Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558

Қаулы · № 1166 · қабылданған 05.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2007-no-558/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558 Күшін жойған Қаулы ·№ 1166 ·05.11.2010
12.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558

Күшін жойған Қаулы ·№ 1166 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2007 года № 558
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1166
Қабылданған күні
05.11.2010
Көрсетілген редакция
12.07.2013 AI55278_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1000001166
ЭКБ идентификаторы
55278
Редакция идентификаторы
AI55278_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:59

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспеде:
«9-1-бабына» деген сөздер «9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің электронды нысанын көздейтін мемлекеттік қызмет стандарттары ақпараттандыру саласындағы орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандартында:
1-тармақтағы «, жұмыс кестесін» деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«қорытынды және тағы басқа» деген сөздерден кейін «не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауап» деген сөздермен толықтырылсын;
«нысаны» деген сөз «түрі» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «ақы төлеу нысанын» деген сөздер «ақы төлеу тәсілін (қолма қол немесе қолма-қол емес)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «күндер, сағаттар, үзілістер» деген сөздер «жұмыс күндері, сағаттар, үзілістер, демалыс күндері» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы екенін көрсету.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы