Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года N 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"

Қаулы · № 58 · қабылданған 28.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2005-n-358-ekb-40339/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года N 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня" Күшін жойған Қаулы ·№ 58 ·28.04.2008
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года N 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"

Күшін жойған Қаулы ·№ 58 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года N 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
58
Қабылданған күні
28.04.2008
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI40339_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005238_
ЭКБ идентификаторы
40339
Редакция идентификаторы
AI40339_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:31

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 409 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3989 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 120 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4249 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4311 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 23 ақпандағы N 47 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4579 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4785 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 15 тамыздағы N 124 (1153) санында жарияланған), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 27 тамыздағы N 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4955 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 242 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5004 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер үшiн пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтiк мәнi мен әдiстемесi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 26 ақпандағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5183 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулары мен өзгерістерімен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық):
мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
"2-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі
31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі - оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.
Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.
31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;
2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не
"Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.
31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.
Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:
1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;
2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.
31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:
1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;
2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.
31-7. Тәуекелді беру маңызды болып табылады, егер:
1) секьюритилендіруді ескере отырып меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіруі ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;
2) банк конглемератының мүшелері болып табылмайтын, оригинатор тиесілі үшінші тарап, секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштың 10 процентінен кем емесін ұстап қалады.
Меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санмен көрсетіледі.
31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.
31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:
1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;
2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;
3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;
4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:
арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;
арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;
шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;
арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.
Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі - кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.
Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;
5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;
6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;
7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:
кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;
кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;
кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;
8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:
секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;
сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;
ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.
Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.
31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.
31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингттік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингттік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.
Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу процент және екінші деңгейдегі капиталдан елу процент мөлшерінде бөлінуі тиіс. Шегерілетін позициялар олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) бойынша құрылған сомаға кемиді.
31-12. Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:
1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;
2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;
3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;
4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;
5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.
31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.
Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:
1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе
2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.
Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.
31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі - өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.
31-15. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген;
2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;
3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;
4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;
5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;
6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.
31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:
1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;
2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;
3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;
4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.";
34-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) заемшыларға қатысты секьюритирлендірілген активтер, олар бойынша банкте секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға уәкілетті органның жазбаша растамасы жоқ;
2-2) секьюритилендіру позициялары;";
43-тармақтың 7) тармақшасында "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" деген сөздер "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшаның Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша сараланған банк активтерiнiң кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 34-1, 52-1, 68-1, 88-2-жолдармен толықтырылсын:
"
34-1
Банк­пен ба­лан­ста ұста­лы­на­тын және Standard
& Poor's агент­тi­гi­нің "ААА"-дан "АА-"-дей­iн­гі
кре­дит­тік рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін-
де­гi рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzAAA"-дан "kzAA"-ға дей­ін­гі
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар
се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
20
52-1
Банк­пен ба­лан­ста ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­тi­гi­нің "А+"-дан "А-"- дей­iн­гі
кре­дит­тік рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін-
де­гi рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's
агент­тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzA+"-дан
"kzA-" дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа
рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
50
68-1
Банк­пен ба­лан­ста ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­тi­гi­нің "ВВВ+"-дан "ВВВ-" дей­iн­гі
кре­дит­тік рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін-
де­гi рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's
агент­тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВВ+"-
дан "kzВВВ-" дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі
рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
100
88-2
Банк­пен ба­лан­ста ұста­лы­на­тын және Standard
& Poor's агент­тi­гi­нің "ВВ+"-дан "ВВ-" дей­iн­гі
кре­дит­тік рей­тин­гi неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін-
де­гi рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's агент-
тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ+"-дан
"kzВВ-" дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа
рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
350
";
2-қосымшаның Кредиттік тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банктің шартты және мүмкін мiндеттемелер кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1, 12-1, 15-1, 17-жолдармен толықтырылсын:
"
8-1
Шар­тты мін­дет­те­ме­лер шот­та­рын­да­ғы банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard & Poor's
агент­ті­гі­нің "ААА"-дан   "АА-"-ға дей­ін­гі
кре­дит­тік рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін-
де­гi рей­тин­гi неме­се Standard & Poor's агент-
тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша "kzAAA"-дан
"kzAA-" дей­ін­гі рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа
рей­тинг агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
20
12-1
Шар­тты мін­дет­те­ме­лер шот­та­рын­да­ғы банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard & Poor's
агент­ті­гі­нің "А+" дан "А-" дей­ін кре­дит­тік
рей­тин­гі неме­се бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рінiң
бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi не-
ме­се Standard & Poor's агент­тi­гi­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzA+"-дан  "kzA-" дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар
се­кью­ри­ти­лен­ді­ру по­зи­ци­я­ла­ры
50
15-1
Шар­тты мін­дет­те­ме­лер шот­та­рын­да­ғы банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard&Poor's  агент­ті­гі­нің
"ВВВ+" дан "ВВВ-" дей­ін кре­дит­тік рей­тин­гі
неме­се бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі
бой­ын­ша "kzВВВ+"-дан  "kzВВВ-" дей­ін­гі рей­тинг-
тік ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру
по­зи­ци­я­ла­ры
100
17
Шар­тты мін­дет­те­ме­лер шот­та­рын­да­ғы банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard&Poor's агент­ті­гі­нің
"ВВ+"-дан "ВВ-" дей­ін кре­дит­тік рей­тин­гі
неме­се бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­тi­гi­нің ұлт­тық шәкі­лі
бой­ын­ша "kzВВ+"-дан  "kzВВ-" дей­ін­гі рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі­нің
бі­рі­нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру
по­зи­ци­я­ла­ры
350
";
осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес 12 және 13-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Ділімбетова Г.А.):

1 1) Заң департаментiмен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.

4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

1 Сауалнама

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің
2008 жылғы 28 сәуір N 58
қаулысына 1-қосымша
"Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
12-қосымша
Сауалнама
Оригинатор банктің атауы ___________________________________
N
р/р
Сұ­рақ­тар
Жа­у­ап­тар
1
Ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның
ата­уы, ор­на­лас­қан ор­ны
2
Се­кью­ри­ти­лен­ді­ру­ді ес­кер­ме­стен
мен­шік­ті ка­пи­тал К2 жет­кі­лік­ті-
лік ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің мәні
3
Се­кью­ри­ти­лен­ді­ру­ді ес­ке­ре
оты­рып, мен­шік­ті ка­пи­тал К2 жет­кі­лік­ті­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті­нің
мәні (шек­те­улі тә­сіл)
4
Се­кью­ри­ти­лен­ді­ру­дің шек­те­улі
тә­сі­лін қол­да­ну­дың мақ­сат­қа
лай­ық­ты­лы­ғын ай­қын­да­у­ға жа­у­ап­ты
банк бас­қар­ма­сы­ның құ­ра­мы­нан
тұ­лға­лар ай­қын­дал­ды
_____ иә      _____ жоқ
5
Ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы
се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген ак­тив­тер
бой­ын­ша тө­лем­дер­ді бо­рыш­кер­лер-
дің тө­ле­ме­уі­мен бай­ла­ны­сты,
оның ішін­де және ори­ги­на­тор­дың
банк­рот­тығы (тө­лем қа­бі­лет­сіз-
ді­гі) жағ­дай­ын­да бар­лық
тәу­е­кел­дер­ді кө­те­ре­т­ін­ді­гі
ту­ра­лы заң­ды қо­ры­тын­ды бар ма?
_____ иә      _____ жоқ
6
Ори­ги­на­тор­дың жар­ғы­лық ка­пи­тал-
да­ғы ту­ра неме­се жа­на­ма қа­тыс
үле­сі не ар­найы қар­жы ком­па­ния-
сын­да­ғы да­уыс бе­ру құқы­ғы бар
ак­ци­я­ла­ры бар ма?
_____ иә      _____ жоқ
егер, ке­ліс­кен жағ­дай­да
қа­ты­су үле­сін көр­сет­сін
7
Ори­ги­на­тор ди­рек­тор­лар ке­ңе­сі­нің
неме­се ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы-
ның бас­қар­ма мү­ше­ле­рі­нің ба­сым
көп­ші­лі­гін та­ғай­ын­да­у­ға неме­се
сай­ла­у­ға құқы­лы ма?
_____ иә      _____ жоқ
8
Ори­ги­на­тор шар­тпен неме­се өзге
тә­сіл­мен ар­найы қар­жы ком­па­ния-
сы­ның ше­шім­де­рін ай­қын­да­у­ға
құқы­лы ма?
_____ иә      _____ жоқ
егер, ке­ліс­кен жағ­дай­да,
қан­дай тә­сіл­мен екен­ді­гі
нақ­ты­лан­сын
9
Ори­ги­на­тор ар­найы қар­жы ком­па-
ни­я­сы­нан се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген
ак­тив­тер­ді са­тып алу бой­ын­ша
қан­дай да бір мін­дет­те­ме­лер­ді
өзіне қа­был­да­у­ға құқы­лы ма?
_____ иә      _____ жоқ
егер, ке­ліс­кен жағ­дай­да,
мін­дет­те­ме­ле­рі көр­се­тіл-
сін
10
Ори­ги­на­тор се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген
ак­тив­тер­ге қа­ты­сты қан­дай да бір
тәу­е­кел­дер­ді ұстап қа­лу бой­ын­ша
мін­дет­те­ме­лер­ді өзіне қа­был­да­у­ға
құқы­лы ма?
_____ иә      _____ жоқ
егер, ке­ліс­кен жағ­дай­да
тү­сін­дір­сін
11
Ори­ги­на­тор ар­найы қар­жы ком­па-
ни­я­сы се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген
ак­тив­тер­ді бер­ген­нен кей­ін
се­кью­ри­ти­лен­ді­ру­мен және ар­найы
қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның қыз­ме­ті­мен
бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар­ды қа­был­дай
ма?
_____ иә      _____ жоқ
12
Ори­ги­на­тор­дың тө­лем мін­дет­те­ме-
ле­рі ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­мен
шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар бо­ла
ма?
_____ иә      _____ жоқ
13
Се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле­сін­де
ке­рі са­тып алу оп­ци­о­ны көз­дел­ген
бе?
_____ иә      _____ жоқ
егер ке­ліс­кен жағ­дай­да,
ке­рі са­тып алу оп­ци­о­ны-
ның іс­ке асы­ру шар­тын
ашу ке­рек
14
Ори­ги­на­тор се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген
ак­тив­тер­ді са­тып алу­ға не олар­ды
жиын­тығ­ы­мен бас­қа ак­тив­тер­ге
ауы­сты­ру­ға құқы­лы ма?
_____ иә      _____ жоқ
егер ке­ліс­кен жағ­дай­да,
ак­тив­тер­ді са­тып алу
неме­се олар­ды ауы­сты­ру
қан­дай жағ­дай­лар­да
екен­ді­гін мүм­кін­ді­гін­ше
ашып көр­се­ту
15
Ори­ги­на­тор се­кью­ри­ти­лен­ді­рі­л­ген
ак­тив­тер­ге қыз­мет көр­се­ту
бой­ын­ша қыз­мет­тер­ді көр­се­те ме?
_____ иә      _____ жоқ
16
Ори­ги­на­тор мен ар­найы қар­жы
ком­па­ни­я­сы­ның ара­сын­да­ғы шар­тпен
және ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы мен
ори­ги­на­тор­дың бас­қа құ­жат­та­ры­ның
ори­ги­на­тор­дың ар­найы қар­жы
ком­па­ни­я­сы­на қан­дай да бір
қол­да­уды көр­се­ту­ге тый­ым са­луы
көз­де­ле ме, ори­ги­на­тор­дың се­кью-
ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле­сін жү­зе­ге
асы­ру­дың ба­сын­да ори­ги­на­тор­мен
көр­се­ті­ле­тін қол­да­уды
қо­с­па­ған­да?
_____ иә      _____ жоқ
егер ке­ліс­се, он­да тү­сін­ді­ріл­сін
17
Ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­ның ба­ға­лы қа­ға­з­дар шы­ға­ры­лы­мы­ның
про­спек­ті­сін­де ори­ги­на­тор­дың
ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­на
көр­се­те­тін шар­ттық қол­да­уы
ту­ра­лы ақ­па­рат бо­ла ма?
_____ иә      _____ жоқ
18
Ори­ги­на­тор­дың, сон­дай-ақ ори­ги-
на­тор­мен ай­рық­ша қа­ты­на­стар­мен
бай­ла­ны­сты тұ­лға­лар құ­жат­та­рын­да
ар­найы қар­жы ком­па­ни­я­сы­на қан­дай
да бір ны­сан­да жа­на­ма қол­дау
көр­се­ту­ге тый­ым са­лу көз­дел­ген
бе?
_____ иә      _____ жоқ
19
Тар­ты­л­ған рей­тинг­тік агент­тіктер
ту­ра­лы ақ­па­рат
20
Бір се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле­сі­нің
ая­сын­да транш­қа бе­рі­л­ген
(сақ­та­лын­ған неме­се ием­ден­ген)
кре­дит­тік рей­тинг­тер ту­ра­лы
ақ­па­рат
21
Се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле­сі­мен
бай­ла­ны­сты банк­те туын­дай­тын
по­зи­ци­я­лар ту­ра­лы ақ­па­рат
22
Құ­жат­тар­да өтім­ді­лік құ­рал­да­рын
пай­да­ла­ну көз­де­ле ме?
_____ иә      _____ жоқ
егер ке­ліс­кен жағ­дай­да,
он­да қан­дай екен­ді­гі
көр­се­тіл­сін және олар­ды
пай­да­ла­ну шар­тта­ры
Банк Сауалнамаға қоса берілген құжаттар мен ақпараттың шынайлығына, сондай-ақ уәкілетті органға Сауалнама қаралуына байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уақтылы берілуіне жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілетін құжаттардың ат-атымен тізбесі және әрқайсысының парақтары көрсетілсін)
Басқарма Төрағасы ________________
(қолы)
Директорлар кеңесінің Төрағасы ________________
(қолы)
мөр";

2 Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің есебі туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің
2008 жылғы 28 сәуірдегі N 58
қаулысына 2-қосымша
"Екiншi деңгейдегi банктер үшiн
пруденциалдық нормативтер есеп
айырысуларының нормативтiк мәнi
мен әдiстемесi туралы нұсқаулыққа
13-қосымша
Меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің есебі туралы мәліметтер
(мың теңге)
N
р/р
Ком­по­нент­тің ата­уы
Се­кью­ри­ти­лен-
ді­ру мәмі­ле­сін
жү­зе­ге асы­ру
ал­дын­да­ғы соң­ғы
есеп­ті күн­де­гі
мән
Се­кью­ри­ти­лен-
ді­ру мәмі­ле-
сін жү­зе­ге
асыр­ған­нан
кей­ін­гі мән
1
1-ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал
2
2-ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал
3
Мен­шік­ті ка­пи­тал есе­біне ен­гі­зі­ле­тін 3-ші дең­гей­де­гі
ка­пи­тал
4
Ин­ве­сти­ци­я­лар
5
Мен­шік­ті ка­пи­тал (ин­ве­сти-
ци­я­лар­ды ес­кер­ме­ген­де)
6
Банк­пен ұста­лы­на­тын және Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің "В+"-дан және одан тө­мен
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ+"-дан
және одан тө­мен рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг-
тік агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гі
рей­тин­гі бар не рей­тинг­тік
ба­ға­сы жоқ се­кью­ри­ти­лен­ді­ру
мәмі­ле­сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар
со­ма­сы
Х
7
Ак­тив­тер
8
Бі­рін­ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал-
дың жал­пы со­ма­сын­да­ғы
бі­рін­ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал
үле­сі ше­гін­де алын­ған және
банк ак­тив­те­рі­нің (К1)
мөл­ше­ріне, екін­ші дең­гей­де-
гі ка­пи­тал бө­лі­гін­де­гі
мен­шік­ті ка­пи­тал есе­біне
ен­гі­зі­ле­тін банк ин­ве­сти­ция-
ла­рын ше­гер­ген­де­гі бі­рін­ші
дең­гей­де­гі ка­пи­тал­дың
қа­ты­на­сы
9
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып мөл­шер­лен­ген ак­тив­тер
9.1
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ААА"-дан "АА-" дей­ін
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzAАА"-дан
"kzАА-"дей­ін­гі рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкіл бой­ын­ша осы­ған
ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле-
сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
9.2
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің
"А+"-дан "А-" дей­ін
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzA+"-дан
"kzА-" дей­ін­гі рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкіл бой­ын­ша осы­ған
ұқсас дең­гей­ін­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле-
сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
9.3
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-" дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте-
рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
9.4
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген
банк­пен ұста­лы­на­тын және
Standard & Poor's агент­ті-
гі­нің "ВВ+"-дан "ВВ-"дей­ін
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzВВ+"-дан
"kzВВ-" дей­ін рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкіл бой­ын­ша осы­ған
ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле-
сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
10
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген шар­тты
және ық­ти­мал мін­дет­те­ме­лер,
оның ішін­де:
10.1
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген
банк­пен ұста­лы­на­тын және
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің "ААА"-дан "АА-" дей­ін
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzAАА"-дан
"kzАА-" дей­ін­гі рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкіл бой­ын­ша осы­ған
ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле-
сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
10.2
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "А+"-дан
"А-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzA+"-дан "kzА-" дей­ін­гі
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
10.3
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-" дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
10.4
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ВВ+"-
дан "ВВ-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzВВ+"-дан "kzВВ-" дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
11
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген туын­ды
қар­жы құ­рал­да­ры, оның
ішін­де:
11.1
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ААА"-дан "АА-" дей­ін
ха­лы­қа­ра­лық рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тiк­те­рінiң бiрiнiң
осы­ған ұқсас дең­гей­ін­де­гi
рей­тин­гi неме­се Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің ұлт­тық
шәкі­лі бой­ын­ша "kzAАА+"-дан
"kzАА-" дей­ін­гі рей­тинг­тік
ба­ға­сы неме­се бас­қа рей­тинг
агент­тікте­рі­нің бі­рі­нің
ұлт­тық шәкіл бой­ын­ша осы­ған
ұқсас дең­гей­де­гі рей­тин­гі
бар се­кью­ри­ти­лен­ді­ру мәмі­ле-
сі бой­ын­ша по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
11.2
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "А+"-дан
"А-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzА+"-дан "kzА-" дей­ін­гі
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
11.3
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ВВВ+"-
дан "ВВВ-"дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzВВВ+"-дан "kzВВВ-"дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг­т­тік агент­тік-
те­рі­нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
11.4
Кре­дит­тік тәу­е­кел­ді ес­ке­ре
оты­рып, мөл­шер­лен­ген банк­пен
ұста­лы­на­тын және Standard &
Poor's агент­ті­гі­нің "ВВ+"-
дан "ВВ-" дей­ін ха­лы­қа­ра­лық
рей­тинг­тік ба­ға­сы  неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тiк­те­рі-
нiң бiрiнiң осы­ған ұқсас
дең­гей­ін­де­гi рей­тин­гi неме­се
Standard & Poor's агент­ті­гі-
нің ұлт­тық шәкі­лі бой­ын­ша
"kzВВ+"-дан "kzВВ-" дей­ін
рей­тинг­тік ба­ға­сы неме­се
бас­қа рей­тинг агент­тікте­рі-
нің бі­рі­нің ұлт­тық шәкіл
бой­ын­ша осы­ған ұқсас дең­гей-
де­гі рей­тин­гі бар се­кью­ри­ти-
лен­ді­ру мәмі­ле­сі бой­ын­ша
по­зи­ци­я­лар со­ма­сы
Х
12
Екін­ші дең­гей­де­гі ка­пи­тал
есе­біне ен­гі­зіл­ме­ген жал­пы
ре­зерв­тер­дің (про­ви­зи­я­лар-
дың) со­ма­сы­на ке­мі­ті­л­ген,
кре­дит­тік тәу­е­кел­дің дең­гейі
бой­ын­ша мөл­шер­лен­ген ак­тив-
тер­дің, шар­тты және мүм­кін
мін­дет­те­ме­лер­дің жиын­тығы
13
Ерекше про­цент­тік тәу­е­кел
со­ма­сы
14
Жал­пы про­цент­тік тәу­е­кел
со­ма­сы
15
Сый­а­қы став­ка­сы­ның өзге­руі-
мен бай­ла­ны­сты ры­н­ок­тық
тәу­е­кел жиын­тығы
16
На­рық­тық құн­ның өзге­ру­і­мен
бай­ла­ны­сты ерекше тәу­е­кел
со­ма­сы
17
На­рық­тық құн­ның өзге­ру­і­мен бай­ла­ны­сты жал­пы тәу­е­кел со­ма­сы
18
На­рық­тық құн­ның өзге­ру­і­мен бай­ла­ны­сты ры­н­ок­тық тәу­е­кел жиын­тығы
19
Ай­ыр­ба­стау ба­ға­мы­ның өзге-
ру­іне бай­ла­ны­сты ры­н­ок­тық
тәу­е­кел со­ма­сы
20
Ры­н­ок­тық тәу­е­кел­ді ес­ке­ре оты­рып, есеп­тел­ген ак­тив­тер және шар­тты және мүм­кін та­лап­тар мен мін­дет­те­ме­лер жиын­тығы
21
Опе­ра­ци­я­лық тәу­е­кел со­ма­сы
22
Ры­н­ок­тық тәу­е­кел­ді, опе­ра-
ци­я­лық тәу­е­кел­ді (К2) ес­ке­ре
оты­рып, есеп­тел­ген екін­ші
дең­гей­де­гі ка­пи­тал­дың,
ак­тив­тер­дің және шар­тты және
мүм­кін та­лап­тар мен мін­дет-
те­ме­лер есе­біне ен­гі­зіл­ме-
ген, жал­пы ре­зерв­тер­дің
(про­ви­зи­я­лар­дың) со­ма­сы­на
ке­мі­ті­л­ген, кре­дит­тік тәуе-
кел­дің дең­гейі бой­ын­ша
мөл­шер­лен­ген ак­тив­тер­дің,
шар­тты және мүм­кін мін­дет­те-
ме­лер­дің со­ма­сы­на мен­шік­ті
ка­пи­тал­дың қа­ты­на­сы
Басшы:       ___________________       ________________
(тегі және аты)             (қолы)
Бас бухгалтер: _________________       ________________
(тегі және аты)            (қолы)
Орындаушы: ________________________  _________ ______________
(лауазымы, тегі және аты)    (қолы) (телефон нөмірі)
Қол қойған күні    200_жылғы  "___" _______.
мөрі ".

Қолданыстағы