Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 1157

Қаулы · № 556 · қабылданған 20.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2007-no-1157-ekb-45348/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 1157 Күшін жойған Қаулы ·№ 556 ·20.04.2009
08.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 1157

Күшін жойған Қаулы ·№ 556 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года № 1157
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1157 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
556
Қабылданған күні
20.04.2009
Көрсетілген редакция
08.09.2015 AI45348_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000556_
ЭКБ идентификаторы
45348
Редакция идентификаторы
AI45348_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:22

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1157 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1157 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 45, 532-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"төтенше реттеуші шаралар - азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қабылдайтын шаралар;";
4-тармақ 2) тармақшадағы "бойынша" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) төтенше реттеуші шара ретінде";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Төтенше реттеуші шара ретінде, оның ішінде стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған кезде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта қараған жағдайда субъект өтініммен бірге өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаны және тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;
2) осы Ереженің 5-тарауының талаптарына сәйкес осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда тарифтік сметада, оларды коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарға пайдалануды қоспағанда, стратегиялық тауарларды пайдалануды қамтитын шығындардың баптары ғана түзетіледі;
3) азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар.
Стратегиялық тауарлардың құны ұлғайған жағдайда төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекіту қажеттілігін растайтын құжаттар ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) бекітуге арналған өтінімге шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептемелері қоса беріледі.";
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың талабы төтенше реттеуші шара ретінде тарифті (бағаны, алым ставкасын) және тарифтік сметаны бекітуге арналған өтінімді қарау жағдайына қолданылмайды.";
16-тармақ "субъектіге" деген сөзден кейін ", ал төтенше реттеуші шара ретінде оларды қолданысқа енгізгенге дейін бес күннен кешіктірмей субъектілерге" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
"18-1. Төтенше реттеуші шара ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілейтін күннен бастап жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
"19-1. Уәкілетті орган төтенше реттеуші шаралар ретінде тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) бекіту туралы шешім қабылдайды, бұл ретте осы Ереженің 5-тармағының, 8-тармағы 2), 3) тармақшаларының және 9, 11, 18-тармақтарының талаптары қолданылмайды.";
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі
N 556 қаулысына
қосымша
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін оңайлатылған
мемлекеттік реттеу ережесіне
1-қосымша
_____________________________________________________________________
(субъектінің атауы)
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтік смета
Р/с
N
Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы*
Өл­шем бір­лі­гі
Қол­да­ны­с­та­ғы та­риф­те бір жы­л­ға ар­нал­ған есеп­те­ме­мен қа­был­дан­ға­ны, бар­лы­ғы
Та­би­ғи мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі­нің жо­ба­сы
1
2
3
4
5
1
Та­у­ар­лар өн­ді­ру­ге және қыз­мет­тер көр­се­ту­ге жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар, бар­лы­ғы
мың тең­ге
1
Ма­те­ри­ал­дық шы­ғын­дар, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
1.1
ши­кі­зат және ма­те­ри­ал­дар
-//-
1.2
энер­гия
-//-
1.3
ЖЖМ
-//-
1.4
отын
-//-
1.5
са­тып алы­на­тын энер­гия
-//-
1.6
са­тып алы­на­тын су
-//-
2
су ша­ру­а­шы­лы­ғы және кә­різ жүй­е­ле­рі электр энер­ги­я­сы­ның тех­но­ло­ги­я­лық шы­ғы­сы (нор­ма­тив­тік ысы­рап­тар)
-//-
3
Ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғын­да­ры, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
3.1
жа­ла­қы
-//-
3.2
әле­умет­тік са­лық
-//-
4
Амор­ти­за­ция
-//-
5
Жөн­деу, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
5.1
негіз­гі құ­рал­дар­дың құ­нын ұл­ғай­ту­ға алып кел­мей­тін күр­де­лі жөн­деу
-//-
6
Өзге шы­ғын­дар, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
6.1
бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі
-//-
6.2
жүк­тер­ді бөгде ұй­ым­дар­дың та­сы­мал­да­уы
-//-
6.3
кү­зет қыз­мет­те­рі
-//-
6.4
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
-//-
6.5
кадр­лар да­яр­лау
-//-
6.6
ең­бек­ті қор­ғау және тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі
-//-
6.7
та­би­ғи ре­сур­стар­ды (су­ды және бас­қа­ла­рын) пай­да­лан­ға­ны үшін тө­ле­ма­қы
-//-
6.8
іс­ке қо­су-рет­теу жұ­мыста­ры
-//-
6.9
өн­ді­рі­стік үй-жай­лар­ды дез­ин­фек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау, қо­қыс шы­ға­ру және бас­қа да ком­му­нал­дық қыз­мет­тер
-//-
6.10
мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру түр­ле­рі
-//-
6.11
ли­цен­зи­я­лар­ды са­тып алу
-//-
6.12
қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау
-//-
6.13
бас­қа да шы­ғын­дар (то­лық жа­зу қа­жет)
-//-
II
Ке­зең шы­ғы­ста­ры, бар­лы­ғы
-//-
7.
Жал­пы және әкім­ші­лік шы­ғы­стар, бар­лы­ғы
-//-
7.1
Ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғын­да­ры, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
7.1.1
әкім­ші­лік пер­со­нал­дың жа­ла­қы­сы
-//-
7.1.2
әле­умет­тік са­лық
-//-
7.2
банк қыз­мет­те­рі
-//-
7.3
амор­ти­за­ция
-//-
7.4
тех­ни­ка­лық бас­қа­ру құ­рал­да­рын, есеп­теу тех­ни­ка­сын және т.б. ұста­у­ға және олар­ға қыз­мет көр­се­ту­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар
-//-
7.5
ком­му­нал­дық қыз­мет­тер
-//-
7.6
бөгде ұй­ым­дар­дың қыз­мет­те­рі
-//-
7.7
іс­са­пар шы­ғы­ста­ры
-//-
7.8
өкіл­дік шы­ғы­стар, мер­зім­ді бас­па­сөз­ге, бай­ла­ны­сқа жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар
-//-
7.9
ең­бек­ті қор­ғау және тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі
-//-
7.10
жал­пы ша­ру­а­шы­лық мақ­сат­та­ғы негіз­гі құ­рал­дар­ды жал­дау
-//-
7.11
са­лық­тар
-//-
7.12
бас­қа да шы­ғы­стар (то­лық жа­зу қа­жет)
-//-
8
Өт­кі­зу қыз­ме­тін ұста­у­ға жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар, бар­лы­ғы
-//-
оның ішін­де:
8.1
жа­ла­қы
-//-
8.2
әле­умет­тік са­лық
-//-
8.3
тү­бір­тек­тер­ді ре­сім­де­у­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар
-//-
8.4
қыз­мет­тер­ді өт­кізу­ге бай­ла­ны­сты амор­ти­за­ция (оның ішін­де су өл­ше­гіш­тер­дің)
-//-
8.5
ағым­да­ғы жөн­деу
-//-
8.6
негіз­гі құ­рал­дар­дың құ­нын ұл­ғай­ту­ға алып кел­мей­тін күр­де­лі жөн­деу
-//-
8.7
мар­ке­тинг­тік қыз­мет­тер
-//-
8.8
бас­қа да шы­ғы­стар (то­лық жа­зу қа­жет)
-//-
9
Сый­а­қы­лар тө­ле­у­ге жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар
-//-
III
Шы­ғын­дар­дың бар­лы­ғы
-//-
IV
Пай­да
-//-
V
Кі­рі­стер­дің бар­лы­ғы
-//-
VI
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің кө­ле­мі
мың м3, мың Гкал, кВтсағ
VII
Но­мр­ма­тив­тік ысы­рап­тар
мың м3/мың тең­ге мың Гкал/мың тең­ге кВтсағ/мың тең­ге
VIII
Та­риф (ҚҚС-сыз)
мың м3, мың Гкал, кВтсағ
Басшы ______________________________________________________
(лауазымы, қолы, тегі және аты-жөні)
М.О
*- шығындар қыжет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

Қолданыстағы