Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 30 мая 2008 года № 195 "Об утверждении перечня объектов, подлежащих приватизации"

Қаулы · № 340 · қабылданған 18.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-195-ekb-49086/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 30 мая 2008 года № 195 "Об утверждении перечня объектов, подлежащих приватизации" Күшін жойған Қаулы ·№ 340 ·18.11.2009
01.08.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 30 мая 2008 года № 195 "Об утверждении перечня объектов, подлежащих приватизации"

Күшін жойған Қаулы ·№ 340 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата области от 30 мая 2008 года № 195 "Об утверждении перечня объектов, подлежащих приватизации"
Атауы (қаз.)
"Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
340
Қабылданған күні
18.11.2009
Көрсетілген редакция
01.08.2011 49086_136385.kaz
Соңғы өзгеріс
01.08.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09C0003301
ЭКБ идентификаторы
49086
Редакция идентификаторы
49086_136385
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:01

0 "Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабының 2 тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3256 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 83-83 (18.737-19.084) санында жарияланған), «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 3287 тіркелген және «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2009 жылғы 8 мамырдағы № 56-57 (18.871-18.872), № 57-58 (19.119-19.120) санында жарияланған) облыс әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 102 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 тармағында және одан әрі мәтін бойынша «Ақтөбе облыстық қаржы департаменті» деген сөздер «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
қаулының 3 тармағында «М. Серікбаев» деген сөз «А. Дубовенко» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» каулының косымшасында:
Ақтөбе қаласы бойынша 26-16 - 26-22;
Мәртөк ауданы бойынша 63-1;
Шалқар ауданы бойынша 84-1 жолдарымен толықтырылсын;
Байғанин ауданы Ебейті селосындағы монша ғимараты деген 43- жол;
Байғанин ауданы Қарауылкелді селосындағы бұрынғы туберкулез диспансерінің ғимараты деген 44- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы цемент қоймасы ғимараты деген 57- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы құрылыс материалдары қоймасы деген 58- жол;
Мәртөк ауданы Вознесеновка селосындағы үй құрылысына арналған жер учаскесі деген 62- жол;
Пилорам ғимараты Вознесеновка селосындағы Мәртөк ауданы деген 63- жол;
Ойыл ауданы Ойыл селосындағы ауруханасының ғимараты деген 66- жол алынып тасталсын.

2 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің тізіліміне тиісті өзгерістер енгізсін.

3 3. «Жекешелендіруге ұсынылып отырған объектілердің тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 195 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 294 қаулысының күші жойылсын.

4 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

5 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2009 жылғы 18 қарашадағы № 340
қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы
26-16
1996 жылы шығарылған, м/н D 965 BW, «ВАЗ-21213» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-17
1991 жылы шығарылған, м/н D 914 BW «ВАЗ-21063» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-18
1995 жылы шығарылған, м/н D 945 BW «УАЗ-31514» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-19
1989 жылы шығарылған м/н D 960 BW «ГАЗ-66» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-20
1999 жылы шығарылған, м/н D 902 BW «ГАЗ-3110» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-21
1988 жылы шығарылған, м/н D 979 BW «ЗИЛ 131 н» автокөлігі.
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК
«Облыс әкімдігінің шаруашылық басқармасы» МКҚК директорының 24.03.2009 ж. № 132 хаты
жағдайы қанағаттанарлық
26-22
Қосалқы шаруашылық
Ақтөбе қ.
Түгендеу жүргізу барысында
жағдайы қанағаттанарлықсыз
Мәртөк ауданы
63-1
Шошқа кешені
Байнасай с/о
Түгендеу жүргізу барысында
жағдайы қанағаттанарлықсыз
Шалқар ауданы
84-1
2 қойма ғимараты
Шетырғыз с/о
Шалқар ауданы әкімінің 02.04.2009 ж. № 373 хаты
жағдайы қанағаттанарлықсыз

Қолданыстағы