Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 128-п «Об утверждении Формы паспорта опасных отходов»

Бұйрық · № 569 · қабылданған 27.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2007-n-128/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 128-п «Об утверждении Формы паспорта опасных отходов» Күшін жойған Бұйрық ·№ 569 ·27.12.2016
20.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 128-п «Об утверждении Формы паспорта опасных отходов»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 569 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 128-п «Об утверждении Формы паспорта опасных отходов»
Атауы (қаз.)
«Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
569
Қабылданған күні
27.12.2016
Көрсетілген редакция
20.08.2021 109495_538670.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014746
ЭКБ идентификаторы
109495
Редакция идентификаторы
109495_538670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:34

0 «Қауіпті қалдықтар паспортынын нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы №124 (1153) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті қалдықтар паспортының нысаның осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі ресмі жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны*

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 569 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
30 сәуірдегі № 128-ө
бұйрығымен бекітілді
Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны*
Қалдықтардың атауы (коды) _____________________________________________________________
( Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН, тұрғылықты жері,
өндірістік үй-жайы болған кезде- оның орналасқан жері, қалдық шығарушы кәсіпорынның атауы
мен деректемелері, БСН);
________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Телефон ___________ факс _______________ e-mail _____________________
Есеп шоты № _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қалдықтардың шығу тегі:
Қалдықтар пайда
болған бастапқы
материалдардың
тізбесі мен атауы
технологиялық процестің
немесе процестің атауы**
Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі
Өндірілген қалдықтардың саны (кг/тонн)
Берілген қалдықтардың саны (қалдықтарды берген кезде қалдықтар паспортында толтырылады)
Жөнелту деректемелері
1
2
3
4
5
6
Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы:
Қалдық-
тар
компоненттерінің атауы
Сi,
мг/кг
шоғырлануы
Олардың негізінде қалдықтар
индексі анықталған параметрлер
Қалдықтар
индексі
Атауы және
өлшем бірлігі
Мәні
Қалдықтардың қауіптілік деңгейі
Сипаттама
алынған
құжаттың
белгілемесі
1
2
3
4
5
6
7
Қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері_____________________________
Қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары_____________
Қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге
қойылатын талаптар__________________________________________________
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың
салдарының алдын алу және оларды жою
жөніндегі шаралар____________________________________________________
Қосымша ақпарат қамтылуға тиіс_______________________________________
Мен, осы қалдықтар құрамында жоғарыда аталған компоненттер ғана көрсетілген шоғырлануда бар екендігін тексергенімді (талдаулар, тестілер, бастапқы шикізат және осы қалдықтар шығу тегінің технологиясы және тағы басқа туралы білімдер арқылы), осының нәтижесінде мен қалдықтарды ______________ индекс қалдықтары ретінде жіктегенімді мәлімдеймін.
Ақпарат дұрыс, дәл және толық.
Кәсіпорынның басшысы________________________ Тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) (немесе жеке тұлға) қолы
20 __ жылғы «______»___________
М.О. (ол болған жағдайда)
Ескерту
* Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес-қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.
** Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 11-тармағына сәйкес-қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.

Қолданыстағы