О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2007 года № 71 "Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2007 года № 71 "Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов"
- Атауы (қаз.)
- "Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 824
- Қабылданған күні
- 21.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2016 AI74017_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000824
- ЭКБ идентификаторы
- 74017
- Редакция идентификаторы
- AI74017_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:27
0 "Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 31-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 21 тамыздағы
№ 824 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 қаңтардағы
№ 71 қаулысымен
бекітілген
Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе концессионерге берілген Қазақстан Республикасының ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
2
2) ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
3 3) ақылы жүруді ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
4 4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.
2 2. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары
3 3. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды Ақылы жүруді ұйымдастырушының уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
4 4. Ақылы жүрудің ұйымдастырушы ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
2 2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
3 3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
6 6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
7
7) жол органдарымен келісім бойынша, жол полициясы бөлімшелерімен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, шұғыл жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабілетінің жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде бұл жөнінде жергілікті атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиісті жол белгілерін қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлік құралдары қозғалысын шектейді немесе тоқтатады;