О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 "Об установлении рейтинговых агентств и минимального рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 "Об установлении рейтинговых агентств и минимального рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19
- Қабылданған күні
- 26.02.2008
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI38707_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005174_
- ЭКБ идентификаторы
- 38707
- Редакция идентификаторы
- AI38707_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:56
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған барынша төмен рейтингті белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4717 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы";
кіріспеде "8-бабының" деген сөзбен саннан кейін "және 30-бабының 12-тармағына" деген сөздермен және сандармен толықтырылсын;
1-тармақта "ВВа3" төмен емес" деген сөздер "Ваа3" төмен емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жіктелуі бойынша) "ВВВ-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жіктелуі бойынша) "Ваа3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындықтары белгiленсiн.
3-2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi осы қаулының 3-1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 3-1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.".
2
2. Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктер брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мемлекеттiк бағалы қағаздарымен мәмiлелер жасауға құқылы елдердiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 46 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4159 тiркелген) күшi жойылды ден танылсын.