан Республикасында ауыл (село) және аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің дамуларының басымдылықтары туралы» Заңын» сөздері «Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармағын» сөздерімен ауыстырылсын.
2-тарауының 4-тармағында «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» сөздерімен ауыстырылсын;
2-тарауының 4-тармағының 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «жеке куәлігінің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодының ксерокөшірмелері»;
2-тарауының 4-тармағының 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «азаматтарды тіркеу кітабының ксерокөшірмесі».
4-тарауының 7-тармағында «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» сөздерімен ауыстырылсын;
4-тарауының 8-тармағында «Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органы» сөздері «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» сөздерімен ауыстырылсын.