О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 "Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельнос
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2007 года № 128 "Об установлении рейтинговых агентств и минимального требуемого рейтинга для облигаций, с которыми банки могут осуществлять сделки, а также минимального требуемого рейтинга стран, с государственными ценными бумагами которых банки могут совершать сделки при осуществлении брокерской и (или) дилерской деятельнос
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгеріс пен то
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 27.12.2010
- Көрсетілген редакция
- 28.04.2012 AI57294_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1000006769
- ЭКБ идентификаторы
- 57294
- Редакция идентификаторы
- AI57294_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 06:24
0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етілетін рейтингін белгілеу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Агенттік Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
2-2-тармақта «2011» деген цифрлар «2012» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына сәйкес қайта құрылымдауды жүзеге асыратын (жүзеге асырған), қайта құрылымдау аясында сатып алынған және осы қаулының 1 және 2-тармақтарының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер аталған облигацияларды қайта құрылымдау аяқталған жылдан кейінгі бес жылға дейінгі мерзімде сатсын.».
2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
3 3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1 1) Заң департаментімен (Н.В.Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелерінің, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктерінің назарына жеткізсін.