Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"

Қаулы · № 409 · қабылданған 26.11.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2005-no-358-ekb-26217/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня" Күшін жойған Қаулы ·№ 409 ·26.11.2005
30.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"

Күшін жойған Қаулы ·№ 409 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 сентября 2005 года № 358 "Об утверждении Инструкции о нормативных значениях и методике расчетов пруденциальных нормативов для банков второго уровня"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
409
Қабылданған күні
26.11.2005
Көрсетілген редакция
30.05.2016 AI26217_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003989_
ЭКБ идентификаторы
26217
Редакция идентификаторы
AI26217_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:12

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3924 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықта:
16-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаты үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша жасалған арнайы резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.";
1-қосымшада:
Салымдар тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген банк активтерінің кестесінде:
"Баптар атауы" бағанында:
реттік нөмірі 58 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктеріне және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 62 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерінде және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерінде" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 63 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерін және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерін" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 68 жол "Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейлі рейтингі бар банктің еншілес резидент емес банктерімен және сәйкес рейтингтік бағасы жоқ банктің еншілес резидент емес банктерімен" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 80 жол, "резидент емес ұйымдарға" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктеріне берілген заемдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 83 жол, "резидент емес ұйымдардағы" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктеріндегі салымдардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 84 жол, "резидент емес ұйымдардың" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктерінің дебиторлық берешегінен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмірі 88 жол, "резидент емес ұйымдар" деген сөздерден кейін "(банктің еншілес резидент емес банктері шығарғандардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):

1 1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

Қолданыстағы