Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года № 61 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций"

Қаулы · № 189 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2007-no-61/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года № 61 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций" Күшін жойған Қаулы ·№ 189 ·28.11.2008
26.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года № 61 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций"

Күшін жойған Қаулы ·№ 189 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения и изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 марта 2007 года № 61 "Об утверждении Правил добровольной ликвидации страховых (перестраховочных) организаций"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
26.03.2012 AI43148_2.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005413_
ЭКБ идентификаторы
43148
Редакция идентификаторы
AI43148_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:30

0 Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 61 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4772 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті тарату ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелер жоқ болған жағдайда, сәйкесінше растайтын құжаттар;";
19-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

1 1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне жіберсін.

4 4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А. Ә . Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Қолданыстағы