Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352

Қаулы · № 628 · қабылданған 25.07.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2007-no-352/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352 Қолданыста Қаулы ·№ 628 ·25.07.2007
29.01.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352

Қолданыста Қаулы ·№ 628 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года № 352
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
628
Қабылданған күні
25.07.2007
Көрсетілген редакция
29.01.2013 AI34223_6.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000628_
ЭКБ идентификаторы
34223
Редакция идентификаторы
AI34223_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:12

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.01.2013 N 58 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) 3-тармақтағы»"15," деген сандар алынып тасталсын;

2 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда 15-тармақ алынып тасталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын және лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы N 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24,

301-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат).

4 4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»25»шілдедегі
N 628 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

0 Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»25 шілдедегі
N 628 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді:

1 1) "Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып, темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспортының;

2 2) техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың;

3 3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жабдықтардың және өлшем құралдарының;

4 4) темекі өнімдерін өндіруді технологиялық бақылау жөніндегі зертхананың;

5 5) темекі өнімдерін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайлардың;

6 6) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімдер тізбесінің;

7 7) темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті меншік құқығында немесе өзге де құқықтарда өтініш берушіге тиесілі өндіруге және сақтауға арналған ғимараттар мен үй-жайлардың;

8 8) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін арнайы киімдердің және басқа да қорғаныш құралдардың.

Қолданыстағы