Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 27 «Об утверждении перечней клинических специальностей подготовки в интернатуре и резидентуре»

Бұйрық · № ҚР ДСМ-89 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/30-2008-no-27-ekb-132620/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 27 «Об утверждении перечней клинических специальностей подготовки в интернатуре и резидентуре» Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-89 ·31.05.2019
31.05.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 27 «Об утверждении перечней клинических специальностей подготовки в интернатуре и резидентуре»

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-89 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 27 «Об утверждении перечней клинических специальностей подготовки в интернатуре и резидентуре»
Атауы (қаз.)
«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-89
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
31.05.2019 132620_411853.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018780
ЭКБ идентификаторы
132620
Редакция идентификаторы
132620_411853
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:41

0 «Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

«Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, 2008 жылғы наурыздағы № 3 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернатурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:
1,3 және 6 - тармақтар алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Психиатрия, оның ішінде балалар психиатриясы»;
16.1 - тармақ алып тасталсын;
25, 37 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы
37. Акушерия және гинекология, оның ішінде балалар гинекологиясы
48. Жалпы хирургия»;
Мынадай мазмұндағы 49, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58 және 59-тармақтармен толықтырылсын:
«49. Нефрология, оның ішінде балалар нефрологиясы
50. Отбасылық медицина
51. Терапия
52. Дене медицинасы және оңалту
53. Жедел кезек күттірмейтін медициналық көмек
54. Клиникалық фармакология
55. Терапиялық стоматология
56. Хирургиялық стоматология
57. Ортопедиялық стоматология
58. Балалар стоматологиясы
59. Ортодонтия»;
Ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«*Ескертпе: Облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық практикамен айналысуға үміткер адамдар үшін».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі О.А. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы