Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 30 декабря 2005 года № 384-ОД «Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги магистральной железнодорожной сети»

Бұйрық · № 472 · қабылданған 30.06.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2005-no-384/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 30 декабря 2005 года № 384-ОД «Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги магистральной железнодорожной сети» Күшін жойған Бұйрық ·№ 472 ·30.06.2015
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 30 декабря 2005 года № 384-ОД «Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги магистральной железнодорожной сети»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 472 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 30 декабря 2005 года № 384-ОД «Об утверждении Правил ведения раздельного учета доходов, затрат и задействованных активов субъектами естественных монополий, оказывающими услуги магистральной железнодорожной сети»
Атауы (қаз.)
«Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
472
Қабылданған күні
30.06.2015
Көрсетілген редакция
22.05.2020 93646_485549.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012050
ЭКБ идентификаторы
93646
Редакция идентификаторы
93646_485549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:18

0

«Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі Заңының 14-бабының
1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Магистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 нөмірмен тіркелді,
2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (1150) «Заң газеті» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде (бұдан әрі – Ереже):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесі
(бұдан әрі – Ереже) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы
25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген, 2013 жылы 24 мамырда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8480 тіркелген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне (бұдан әрі – Субъект) таратылады.»;
4- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар:
абсорбирленген өндiрiстiк шығындар – қызметтiң бiр түрiнiң қызмет көрсетулерiн ұсынуға қажеттi бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының жалпы өндiрiстiк шығындарының жиынтығы;
қызмет түрі – пайда алу мақсатында кешенді қызмет көрсетуге, жұмыстар орындауға және тауарлар өндiруге байланысты операциялық қызмет;
қосылған шығыстар – аймақтық, желiлiк және корпоративтiк деңгейлердегi жауапкершiлiк орталықтарының және орталықтандырылған жабдықтаудың бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының жалпы және әкiмшiлiк шығыстарын, сондай-ақ орталықтандырылған жабдықтаудың бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының өндiрiстiк шығындарын қамтитын шығыстар;
жанама операциялар – қызмет түрлерiнiң көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) өзiндiк құнына енгiзiлетiн бiрнеше негiзгi операцияларды жүзеге асыру yшiн орындалатын операциялар;
операциялық қызмет – табыс алу бойынша Субъектiнiң негiзгі қызметi және инвестициялық пен қаржылықтан айырмашылығы бар қызмет;
бөлектеп есепке алу – қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерiнiң өзiндiк құнын, қызметтерге арналған тарифтiк смета мен тарифтер есептеудi талдау мақсатында Субъектiнiң қызметi, қызмет көрсетулерi, операциялары бойынша бөлектеп шығындар, табыстар, қолданысқа енгiзiлген активтер және өндiрiстiк көрсеткiштер туралы ақпаратты жинау және қорытындылау жүйесi;
қызметтiң реттелiп көрсетiлетiн түрi – Заңда айқындалған табиғи монополиялардың саласы;
жауапкершiлiк орталығы – Субъектінің дербес құрылымдық бөлiмшесi. Жауапкершiлiк орталықтары Субъектiнiң салалық және географиялық сегменттерi мен ұйымдастыру деңгейлерi бойынша топтастырылады;
бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – тұтынушыларға өнiмдi өндiрумен, жұмысты орындаумен және қызметтер көрсетумен тiкелей айналысатын жауапкершiлiк орталығы;
аймақтық деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – бiрiншi деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарының тобын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;
желiлiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – аймақтық және бiрiншi деңгейлердегi жауапкершiлiк орталықтарын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;
корпоративтiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталығы – желiлiк деңгейдегi жауапкершiлiк орталықтарын басқаратын жауапкершiлiк орталығы;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.».
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Осы Ережеде белгiленген нысандар бойынша есептiлiктi Субъектi бiр күнтiзбелiк жылға тең кезеңге жасайды және осы Ереженің 46-тармағының 7) – 15) тармақшаларында және 47-тармақта көзделген, уәкілетті органның сұрауымен ұсынылатын есептілік нысандарды қоспағанда жылсайын есеп жылынан кейін 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.»;
51және 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Қағаз жеткiзгiшi түрiндегi есептiлiкке басшы немесе бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріне жетекшілік ететін басшының орынбасары, бас бухгалтер қол қояды және ол мөрмен расталады.
52. Субъектi қағаз жеткiзгiшi түрiндегi есептiлiктi тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне басшы немесе бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелеріне жетекшілік ететін басшының орынбасары, бас бухгалтердiң қолдары болуға тиiс және Субъектiнiң мөрiмен расталады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет–ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика жетекші вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрі
______________Ә. Исекешев
2015 жылғы 11 тамыз

Қолданыстағы